Жұма, 29 Наурыз 2024
Мың бір мысал 5614 105 пікір 26 Ақпан, 2018 сағат 10:41

Қателесуге хақымыз жоқ

Abai.kz сайтындағы блогтарға қарағанда латын әліпбиінің соңғы үлгісі көпшіліктің көңілінен шыққан сияқты. Бірақ әлі де көңілге қонымсыз тұстарары бар. Шыныда да Sh (Шш) диграфын қолдансақ «Асхатты» «ашат», «асхананы» «ашана» деп оқуымыз керек пе? Кейбір пікір білдіргендердің 25 нөмірдегі ұ және 29 нөмірдегі у әріптерінің орынын ауыстыру керек дегені орынды. Барлық еуропалық және түрік тілінде Uu кириллицадағы у сияқты дыбысталады. Бұл жерге кері тартып «қазақи ереже» ашсақ ертең шет тілін оқып жүрген мектеп оқушыларының басын қатырамыз.

Жоғарыда мен «Жас Алаш» газетінің 13 ақпанда жарияланған «Ойдан ереже шығармайық» деген мақаламдағы нұсқамды келтіріп отырмын. Бұл түркі және еуропалық тілдердегі латын жазуларын талдау негізінде жасалды. Біздің әліпби түркі халықтарына да, Еуропаға да, мектеп оқушыларына да ұғынықты, қолайлы болуы керек. Латынның Hh әрпін қазақтың Һһ, Хх әріптеріне сәйкес қолдануға болады. Өйткені «қаһарман», «һәм» сияқты араб, парсы тілдерінен кірген сөздерде қолданылыатын һ қазақтың төл дыбысы емес.

Алда әлі де күрделі мәселелер туындайды. Мысалы латын жазуына негізделген түрік және батыс баспасөзі ағылшынша топонимдер мен адам есімдерін өзгертпей беріп жүр. Мысалы, Washington – Вашингтон (негізі, бұл орысша айтылуы, қазақша айтылуы ағылшын тіліндегіге ұқсас «Уошиңтон» болуы керек шығар»), Beijing – Бейжиң («Пекин» емес), Henry – Хенри («Генри» емес). Ал біз жаңа әліпбиде Трамптың есімін қалай жазуымыз керек – Trump па, әлде Tramp деп жазамызба?

2017 жылдың 22 қыркүйегіндегі Парламет отырысында көрнеті мемлекеттік қайраткер Қасымжомарт Тоқаев  қазақ тілін латын жазуына көшіруді жан-жақты ойланып, асығыссыз, «үлкен секіріссіз» жүзеге асыру керек деген еді. «Ең бастысы, біздің қателесуге хақымыз жоқ» деді ол сол жолы. Көреген саясаткердің осы сөздерін есте ұстасақ екен.

Марат Ермұқанов, Қызылжар қаласы

Abai.kz

105 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3611