Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Деп жатыр 5658 7 пікір 30 Наурыз, 2018 сағат 08:59

«Қазақстан Мұсылмандар Одағының төрағасы» деген атақты Телібековке кім берген?!.

Қазақтың басшысын сайлау аламанында жұмыссыз жүрген бір ағамыз президенттікке үміткер болып тіркелмекші болғаны есімде...

Сол кезде 14 адам "ел басқармақшы" болып бел буыпты.

Әрине, мұның өзі әркімнің жеке құқы әрі шешімі. Әркім “көтере аламын-ау” деген қылышын беліне байлайды.

Кейбіреулер: “Өзі жұмыссыз адам, яғни, ешкім жұмысқа алмаған адам қалай ел басқарады?” деп күпірлік айтып жатты. Оу, ағайын, қазір кімнің шекесі қызып, қызметі жүріп тұр?..

Бүгін барсың жұмыста, ал, ертең – боссың... Облыс басқарған әкім мен дүрдей бір саланың құлағын ұстаған министріңнің өзі қызметінен кеткенде, не істерін білмей, далақтап қалып жатады... Сондықтан, бір заманда Жаяу Мұса бабамыз: “Жүрмейді кімдер жаяу – зорлық қылса” деген...
Сол себепті, уақытша жұмысы жоқ бауырымыздың да Президенттік лауазымға таласуға толық құқы бар.

МЕНІҢШЕ, «Тек қана қазақша сөйлегеніңіз үшін өздеріңізді нағыз қазақ ретінде санауға кім құқық берді?» – деп көкіген Баян Есентаеваның "танымалдығынан” гөрі, жұмыссыз адамның рухы таза!..

МЕНІҢШЕ, зинақорлықты мемлекеттік дәрежеде насихаттауға тырысқан «Қазақстан-2050» дейтін қоғамдық қозғалысқа “мүше” болғаннан, жұмыссыздықтың дәрежесі абыройлы!..

МЕНІҢШЕ, 23 ақпанда отан қорғау­шылар күнімен құттықтай беретін дүмбілезден – “Қазақ топырағында Отан қорғаушылар күні 7 мамыр” дейтін жұмыссыз бауырымыздың мерейі үстем!..

МЕНІҢШЕ, “Қазақ ұлты әрқашан біреудің қолжаулығы, біреудің жаты­рына салатын тампон, әлдебір ұлы державаның артқы қуысына тығатын геморройдың свечасы болып қалады... Қазақ тілінде тіпті жаргонның жұрнағы да жоқ. Бұл тілдің дамымай, бір орнында мешеу болып қалғандығын дәлелдейді. Ешқандай қуаты жоқ дәрменсіз, бейшара тіл. Бұл қар­та­йып, қалжыраған дімкәс тіл... Біз Монғолиядан, Қытай, Иран мен Ауғанстаннан қазақтарды жинап жатырмыз. Ертең елге қауіп төнсе, мына сырттан келген қазақ­тар қайтадан қашып кетеді. Елді қорғай­тын осындағы ұйғырлар, кәріс­тер мен орыстар…” – деп, сандал­ған салпаңбай-салпаңқұлақ Мұрат Айт­жанұлы Телібековтен – жұмыс­сыз бауырымыздың шұлығы артық!..

Әріптесім Мұрат Түсіпов: “Мына Мұрат Телібеков деген шын мұсылман ба өзі? Бұны кім мұсылман ұйымына төраға етіп қойған. Бұндай адамды төраға қылмас бұрын денсаулығын неге тексер­меді екен?!.” – деп күйініпті.
Расын­да, тіркеуі жоқ, тіреуі белгісіз; аты дыр­дай, қылығы қылдай «Қазақстан Мұсылмандар Одағының төрағасы» деген атақты бұл бейбаққа кім берген?!.

...Сайып келгенде, ұлтын сүйіп, отанын бағалайтын нағыз жігіт – отбасының тірегі, отанының жүрегі бола біледі. Біреуге жарамсақтанып, нан табу – ата-бабасы топқа кірмеген тексіздің тірлігі. Санасы уланып, жүрегі солған бейшара бір күндіктен арғыны көре алмайды. Дей тұрғанмен, дәрменсіз делқұлдың көкірегінің көкжиек аңсап, аспанға шапшитынын қайтерсің!

Елді басқару – еріккеннің де, желіккеннің де қолынан келмейді. Алдымен, сана тазарып, парасат салмақтануы керек, меніңше...

 

Abai.kz

 

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511