Жұма, 29 Наурыз 2024
Әдебиет 7243 0 пікір 11 Мамыр, 2018 сағат 14:31

Ерхан Болатұлы. Өмір сынды шахматтың тақтасы...

Қауызыңды, жарасың, қашан – бағым?!

Сатып,
Алар ма? – едік, таңдамай гүл,
Жан иесі, таңдауы, әр қалай бұл...
Өзге гүлді, суырып, өзегінен,
«Өз қауызын» кей жандар, аңдамай жүр...

Қыламыз да,
Үнемі, үрін – себеп,
Кейінгі орын, етеміз, күтім тежеп.
Әр істің де, өзіндік, уақыты бар,
Сол себепті, бәрін де, «күту қажет»...

Ұсынғым-ақ,
Келеді, ұшырмай - бақ,
Мекен ету, бақыттың, тұсын бойлап.
«Мәңгі, қаулап тұрсаң» - деп, тынымсызбын,
Таң атырам, әр - апта, үшін де ойлап...

Қауызыңды,
Жарасың, қашан – бағым?!
Сол сәт – мендік, таяды, ажардан-мұң.
Маған – өзге, гүлдердің, қажеті жоқ,
Тек, осылай, ұнайды - гөзал қалпың...

Суалмашы,
«Зәм-зәмді», шөлпілдетем,
Шуақ – шашқан, нұрыма, көркім де - сен.
Мәңгі- құлпыр, жарығым, бақшамдағы,
Толған – үміт, сенімді, өлтірмесең...

Таң қарайды 

Тіршілігі тынды да таң қарайды,
Мен құшақтап отырмын заңғар айды.
Түнде менде тынымсыз тіршілік бар,
Бірақ оны көбісі аңдамайды.

Ақ ұсынып бар нәсіп жегізген ел,
Пәк арманын үмітпен егіз көрер.
Ешкім жоққа шығармас -ол бір наным,
Түн жарымда жүреді періштелер.

Арнайын деп еліме ең ізгі өлең,
Түлен түркен түлендей тәрізденем.
Қылтимада қылтиып мен отырмын,
Ақ періштем келер деп мен іздеген.

Жұлдызымды сөндірме ашық айым,
Деп жанарға жасырдым тамшыдай мұң.
Сұрау салсаң Тәңірім таймас бастан,
Бақытымнан мең -дейін бақ сұраймын.

Бақ қонады басыма қаншалаған,
Ұға алам ба деймін де арша болам.
Мен бәрінде кешірдім ал ұйықтайын,
Кешіріңдер мені де барша адам.

 

Өмір сынды шахматтың тақтасы

Күндес туған,
Қарасы мен ақ – қасы,
Шекер әрі шырт түкіртер шақшасы.
Алға жүрсең орала да алмайтын,
Өмір сынды шахматтың тақтасы.
Бар пендеге ашық тұрған қақпасы...

Оған ақыл,
Қажет енше айлалық,
Шалыс қылса, екі жейсін, пайда-ұқ.
Сабырлықпен күту керек ақырын,
Өз алдыңа келер күнді айналып.
Шекті заңның кіндігіне байланып...

Тездетейік,
Уақыт жатыр саналып,
Екі мәре, қыл-көпірлік, аралық.
«Биге» - жетсе, өз қолыңда билігің,
Осы жолда жанкештіміз жаңалық.
Жан берген біз,
Сенерсіз бе, жан алып?!

Дамылдауға,
Мұрсат жоқ деп үзік біз,
Талай мәрте ойын шартын бұзыппыз.
Қос пырағым жығылғасын әуелі,
Маған сірә көрінеді қызықсыз .
Төрешіміз төрелігі түсініксіз...

Әділ қазы сарапшысы ақырет,
Жаббар ием жаратқаным рақым ет.
Қалт жібермес қамқы тірлік алданыш,
Тағдыр ашық сабағыңа рақымет...

 

Қол бұлғап, өздеріне, шақырады..

Көк майса,
Желек еткен-атырабы,
Қара ши, өзен бойлап, жатыр - әні.
Түсіме, ене қалса, анам-әкем,
Қол бұлғап, өздеріне, шақырады...

Жүректе,
Соңғы, демше-амалдайын,
Сағымға, бөлесе де, санамды-ай мұң.
Мен-тірі, сендер-өлі, екі-әлембіз,
Жоқ, кешір, әзірге ерте, баралмаймын...

Көргенде,
Қушақ жайған, елестерін,
Жүгіре, құшақтамай мен не істедім?!
Ұлымның, «Кетпе» - деген, үнін-естіп,
Бекіндім, «Басамын»- деп, жер-өкшесін...

Жанында,
Аға, әже – қарындасым,
Бергі бет, сұлық тұрмын, жарым-басым.
Жанардан, жас тамады, өксіп-себеп,
Он үш жыл, көрмегелі, сағынғасын...

