Жұма, 29 Наурыз 2024
Ақиқатқа қиянат 6360 3 пікір 31 Шілде, 2018 сағат 08:54

Министрлерді кінәлай беру - орынсыз...

Қазіргі қоғам арасында күрделі құбылыстар өтуде. Билік пен халық арасында көптеген түсінбестік туындап отыр. Мұның мәнісі неде? Көп адамдар, бір ғана себепті, жұмыссыздықты айтады. Егер сіз де солай ойлайтын болсаңыз мүлде қателесесіз. Ұрлық істеп, адам өлтіру, бүлдіршіндерді зорлау секілді қылмыстың бәрі аштықтың кесірінен болып жатқан жоқ!

Біздің қоғам жаңарған қоғам, соны адамдар дұрыс қабылдай алмай отыр. Оның себебі, адамдар өздеріне қызмет ету керек. Сүйікті ісімен айналысу қажет, сол жолда өзінің бар күшін сарп ететін болса жеңіс сол адамдікі болмақ.

Бұл жерде, сананың өсу жолы ерекше орын алады. Қазір жұмыс жоқ деп қарап жүріп, теріс жолға кетуге уақыт жоқ. Себебі, жылдан-жылға өзгерістер толастап ағылып келеді. Біздің қазақта мынадай сөз бар: "Ашыққандан құныққан жаман".

Бүгінгі  күнде аштық жоқ, адамдар өз өмірінің мәнін таба алмай жүр. Себебі, бейбіт заманда байлар мен кедейлер қатар өмір сүрген уақытта, аштық болуы мүмкін емес жағдай. Енді осындай сана арқылы келеңсіз оқиғалардың орын алуына басшылыққа кінә артудың еш қажеті жоқ. Әрбір адам өз ісіне жауап беруі тиіс.

Қарақшылардан сондай қатты қорықса күзетшілерді өздері сайлап алсын. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мырзаға кінә арту ешбір қисынға сәйкес келмейді. Білікті маман, тәжірибесі мол басшы ретінде білеміз. Ол кісі тек баспасөз баяндамасын өткізіп, істі қатаң қадағалауға сөз бере отырып, жұмыс жасаса халық мұнша шүйлікпес деп ойлаймын.

Менингит жайында халық арасында үлкен дау туындағанда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мырза солай баспасөз баяндамасын жасап, аурухананы аралап өзі тексеріп шыққан болатын. Осы кісіден үлгі алу керекпіз. Денис Тенге жасалған отаның да басы қасында болған. Мен өз басым, көбіне басшы ақ халатты жандарға ризамын. Олар басшымыз деп отырмай аурулармен тікелей жұмыс жасайды.

Астана қаласы Онкология орталғының басышысы Мұхтар Есенжанұлы мырзадан сұхбат алуға барғанымда, аурулардың шұғыл келгенін ескертіп, маған күте тұруымды өтінді. Әрине, ондай кезде түсінісітік танытамыз. Басшының осы жасап отырған ісіне риза болдым.

Білікті іскер кісілерден үлгі алып отыруымыз керек. Сондай басшылардың бірі Ақапарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мырзаны да қоса аламыз. Сұраққа  дұрыс әрі нақты жауап беріп отырады. Яғни, істің жағдайына қарай жасайды. Біздің халықтың кемшілігі тек бір жақты қарайды. Сондықтан сананы жаңғыртуда халықпен көп жұмыс жасалу қажет.

Тағы бір ескерте кететін жайт, қыз баласының жұмыс басты бола беруі бала тәрбиесіне кері әсер етеді. Болашақты ойласақ осы мәселелрге баса назар аудару керекпіз!

Жадыра Мұсабай

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3607