Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Анық-қанығы 4166 0 пікір 28 Наурыз, 2018 сағат 15:50

Ким Чен Ын мен Си Цзиньпин Пекинде құпия кездесті

 

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Пекинге құпия түрде барып, Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті деп хабарлады қытайлық және солтүстік кореялық БАҚ.

Ким Чен Ын Пекинге 26 наурыз күні Си Цзиньпиннің шақыруымен барған. Ким Чен Ынның сапары туралы ол Пхеньянға қайтып кеткен соң - 28 наурызда хабарланды. Қытайлық Xinhua агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын Қытай басшысына АҚШ-пен диалог орнатуға, президент Дональд Трамппен кездесуге және Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуға дайын екенін хабарлаған. Қытай басшысы Солтүстік Кореяның Корей түбегіндегі жағдайды "оңалту ұмтылысын" қолдаған.

Америкалық БАҚ Ким Чен Ын Қытайға АҚШ - Солтүстік Корея саммиті өтерден бірнеше апта бұрын Пекиннің қолдауына ие болу мақсатында барған болуы мүмкін деп долбарлайды. Соңғы жылдары Пекин мен Пхеньянның қарым-қатынасы нашарлап кеткен еді.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, Қытай басшылығы 27 наурызда Вашингтонды Солтүстік Корея басшысының сапары туралы хабардар еткен.

БАҚ 26 наурызда Ким Чен Ынның брондалған пойызы Пекинге барғаны туралы хабарлаған. Бірақ ол пойызбен Ким Чен Ынның, немесе Солтүстік Корея билігіндегі басқа адамның келгені белгісіз болған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499