Жұма, 29 Наурыз 2024
Шипагер 8682 8 пікір 14 Маусым, 2018 сағат 13:43

Арғынбек Қабылбекұлы. Қазақстанда шипагерге деген көзқарас дұрыс емес

Өткенде «talqy.kz» ақпараттық порталында шипагер Арғынбек Қабылбекұлының сұхбаты жария болды. Қазақ халықтық медицинасының маманы өз сұхбатында Қазақстандағы халықтық медицинаға деген жұрттың көзқарасы һәм Қытай, Тибет, Ұйғыр халықтық медицинасында ұзақ жылдан бері қолданылып келе жатқан дәрілік өнімдерді қазақ медицинасында де ертеден қолданылғаны жайлы айтады.

Арғынбек Қабылбекұлы Қытайда туған. Қазақ шипагерлігінен тамыр ұстау арқылы дәрі жасау бойынша білім алған.

Өсімдіктің 1740 түрінен, жәндіктердің 200-ден астам түрінен, түсті металдың 12 түрінен дәрі-дәрмек жасайды.


– Шипагерлік дегенді қалай түсінеміз? Оның біз білетін медицинадан қандай айырмашылығы бар? 

– Шипагерлік жалпы медицидадан бөлік-жарып қарайтын дүние емес.

Атамекен Қазақстанда біржола көшіп келген соң, байқағаным бұл жақта халық шипагерлігі, халық емшілігі дегенге көзқарас оң емес екен. Бұлай болуы да заңды шығар. Себебі, халық емшілігіне теріс пікірдің қалыптасуы – осы жолмен халықты емдейтін адамдардың білімінің төмендігінен және аннан-мұннан естіген дүниесін ем ретінде айта беретіндіген болса керек. Бұл қате! Адамның өмірмен ойнауға болмайды. Жалпы мен өзім қазақ шипагерлігінен тамыр ұстау арқылы дәрі жасау бойынша білім алдым. Қытайда арнайы осы іспен көп шұғылдандым. Елге келген соң да, осы ісіммен айналысып жүрмін. Біз өсімдіктердің 1740 астам түрінен, 200-ден астам жәндіктерден және 12 түрлі түсті металдардан дәрі-дәрмек жасаймыз.  Шөптен дәрі жасау барысында оларды 4 райға, 5 дәмге бөліп аламыз. Қазақ шипагерлігімен қатар ұйғыр, тибет медицинасында 4 райды жіктеп 5 рай ретінде қарастырып та жүр.

– Дәм түсінікті. Райды қалай түсінеміз?– 

– Мәселен, «Қарғалдақ» деген шөп бар. Әдетте оны шөптің патшасы деп жатады. Таудың басында өте суық жерде өседі. Сонда гүлдейді, тамыр жаяды. Сол шөптен жасалған дәрі денедегі суық тигеннен, ревматизм, буын аурулары, суық тиіп бала көтере алмай жүрген әйелдерге және босанғаннан кейін бала жолдасы түспей қалған кезінде Қарғалдақтан жасалған дәрі ем болады. Яғни, суық жерде өскен өсімдіктер мен шөптерден жасалған дәрілер тобын суық райлы деп атаймыз.

– Дәрі жасау барысында оларды бірінші райға бөлесіздер ме, әлде дәміне қарай жіктейсіздер ме?

– Дәрі жасауда бұл қағида өте маңызды. Себебі, әлгінде айтқан 1740-дан астам шөп түрінің ішінде өзара жанаспайтын 16 түрлі шөп бірін-бірімен кездессе, улы әсер тудыратын, адам ішкен кезде уланып, немесе қан тамырларында тоспа жасап, қанды шамадан тыс қоюлатып жіберетін шөптер бар. Жеке қолданғанда дәрілік әсері мол, ал бірін-бірімен қосқанда емдік сәулесін жойып алатын 19 түрлі шөптер де болады. Ұдайы, әмбебап жағдайда емдікке қолдауға болатын 300 астам шөп түрлері болады. Оларды күнделікті қолданып, түрлі аурулардың алдын алуға немесе профилактикалық емделудің орнына қолданса да болады.

Осы тұста жәндіктер туралы айтып өтейін. Сарышаян деген жәндікті бәріміз білеміз. Шақса адам өлуі мүмкін дейді, ал шын мәнінде олай емес. Қазақ жеріндегі 3-4 ары кеткенде 5 бунақты сарышаян шаққаннан адам өлмейді. Аздап, 2-3 күннен кейін қандағы сарышаянның уы тарқаған соң, денсаулығы реттеледі. Қытайда жеріндегі сарышаяндар 7-8 бунақты, ол шақса адам өліміне әкеледі. Енді сол сарышаянды тәуліктеп таза суға салып, суды 2-3 рет ауыстырғаннан кейін әлгі сарышаян аппақ қудай ағарады. Ақырында ыстық суға салса өледі. Оны жүрек, ми қантамырларының тоспаларын ашуға қолдануға болады.

Осыған ұқсас тағы бір әдіс. Жауын құрт (шылаушан, шұбалшын). Оны жинап, таза суға салсаңыз, алғашында су лайланып кетеді. Суды 7-8 рет ауыстырғаннан кейін су лайланбайды. Яғни, шылаушан тазарды деген сөз. Соны ыстық суға малып алып кептіріп ұнтағын жесе, қанқысымын реттеуге таптырмас ем.

