Жұма, 29 Наурыз 2024
2528 2 пікір 18 Мамыр, 2018 сағат 09:48

Өзбекстан президенті АҚШ мемлекеттік хатшысымен және қорғаныс министрімен кездесті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев мемлекеттік хатшы Майк Помпеомен кездесті. Мирзияев - 2002 жылдан бері АҚШ-қа ресми сапармен барған алғашқы Өзбекстан президенті. 

АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис бейсенбі күні Өзбекстан президентімен Пентагонда кездесіпе, НАТО-ның Ауғанстандағы операциясын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Мэттистің мәлімдеуінше, Өзбекстан мен НАТО-ның аймақ қауіпсіздігі саласында мүдделері бір жерден шығады. "Біз Өзбекстанмен контртерроризм және шекарадағы қауіпсіздік салаларында Өзбекстанмен тығыз жұмыс істегіміз келеді", - деді Пентагон басшысы. Оның айтуынша, Вашингтон мен Ташкенттің стратегиялық әріптестігі жемісті болады.

Бір күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Мирзияев басқаруындағы Өзбекстандағы оң өзгерістерді мойындаған еді. Трамппен кездесуде Мирзияев Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына ұмтылатынын айтты. Трамп Құрама Штаттардың Өзбекстанға техникалық көмек беретінін, өйткені ол өзінің сауда-экономикалық саясатын либерализациялауға күш салып келеді.

Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, өзбек және америка шенеуніктері Мирзияевтің Вашингтонға сапары барысында білім саласына қатысты екі келісім қабылдаған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3604