Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3696 0 пікір 21 Ақпан, 2018 сағат 15:54

Амандық Баталов: «Биыл ет экспортының жоспарын орындау – басты міндет»

Алматы облысында мал шаруашылығы тұрақты дамып, 2017 жылы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы 147%, «Алтын асық» - 159, «Құлан» - 127% орындалды. Осының барлығы мал басының орта есеппен 3,5 % өсуіне мүмкіндік беріп, ауыл азаматтарының жыл бойы жұмыспен қамтылуына ықпал етті. Бұл туралы облыс әкімі А. Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынындағы баяндамасында айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысының айтуынша, бүгінде өңірде 51 мың бас ірі қараға арналған 78 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Ендігі басты міндет – ет экспортының жоспарын орындау. «Биылғы жылы ирандық «Империя Фуд» компаниясының ет өңдейтін кешенін іске қосу арқылы бұл міндетті орындайтын боламыз. Кешен жобалық қуатына сай жылына 8 мың тонна дайын өнім шығара алады. Биылғы жылдың өзінде шет елдерге 700 тоннаға дейін ет экспорттауды жоспарлап отырмыз», - деді А. Баталов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606