Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Дат 3355 0 пікір 23 Мамыр, 2018 сағат 09:23

Бізде оқулықтарға енгізілетін материалдардың сұрыпталуын талап ететін құжат бар ма?

Білім жүйесінің сапасы көптеген факторлардың арқасында түзіледі. Солардың ішіндегі ең бастылары стандарттар, бағдарламалар жəне оқулықтар сапасы екені ақиқат. Қазір мемлекет сапалы оқулықтар шығаруға жыл сайын қомақты қаражат бөліп келеді. Мəселен, 2015 жылы оқулықтар шығару үшін бюджеттен 10 млрд теңге бөлінсе, 2016 жылы 19 млрд, 2017 жылы 27 млрд теңге бөлінді. Білім жəне ғылым министрлігі жыл сайын мектеп оқулықтарын жетілдіру бойынша орасан зор жұмыстар істелінгені жөнінде мəлімет береді. Бөлінген қаражаттар тұтастай игерілген болып шығады. Алайда, оқулықтардан концептуалдық, фактологиялық, орфографиялық, стильдік қателіктер табушылар жəне салмағы мен көлемінің үлкендігіне алаңдаушылық білдірушілер қатары арта түсуде. Мектеп оқулықтарын шығару жұмысына қатысты айтылып жүрген кемшіліктерді жүйелесек төмендегідей болды:

1.Елімізде оқулық жаза алатын білікті мамандар аз, ал оқулықтану ғылымы тіпті дамымаған. ЖОО-лардың кəсіптер реестрінде мұндай кəсіп тіпті қарастырылмаған. Оқулықтарды осы сала бойынша арнайы білімі жоқ адамдар жазып жүр.

2.Авторлық ұжымдардың бір-бірімен байланыс орнатуы да кемшін екені көрініп тұрады. Түрлі пəндердің оқулықтарында бір оқиғалар, фактілер мен олардың болған уақыттары əртүрлі болып көрсетіледі. Сонымен қатар оқиғалар өте көп жəне олар күрделі ойлар мен жеткізілген. Немесе керісінше. Мəселен, «Дүниежүзі тарихы» оқулығында Ұлы Отан соғысы тақырыбына бір-ақ параграф арналған. 7 сыныпқа арналған «Орыс тілі» оқулығы туралы наразылықтар өте орынды айтылды, өйткені əдеби тілмен жасалуға тиісті əңгімелесулер қарадүрсін, тұрмыстық тілмен берілген. Бұл жерде мəтіндер арқылы тəрбие мəселесін айтудың өзі артық.

Осыған орай біз, Парламенттегі Халықтық коммунистер партиясы фракциясының мүшелері, Премьер- Министр Б.Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, төмендегі сұрақтарға жауап беруін өтіндік:

1.Бізде оқулыққа енгізілуге тиісті материалдардың сұрыпталуын, сапасын, құрылымын талап ететін арнайы құжат бар ма?

2.Кез келген оқулық тəжірибеде қолданылмас бұрын апробациядан өткізіліп, сарапшылар, педагогтар, ата-аналар тарапынан оң бағасын алуы керек. Осы орайда 2017 жылы 5-7 сыныптарға арналған оқулықтар апробациядан өткі- зілді ме?

3.Республикалық «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығы не үшін құрылған, олардың оқулық сапасына біз жауапты емеспіз, оған баспа немесе БҒМ жауап береді деген сөздері шындық па? Осы қызмет бастықтарының жиі ауысуы сыбайлас жемқорлықпен байланысты емес пе?

4.Бізде сарапшылардың қатары қандай тəртіппен құрылады? Олардың оқулық жазудағы біліктілігін кім анықтайды?

5.Оқулықтарды əрбір төрт жыл сайын ауыстырудың қандай негізі бар? Осы мəселені қарастырғанда озық шетелдердің оқулықтарын тұрақты ұстайтын себебі ескерілді ме (Мысалы, Ұлыбритания)?

6.Оқулықтар бағасының жыл сайын шарықтай өсуінің себебі неде? Мəселен, бір-ақ жылда оқулықтар бағасының 2-3 есе өскенін көріп отырмыз. Бұл бағалар Табиғи монополияларды реттеу жəне бəсекелестікті қорғау комитетімен келісілді ме?

Біз Үкімет басшысынан осы сұрақтарға жазбаша жауап беруді өтіндік.

Ирина Смирнова,

Мәжіліс депутаты

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1561
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2251
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3504