Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2721 0 пікір 17 Сәуір, 2018 сағат 09:08

Роскомнадзор Amazon сервисінің миллиондаған IP-адресін бұғаттады

Роскомнадзор америкалық Amazon компаниясының екі миллиондай IP-адресін бұғаттады. Бұл жөнінде коррупцияға қарсы күрес қорының белсендісі Владислав Здольников мәлімдеді.

Ол Amazon-ның IP-адресін бұғаттау Telegram-ды бұғаттау жөніндегі сот шешіміне қатысы жоқ екенін айтады. Бұл шешім Бас прокуратураның бұйрығында көрсетілген екен. Осының алдында Роскомнадзор тыйым салынған сайттардың қатарына Amazon, Google және Telegram-ның бірнеше доменін енгізген.

Дүйсенбі күні Ресейде сот шешімімен Telegram-ды бұғаттай бастады. Роскомнадзор сонымен бірге тыйым салынған сайттарға кіру құралдарына да тыйым салатынын мәлімдеді.

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров "ресейліктердің құпия хат алмасу құқығын қайтаруға күресетінін" мәлімдеді. Оның айтуынша, Telegram-ға тыйым салса, Ресейде ұлттық қауіпсіздік деңгейі түсіп кетеді.

Америкалық Amazon компаниясы интернет арқылы тауар сатуда әлемдегі ең ірі сервис. Бұл компанияның АҚШ-тан басқа Бразилия, Канада, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Франция, Италия, Испания, Үндістан мен Қытайда филиалдары бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3502