Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
3603 0 пікір 18 Сәуір, 2018 сағат 09:10

Жогорку Кеңештегі оппозиция үкімет есебін қабылдамады

Қырғыз парламентіндегі үш оппозициялық фракция – «Республика – Ата Жұрт», «Ата Мекен» және «Онугуу-Прогресс» үкіметтің 2017 жылғы есебін тыңдады. Оны талқылау 10 сағатқа созылған.

Соңында оппозициялық фракцияның депутаттары үкімет есебіне "қанағаттанбадық" деп дауыс берген.

Депутаттардың көңілі толмағаны - 2017 жылғы бюджеттің 3 млрд сомнан астам қаржысының игерілмей қалуы, жылу электр станкциясының қысқа нашар дайындығы, Тогуз-Тороуз ауданындағы алтын кен орнында жаппай тәртіпсіздікке жол беруі.

Өткен аптада басқарушы Қырғызстанның социал демократиялық партиясы мен "Қырғызстан" фракциясы үкімет есебін тыңдап, "жақсы" деп баға берген. 18 сәуірде премьер-министр Сапар Исаков бастаған үкімет мүшелері Жогорку Кеңештің жалпы отырысына қатысып, есеп береді.

Abai.kz

0 пікір