Жұма, 29 Наурыз 2024
2893 1 пікір 16 Сәуір, 2018 сағат 08:56

Әлеуметтік желілерде қырғыз президентінің жолаушылар ұшағымен ұшқаны талқыланып жатыр

Әлеуметтік желілерде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің 14 сәуірде Ошқа жолаушылар ұшағымен ұшып барғаны кеңінен талқыланып жатыр.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Толғанай Стамалиева Сооронбай Жээнбековтің Ошқа "жеке отбасылық жағдаймен" ұшқанын растады. «Ол ағасының қаза болғанына бір жыл толуына орай өткізілген асқа барды», - деп түсіндірді баспасөз хатшысы.

"Қырғызстан президенті неге өзіне арналған жеке ұшақпен ұшпай, жолаушылар ұшағымен ұшты?" деген сұраққа Толғанай Стамалиева "оның сапары жеке отбасылық жағдайға байланысты болды" деп жауап берді.

Әлеуметтік желі қолданушылар президенттің бұл қадамын құптап жатыр. Олар басқа шенеуніктерді президенттен үлгі алуға шақырды.

Ал кейбір қолданушылар болса, Сооронбай Жээнбеков премьер-министр болып тұрған кезде де жолаушылар ұшағымен бірнеше рет ұшқанын айтады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541