Жұма, 25 Мамыр 2018
46 - сөз 726 2 пікір 13 Наурыз, 2018 сағат 08:51

Толық тәуелсіздікке қалай жетуге болады?

"Бұған дейін де болған. Болып тұр. Бұдан кейін де бола береді.
Немесе, әлемнің барлық елдерінде өршіп тұр ғой"... стереотипі жайлы.
Егер, тап бүгін көршімізден толықтай тәуелділігімізді алып, өз қолымыз өз аузымызға толық жетіп қана қойғанда, қоғамның қайбір салаларын емін- еркін басқарып кете алар едік?

100 жыл біздерді әлемдік теке-тіресте қалқалап, қорғап тұратындай немесе алдыға оздыратындай белгілі бір сала бар ма екен осы? Мысалы, ет өндірісі. Неге болмасқа? Бидай өнімдерін өңдеу салалары ше? Немесе, құс өнімдері өнеркәсібі. Осы бір үштікті алсақ та жарайды емес пе?. Нақты өндірістік сала. Ғылыми көздерді жұмылдыруды аса қажет етпейді. Кемшін тұстары: Адам күштеріне аса зәру емес. Яғни, жаңадан жұмыс қолдарына сұраныс тудырып отыра алмайды.

Біздерге, барлық аймақтарды қамтып қана қоймай, неғұрлым адамдардың көп мөлшерін жұмылдырып ала қоятындай өндірістер қажет-ақ. Нақты бір сала. Қаншалықты икемді әрі заман талаптарына да тиімді. Қазіргі құрылыс саласы іспетті. Бүгінгідей белгілі бір өлкелердегі үлкен-үлкен өндіріс ошақтары сияқты емес. Мысалы, Қызылордадағы әйнек шығаратын зауыт немесе атынан үркіп кететін Ақтөбелік Рельсо-балочный зауыты сынды. Онда бар-аяғы 200-300 ғана адам істеуі мүмкін. Және оның негізгі шикізаты Ресейге тәуелді тағы да. Бұл өндірістік ошақтардың өнімдері - жалпы халықтық тұтынымға ие емес. Бұл өндірістік ошақтар - есепке ғана. Игеріп жатырмыз дегенге саяды. Яғни, орталық аппараттардың ойлап тауып жатқандары. Жергілікті халықтардың ерікті жұмылдырылуы аз.
Жемқорлықты жеңудің бірден-бір жолы - жеке кәсіпкерлікті барынша дамыту. Яғни, Үкімет өзі ойлап, көмектеседі деген стереотиптердің шынжырынан, құлдығынан босану керек.

Жемқорлық - жегі құрт дейтін болсақ, ол өзіне туып, жетіліп отыратын орта іздейді. Жаппай өндіріс ошақтарына қашан жол береміз, сонда ғана ол өзінің "қан сорғыш" қасиеттерінен бірте-бірте айрыла бастайды. Халықтың дені өз кәсіптеріне ғана ауатын болады..

Біз толықтай тәуелсіздігімізге сонда ғана қол жеткізе аламыз. Мұнсыз, небір программалар да баянсыз және арзан. Бір қадам артқа, екі адым алға саясатын, яғни халыққа бір көңіл бөліп, алдымызды барлап, өз шамамызды толықтай игеріп қана Ел боламыз деген сөз!

Әбдірайым Мәлікұлы

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір