Жұма, 29 Наурыз 2024
2955 0 пікір 19 Ақпан, 2018 сағат 08:29

Түркіменстанда ұн сатып алғысы келетіндерден анықтама талап етіп жатыр

Дашогуздағы дереккөздің хабарлауынша, ұн сатып алғысы келетін жергілікті тұрғындардан газ және электрге қарызы жоқ деген анықтама талап етіп жатыр екен.

Мұнан бөлек дүкенге келген сатып алушылардан коммуналдық төлемдер үшін өлшеу аспабы орнатылғаны жөнінде құжаттар сұрайды екен. Кері жағдайда, ұн берілмейді.

Соңғы екі айда Түркіменстанның бірқатар аймақтарында ұн тапшылығы байқалады. Жергілікті байқаушылардың сөздерінше, аймақтарда тұрғындар азық-түлікті артығымен сатып алып жатыр.

Бірер күн бұрын Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Гороглы, Дашогуз, Конеургенч басшыларын және ұн өндіретін зауыт басшыларын Ашхабадқа шақыртқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622