Жұма, 29 Наурыз 2024
3190 0 пікір 13 Наурыз, 2018 сағат 08:40

Түркімен түрмелерінде хабарсыз кеткен тағы бір тұтқынның қаза болғаны мәлім болды

Түркімен түрмелерінде хабар-ошарсыз кеткен тағы бір тұтқын әйгілі Овадан-депе колониясында қаза болғаны мәлім болды. Бұл туралы "Хроники Туркменистана" басылымы өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметіне қарағанда, Түркіменстан ҰҚК тергеу бөлімінің бұрынғы басшысы Бегмурад Отузов ақпан айының басында қайтыс болған. Марқұмның денесі туыстарына тапсырылды. "Хроники Туркменистана" дереккөзінің мәліметіне қарағанда, марқұмның денесі бар болғаны 45 келі болған.

Отузов 2002 жылы 25 жылға бас бостандығынан айрылған.

"Оларды тірідей көрсет!" халықаралық адам құқықтарын қорғау науқанының мәліметіне қарағанда, Отузов істі болардан бұрын Лебап уәлаяты басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2002 жылы сәуірде оны "Түркіменстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінде істеген жылдары жіберген көптеген олқылықтары үшін" соттады, мемлекеттік сыйлықтары мен әскери шендерінен айырды.

Түркіменстан билігі 15 жылдан астам уақыттан бері 2002 жылы қараша оқиғасынан кейін ұсталған ондаған азаматтың тағдыры туралы ешқандай хабар таратпай отыр. Халықаралық ұйымдар оларды зорлық-зомбылық көріп, із-түссіз жоғалғандар санатына жатқызған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594