Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2616 0 пікір 19 Ақпан, 2018 сағат 08:31

Тәжікстанда президент жолдауын тыңдамағаны үшін жұмыстан қуылған мұғалімді қайтарды

Тәжікстандағы хореографиялық училищенің директоры мәдениет қызметкерлері жөніндегі кәсіподақ федерациясының шешімінен кейін, би дәрісінің мұғалімі Саида Рустамованы жұмысқа қайта алу жөнінде бұйрық шығарды.

Оны мәжіліс залында президент Эмомали Рахмонның жыл сайынғы жолдауының көрсетілімінде болмағаны үшін жұмыстан шығарған.

Федерация қызметкері Мухаммад Курбонов Азаттықтың тәжік қызметіне Малика Собироваға қатысты заңсыз бұйрықтың күші жойылды, 15 қаңтардан бері жұмыссыз қалғаны үшін оған ақшалай өтемақы төленеді деді.

Училище директоры Кенджа Иброхимов те жұмыстан шығарылған мұғалімге қатысты ортақ шешімге келдік деді. Бірақ оның айтуынша, би дәрісінің мұғалімін жұмысынан олқылықтары үшін шеттеткен.

Саида Рустамованың өзі бұйрықта "ұлт лидерінің жолдауын мәжіліс залында отырып тыңдамағаны үшін жұмыстан шығарылсын" деп жазылған дейді.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 2017 жылдың 22 желтоқсанында парламентте жыл сайынғы жолдауын жариялаған. Елдегі барлық теле-радио каналдар оны тікелей эфирден көрсетті. Жолдауды барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, мұғалімдерге студенттер мен жоғары сынып оқушыларына көруді міндеттеген.

Abai.kz

0 пікір