Жұма, 29 Наурыз 2024
2509 0 пікір 22 Мамыр, 2018 сағат 08:14

Астанада апаттан қаза тапқан өзбекстандықтарды еске алып, 52 ағаш отырғызды

Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігінің және "Алтын Орда" бизнес-клубының өкілдері автобус апатынан қаза тапқан өзбекстандықтарды еске алып, Астанада 52 ағаш отырғызды.

"Қайғылы оқиға болған күні Қазақстан үкіметі мен бүкіл халық көмегін аямады. Қазақстанның тиісті органдары қажетті шаралар қабылдады. Бүгінгі шара - екі ел арасындағы достықтың нышаны іспеттес. Біз бұл туралы марқұмдардың отбасыларына айтуымыз керек", - деді Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязхожаев.

Еске салайық, биыл 18 қаңтарда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде жолаушы автобусы өртенді. Қазақстандық биліктің мәліметі бойынша, автобуста 57 адам болған, соның 52-і қаза тапты. Барлығы - Өзбекстан азаматтары.

Сәуір айының соңында жолаушы автобусының жүргізушісін қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылды.

Қазақстандық билік нұсқасы бойынша, қайғылы оқиғаға отты салақ ұстаудан шыққан. Автобус салонын жылыту үшін дәнекерлейтін шам пайдаланылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594