Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3612 1 пікір 19 Ақпан, 2018 сағат 08:33

Мирзияев Ұлттық қауіпсіздік қызметін 37-жылғы репрессияға теңеді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 16 ақпанда Бұхара облысы Пешкун ауданының белсенділерімен кездесіп, Ұлттық қауіпсіздік қызметін (ҰҚҚ) тағы да қатаң сынға алды. Президенттің сөздерінше, Бұхара облысының ҰҚҚ басқармасы кәсіпкерлерге қырғидай тиіп, жазықсыз түрмеге отырғызған.

«...Бізде ұлттық қауіпсіздік деген құдай берген бір ұйым бар. Бір мемлекеттік ұйымда қаншама өкілеттік берілген. Сол үшін Бұхара облысында наразылық көбейді. Маған жеткен хат иелері наразы. Мұнда кәсіпкерлерді жойған ұйым әлі жұмыс істеп жатыр», – деді президент.

Шавкат Мирзияевтің сөздерінше, өзінде Бұхара облыстық ҰҚҚ басқармасы жасаған қаншама қылмыстық дәлелдер бар.

"Менде тіпті зорлық-зомбылық бейнесі бар суреттер бар. Мен оны жасаған тергеушілердің аты-жөндерін білемін. Құдай денсаулық берсе, зұлымдық жасағандардың бәрін теледидардан көретін уақыт келеді. Мен осылардың бәрін олардың өздеріне сынаймын. Неге? Себебі әділеттілік болу керек. Егер қажет болса, олар жиырма жылға дейін түрмеде отырады», – деді президент.

Мирзияевтің айтуынша, заңсыз әрекеттерден шаршаған кәсіпкерлер Бұхарадан қашып кетуге мәжбүр болған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2252
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3505