Ақ киіп
Атам, тұңғыш-ұлым да жүр,
Естірме, екенмін бір, үніңді-асыл.
Жаратқан, ғұмыр, нәсіп-еткенінде,
Жүрер ме, құлдыраңдап, бүгін қазір...

Қол созып,
Өкініш – у, аһ ұрады,
Не болар, пәк-үмітім, бақылауы?!
Әзірге, баралмаймын, «кешір-қалқам»,
«Мен»-деген, жер бетінің, ақымағы...

 

Бүгін-жұма

Үндемейміз,
Өкпеліміз, Күн менен Түнге кей *біз*.
Хақ парызы, бес уақыт намазың жоқ,
Дұрысы,Тым - кедейміз...

Ар *айықшы*,
Тағармыз өткен шаққа бар *айыпты*.
Бүгін - жұма, *Рахымның*, нұры - жауған,
Досым жүр, *барайықшы*...

Тағат бар ма?
Өмір өлшеп беретін сағаттарда,
Намаз оқып күнəдəн арылайық,
Бөленіп, сауаптарға...

Жазымыштар,
Жан баласы жақсыға жаны құштар.
Фаниде, кездесеміз - қоштасамыз,
Қалары, сағыныштар...

Рақымды Алла,
"Амандық бер", жұртыма,
ЖАҚЫНДАРҒА.
Жүрегіне иман бер - Жаратушым,
Өрлетіп, ақылды - алға...

 

Сүйемін...

Анашым!!!
Сіз – Мені,
«Cағынған» - шығарсыз?!
Мен – Сізді, көруге асықпын,
Жанымды, жаулады, мұң – арсыз,
Шын айтсам, бір қызға - ғашықпын...

Оның да,
Жанары - сіздейін,
Əрдайым, күлімдеп тұрады.
Мен – Сіздей, оны да – іздеймін,
Жетпей тұр, жаныма – шуағы...

Анашым, есімі, ерекше,
Мінезі, қаталдау, өжетті.
Алама, жиі – ол, мені еске,
Дей, алман, «өкпеміз», аз өтті...

Ақ жүзі,
Ай тұнған, анамдай,
Жүрісі, сөйлеу – сөз, әдебі.
Беремін өзіңдей алаңдай,
Себебі,
«Сүйемін», мен – оны...

Үнемі, елеңдеп, жүрегі,
Зіл мұңын,
жасырып – жанарға.
Іш – жылап, тұрса да, күледі,
Осы – жай,
Тән – ана, сағанда...

Жексенбі...
Жанымда, жалқы - мұң
Тағдырлық,
күй жеңген, жабырқау...
Іздеумен, өтуде, әр күнім,
Қазір жоқ,
мүмкін бе, сағынбау?!

 

ҰМЫТПАЙМЫН 

Түбі сезіп,
Бұл күйді,
Білемін – бір,
«Бір етсінші»,
Тәңірден, тілеуім – бұл...
Сезесің бе? - жарқыным,
Жүрегіңнің жанында жүрегім жүр...

Кете алмайды,
Неліктен?
Шарасыздық,
Қимастық па,
Жанар да,
қарады үздік?!
Үкіміне тағдырдың,
Қарсы келмей, қинала, араны үздік...

«Ұмытамын» - деп, жасап, батыл – қадам,
Бағынбайды, түсінші, ақыл – маған. . .
Сәл - аралық қоспайды,
Жеткізбейді, қалғанмен, жақын – қадам...

Іздеме де, өтінем, хабарлас па?!
Бар бақытты, кем еткен, маған, баста...
Телефонға телмірген,
Шырылынан, өзгенің, алаң – босқа. . .

Естисің бе?
Үнімді. «Кетпе» - деймін,
Жек көрмеймін, таста-сен, өртке мейлің.
Егер кетсең жанымнан,
Өкінемін, өмірлік, өкпелеймін . . .

Махаббатым,
Өжетті, үмітті айбын,
Жылауын да, білмейтін, күліп, қай – күн?!
Сенесің бе? – алтыным,
Мен сені, ешқашанда, ұмытпаймын...

 

Анашым...

Анашым...
Екен ғой тағдырым тарасым.
Уақыт өмірдің өлшемі,
Меңзейтін өлімнің арасын.

Дара шың...
Есімде үнің де қарасың.
Еске алып жанардан жас тамды,
Таңа алмай жүректің жарасын.

Үніңде...
Жеткенім кешеден бүгінге.
Мадақтап келіп тұр міскіндер,
Қадірің білінбей тіріңде...

Бейнеңіз...
Кезіккен жандаймыз бейне біз.
Өңімде жүргендей сезінем,
Түсіме енгенде кейде сіз...

Өтер із...
Жолығар сәттерге жетеміз.
Пенделер қонақтық мекенді,
Сіздердей біз тастап кетеміз.