Сонымен қатар, металдардан да дәрі жасаймыз. Адам баласының ең алдымен қанының бұзылмағаны абзал. Аурудың бәрі қанның бұзылуынан болады. Кішкентай балалардың шаршамауы, әрдайым жүгіріп, секіріп жүруі олардың қан айналысының дұрыстығы мен тазалығында. Есейе келе қан құмарында холестеринмен майдың көлемі шамадан артып, адам тез шаршағыш болды.

– Кейде адамдар белгілі бір жыл мезгілдерін ұнатпай жатады? Бұл да қан құрамының өзгеруімен байланысты ма?

 – Жақсы ой қозғадыңыз. Жыл мезгілдерінің адам баласына түрлі әсер етуі қан құрамындағы бейіндік заттардың мөлшеріне байланысты. Кей маусымның өзін адамның емделуіне қолайлы болады. Кейде қаншама ем  алса да, ем қонбай жатады, бұл қан құрамының сол маусымдағы өзгерістерімен байланысты. Қарапайым мысал. Қазақтар ертеде саумалды кез келген маусымда ішпеген. Негізгі ішетін уақыты – көктем. Қыс бойы сүр жеп ішек жолдары тұзды, қақталған етпен масаурап қалған асқазанды тазарту үшін саумалы ішкен. Саумалы ішкен жақсы алайда, нақ уақытында ішудің жан-жақты пайдасын бар. Қазір қарап тұрсаңыз саумалы ішу модаға айналып кеткендей…

– Көп адамда есте сақтау қабілетін нашар болып, сол үшін де өмірде мол сыбағасынан айырылып жатады? Есте сақтау қабілетін жақсартуға бола ма?

– Әрине болады. Алдымен адам не үшін ұмытшақ болады? Бір сәтте қалт етіп, маңызды нәрсені есінен шығарып алады. Осыған түсінік берейік. Бұл да қан тазалығы мен қан құмарының сапалығына байланысты. Ми қантамыр жүйесі таза, қаныққан қаннан нәр алмағаннан кейін толық әрекет ете алмайды. Адам бойындағы қан мөлшері қалыпты нормадан аз болса, ми бөліктерінде қан айналысы қалыпты болмауының әсерінен мидың жұмыс істеуі де дұрыс болмайды. Тіпті, осы үдерістің әсерінен самай шаштарынің ағаруы мен шаштың түсуі де байқалады. Ең қызығы мынада. Миға толық қан жетпесе де ол тоқтамай жұмыс істеп тұра береді. Бірақ, пайдалы ой мен шешім шығаруда баяу әрекет етеді де адам қиялдауға бейім келеді. Себебі, ми үнемі жаңа ой тудырып отырады.

Адамның тез ашулануы мен жүйке жүйесінің тез шаршауы мидың қан арқылы толық нәр алмауынан. Айтқандарымды ашықтап, айтар болсақ, кейбір оқырмандарды жалықтырып алатын болғандықтан осылай қысқа қайырдым.

– Сіздердің дәрі жасау әдістеріңіз бен оның әсері туралы айта отырсаңыз.

– Жетілдірген білімімнің арқасында 17 түрлі дәрі жасай аламын. Дәрі жасау барысында мынау болып қалар, мына шөптің емдік қасиеті жоғары деп кез келген дәрі жасауға қолдана бермейміз. Дәрі жасауда ешқандай да сезімге, болжамға ерік беруге болмайды. Бәрі дәрігерлік көзқараста ұзақ зерттеу мен қалыптасқан ғылыми тұжырымдарға байланысты болады.

– Дәрігер мен емшінің айырмашылығы неде? Сіз өзіңізді емші яки дәрігердің қатарына қосасыз ба?

– Шипагердің де дәрігердің де негізгі кәсіби мақсаты мен ұстанған қағидалары бірдей. Адам жанын емдеу. Шипагер де дәрігер де науқастың денсаулығын емдеуде соңына дейін, қолынан келген бар амалды жасайды.

Дегенмен, Қазақстанда шипагерге деген көзқарас дұрыс емес екен. Себебі, Шипагер десе, кекіріп, жұртқа түсініксіз мақаммен ыңылдап ежелгі бақсының кейпіндегі адам елестейтіндей. Шын мәнінде шипагер де, бақсы да емдеуші адамдар. Әрине бұрынғы уақыттың емдеушілері, олар жайлы әңгіме бөлек. Адамдар ақша табу үшін, тәуіп, бақшы, емші, домшы, т.с.с халық руханиятымен рухтас адамның «рөлінде ойнап», оларға ұнамсыз түр қалыптастырған. Соның әсерінен халық шипагерлігі туралы пікірде сан алуан…

– Теріс пікірдің алдағы уақытта дұрысталуы мүмкін бе?

– Әлбетте дұрысталады. Себебі, қазір адамдар ауруханаға я болмаса  мед. орталықтарға ем іздеп емес, сын іздеп баратындай. Қаншама адаммен жұмыс жасау барысында шын ауырып тұрған адамның сұрақтары мен өтініштерінің өзі басқаша болады. Ал кейбір адамдар емделуге емес, сенен емтихан алуға келгендей болады. Сәйкесінше, дәрігер де оған ашыла қоймайды. Жазылмайтын ауру жоқ. Бәрін де емдеуге болады. Біздің жасап отырған дәрілеріміз қазақ жанымен рухтас. Оның үстіне, шөптен жасалған дәрі мен емдік мақсатта қолданылатын басқа да заттар әлде қашан өзінің пайдасын дәлелдеген. Қытай, Тибет, Ұйғыр халықтық медицинасында ұзақ жылдан бері қолданылып келе жатқан дәрілік өнімдерді қазақ медицинасында де ертеден қолданылған. Айырмашылығы – атауында ғана.

Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Еркінбек Серікбайұлы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532