Жұма, 29 Наурыз 2024
3764 0 пікір 17 Мамыр, 2018 сағат 09:51

Бақытжан Сағынтаев «Яндекс» компаниялар тобының тең негізін салушы және басшысы А. Воложбен кездесті

Бүгін таңертең Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан елордасына ХІ Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген «Яндекс» компаниялар тобының тең негізін салушы және басшысы Аркадий Воложбен кездесу өткізді. Бұл туралы Премьер-минстрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында компаниямен ынтымақтастықты дамыту мәселелері және төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында технологияларды дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды.

Анықтама: Аркадий Волож — И. М. Губкин атындағы Ресей мұнай және газ институтының түлегі. Comptek желілік және телекоммуникациялық жабдықтарды сату компаниясының негізін қалаушы.

Ресейлік құжаттық электр байланысы қауымдастығының Сымсыз байланыс желілері комитетінің басшысы ретінде ол сымсыз байланыс операторларына жиіліктерді реттеу процесіне қатысты. Ол МФТИ Инновациялар және жоғары технологиялар факультетінде «Деректерді талдау» кафедрасының меңгерушісі. «Яндекс» компаниялар тобының тең негізін салушы және басшысы (акциялар пакетінің 11,82% ие).

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564