Атылды оқ...
Шимайлап қоямын ақын боп.
Қасымда сіз жоқсыз ендеше,
Сағынбай жүруге хақым жоқ.

 

Қу дүние...

Жанарыма жасырып мұнар айды,
Өз тағдырым өзіме ұнамайды.
Жетім мына жүректің жарасы ауыр,
Жәутеңдейтін жанар ма сығалайды?!

Адалдығым намысым қалайды ағын,
Білем мендік шұғылаң арай барын.
Елесіңді кемсеңдеп балалығым,
Еске алып өксікпен қарайладым.

Жеткізбейтін қуғаннан жалған арман,
Арбалғаннан шаршадым алданғаннан.
Күтетіндей қуаныш зарлы жүрек,
Таңдап алған шуақты таңнан алдан.

Уақыт жебір, қарасаң қасқыр айды,
Жыл жылжиды берік дер тас шыдайды.
Санадағы жауапсыз сұрақтарға,
Жауап іздеп жанардан жас құлайды.

Алаңдамас мен үшін алаңдарым,
Менің сенген іздейтін адамдарым.
Жалған маған жалт еткен бағын берген,
Қу дүние қас қылған маған бәрін...

 

АЙНА АЛДЫНДА

Айна алдында,
Отырмын – Бетпердесіз,
«Өзгергенсің» - дейсің бе? Өткенде – Сіз...
Бүгін – Қалай?- « Сүйемін» - деп айтасыз ,
Кеше ғана, ол жанды, жеккөргенсіз...

Өткен саған...
Таңсық па? - Кектенгенім,
Сызаты ма?
Жүректе - өткендердің
Айна – Cенен, «Ештеңе жасырмаймын»,
Айнасысың ескірмес бетперденің...

Күлейін бе?
Емес қой – шынайылық,
Кейпім жатқан секілді мұң айығып.
Жұбатамын дегінің жылатады,
Кім қосылып,
Барады, кім айырылып?!

Жанарымда,
Жұмбақ сыр. Аян - Саған,
Жауабына қанықса аяр ғалам.
Айна айтшы, баянсыз тірлігімде,
Тәмәм болар, қай тұста, баяндамам?!

Сынақ өмір, айтармыз кесімдей біз,
«Айна» - дейміз. Не қылдың, кесірдей - Сіз.
Сынсаң,
Сіздей, қоқысқа – лақтырады,
Мың - кесір ой?
Кесімсіз есіркейміз...

Айна – қара,
«Ақ шаш тұр» - байқадың ба?!
Жабы мұңнан?
Қалмапты, Жай -Тануға…
Әжім – әрін,
Маңдайға – жасырыпты,
Бәз күн қайда?
Болмай ма, қайтаруға?!

Жұпар қылса әлемге әтіріміз,
Жат болар ма, еді, бұл – жақынымыз?!
Алла алдында,
«Құныңыз». Қанша – Сіздің,
Ақыр күннің, қонағы, ақыры – біз...

Үлде – Дүние,
Бүлделі, үр – денені,
Пенделерді қалайша күрмегені
Неге? – деген, сұрақты, жиі – қоям,
Жауыбы - жоқ, күбірлер бірдеңені...

«Айна» - айтшы,
Жатым кім, жақыным кім?!
Аңғармаймын аздығы ақылымның.
Жар құлатар,
Қанайды, құзғын - уақыт
Жау астында, жастанып, жатыр – үлгім…

Қайтем енді,
Тағдырым, теріс – көрсе,
Керіскенше,
Сабырлық. «Көніс» – көнсе,
Сәл отырсам, омалып, қала берем,
Айна - болды,
Мен кеттім- көріскенше...

 

ШАРШАДЫМ 

Сараласа,
Пенде, нақты – аңдаса,
«Бәрі жақсы»,
Тек – «жаралы- қалмаса»
Өлім құны,
Cонша, ауыр - болмаса,
Өмір мәні, тым – арзандар
ДАЛБАСА...

Ауған шақта,
Жанарыңа мұнар шақ,
Тұманынан
Сұрау іздеп, күн - аңсап
Өмір – өлім, қатар туған, қос құлын,
Ай мен Күндік
Аралығы тым алшақ...

Кездесудің,
Қоштасуы, бар, анық,
Жан береміз, сүйген үшін, жан алып
Жаратқаным
Кешірімді, болсада,
Кешірмейміз, ет – сүйектен, жаралып...

Жұбатпаймыз,
Танымасақ, "әрменде"...
Не қыламыз,
Алла берген, пәрменге?!
Жеңілісі – жеңісімен
Тетелес,
Өз мұңына, өзі куә, әр пенде...

«Іштей жылап сырт күлуі» баршаның,
Мен - Ханзада
Болсам, игі,
Ханша кім?
Ләйлі – Мәжнүн
Махаббаты баянды,
Мен баянсыз, тірлігімнен, шаршадым...

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе, мына парақшаға жазып қалдырыңыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590