Жұма, 29 Наурыз 2024
Жағымды жаңалық 3554 0 пікір 16 Сәуір, 2018 сағат 11:34

Жазушылар одағы мен Кәсіподақ федерациясы келісім жасасты

13 сәуір күні Қазақстан Жазушылар одағы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы арасында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды «Ult.kz» порталы.

Құжатқа Кәсіподақ федерациясы атынан Төраға Бақытжан Әбдірайым және Қазақстан Жазушылар одағы атынан Төраға Ұлықбек Есдәулет қол қойды.

Кәсіподақтардың еліміздегі еңбеккерлердің құқығын, тәуелсіздігі мен заңды мүдделерін қорғау, құқықтық мәдениет құру бағдары Елбасының «Қазақстан – 2050», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламаларында қойған міндеттерімен үндес болып келеді.

Меморандум аясында Қазақстан Жазушылар одағында салалық кәсіподақ құру қарастырылған.

Меморандум шығармашылық адамдарының әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін дамытуды, өзара байланыс пен құрылымды әріптестікті қамтамасыз етуді көздейді.

Екі жақты келісілген бағдарламалардан, жобалардан тыс Кәсіподақтар федерациясы тарапынан зейнеткер жасына жеткен Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері үшін кәсіподақ шипажайларына жеңілдік әдісімен жолдама бөлу мәселесі қаралды.

Бұдан кейін зейнеткер жасына жеткен Одақ мүшелері шипажайларда жеңілдікпен ем қабылдап, көкейде жүрген шығармаларын жаза алуға мүмкіндік алады.

Қазақстан Жазушылар одағының негізгі міндеті қашаннан ел әдебиетін жасайтын қаламгерлерге жағдай жасау, үнемі қамқор бола білу. Осындай абыройлы міндеттің бір парасы меморандумның аясында жасалмақ.

Бұрын ақын-жазушыларға жасалған жағдай туралы, әртүрлі шипажайларда, шығармашылық үйлерінде жазылған туындылар жайлы көп еститінбіз. Енді міне, Тәуелсіз Қазақстан әдебиетінің майталмандары – осы заманғы қаламгерлердің еркін шығармашылықпен айналысуына жағдай жасалып жатыр.

Қазақстан Жазушылар одағы алдағы күндері де қаламгерлердің еркін шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау жолында қыруар жұмыс атқаратын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610