Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3426 0 пікір 9 Наурыз, 2018 сағат 12:03

Алматы облысында жаңа инвестициялық жобалар ашылады

Ағымдағы жылы Ескелді ауданы инвесторлардың көмегімен көптеген жобаларды іске асырмақшы. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ескелді ауданының әкімі Тәнекенов Бағлан баяндады.

Биылғы жылдың наурыз айынан бастап «АСПМК-519» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Чажа өзенінде қауттылығы 29 МВттық, құны 7 миллиард теңге құрайтын 15 жаңа жұмыс орнымен ГЭС-2 құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, әктасті өндіріп және өңдейтін «Коман» және гигиеналық қағаз өнімдерді өндіретін «Прима-Т» ЖШС-тері өндірістерін кеңейтіп, модернизациялауды жоспарлап отыр.

«Бүгінгі күні «Сүт Мастер-М» ЖШС-гі аудан аумағында құны 1 миллиард теңгені құрайтын, 28 жаңа жұмыс орындарымен 256 сүт-тауарлы ферма салуды жоспарлап отыр. Аталған жоба инвестициялық деп танылып, жер учаскесіне және құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат құжатын алу сатысында тұр. Кірме жолы салынып, бетон жұмыстары жүргізілуде», – деді Бағлан Тәнекенов.

Сондай-ақ, Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Ешкіөлмес ауылында «Салем Құс» ЖШС-гі 10 мың басқа бөдене жұмыртқасын және ет өндіру үшін құс фермасын ашты. Аталған ферма күніне 5 мың дана жұмыртқа, айына 360 кг ет өндіріп, 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде. Ағымдағы жылы аталған фермаға 100 миллион теңге инвестиция тартылып, 100 мың басқа дейін кеңейтілуі жоспарлануда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін рұқсат алу жұмыстары жүргізілуде.

Осымен бірге, Төленгіт ауылдық округіне қарасты Жендік ауылында «Балық Қаратал» ЖШС-гі қуаттылығы жылына 50 тонна балық шаруашылығын ашып, форель өсіріп жатыр. Ол 3 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Биыл шаруашылықтың қуаттылығын жылына 150 тоннаға дейін жеткізіп, балық өңдейтін цех салуды жоспарлауда.

«Аталған жобалардың іске асуы өнеркәсіп өнімдерінің және инвестиция көлемінің артуына үлес қосатын болады», – деп қорытындылады Бағлан Сағындықұлы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2242
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3490