Жұма, 29 Наурыз 2024
Масқара! 14060 18 пікір 17 Тамыз, 2018 сағат 18:11

Қытайдың ең белді сайты қазақ қыздарына қатысты мақала жариялады

Қазақстан мен Қытай шекарасы шектесіп жатқан, жақын көрші ел болғанымен мүлде екі бөлек әлем. Басқа жағын айтпағанда Қазақстан жері кең, адамы аз болса, Қытай керісінше миллиард халқын қайда сыйғызарын білмей отырған мемлекет.

Екі елдің бір-біріне деген көзғарасы мен түсінігі де мүлде өзгеше. Бұны екі елдің баспасөз беттерінде қарсы тарапты қалай бейнелеп жазатынынан анық байқауға болады. Еліміздегі ақпарат құралдары Қытайдың біздің жеріміз мен байлығымызға көз аларта қарап отырғанын ашық жазады. Еліміз халқы да шығыстағы көршіміз туралы сөз болса кірпідей жиырылады.

Ал Қытай ақпарат құралдары керісінше Қазақстанды тілі жеткенше мақтап, бір кесек майлы ет ретінде суреттеп, ауыздарының суы құриды. Олар осылай өз жеріне сыймай жатқан елін "батыс шекарамызда бір батпан құйрық бар" деп қызықтыра түскісі келетіні сөзсіз.

Жақында Қытайдың үлкен ақпарат агентіктерінің бірі sina.com сайтында белгісіз автордың мақаласы жарияланды. Мақала тақырыбы: «Қытайлық турис жігіттердің Қазақстанға саяхаттауының басқаша себебі» деп аталады. Айтпағы, Қытай жігіттерін біздің елге қыдырып келуге қызықтыратын ең маңызды себеп — әдемі қыздарымыз екен.

Қытай сайтында жарияланған суреттер

Мақалада Қазақстанда ер мен әйелдер жан санының тепе-теңдігі сақталмағаны айтылады.

Ер - аз, әйел - көп. Оның үстіне қыздары өте сұлу. Сондықтан бұл елде ерлер «еркелеп» жүр. Тіпті, кейбір ерлер әйелінің жұмыс істеп, отбасын асырауына үйреніп алған. Сол үшін қытай жігіттер бұл елге барса «қыздар базарын» қыздыратыны сөзсіз.

Қазақстанның қазіргі дамуы өткен ғасырдың сексенінші жылдарындағы Қытайды елестетеді. Бұл елдің жерасты байлығы мол. Даму орайы көп. Қытай жігіттері еңбекқор, сауданың жайын жақсы біледі. Қазақстанға барса үлкен болашақ күтіп тұрғаны сөзсіз. Ол елде бір жігіт төрт әйел алуға болады. Демек, бұл жағдай да қытай жігіттерді батысты бетке алуға жігерлендіруі тиіс.

Ең маңыздысы, екі ел жақын көрші. Мемлекеттік байланыс жақсы. Екі елдің билігі жақын, достық қатынаста. Қазақстанға барған қытайлықтарға ешқандай қиындық тумайды.

Міне, бізге бұйырған «құдайы көршіміздің» көздегені осындай. Мақала авторының бар ойы қытайлықтарды барынша қызықтырып, Қазақстанға тұмсығынан жетелеп алып келу екені көрініп тұр.

Бір есептен, шетелдіктердің біздің елге осындай түсінікпен қарауына өзімізде себепкерміз. Мәселен, «елімізде бір жігітке жеті қыздан келеді» деп сандырақтап жүргендер қаншама. Ақылға сыймайтын осы сөз талай қыздың өзін қор сезінуіне, ақымақтау жігіттердің «қызтаңдағыш» ауыруға шалдығуына себеп болды. Орайы келгенде айта кетейік, статистика комитетінің мәліметі бойынша елімізде қазіргі таңда ерлер саны 8 865 101, әйелдер 9 439 397 адам. Демек, парық анау айтқандай алшақ емес.

Екіншіден, еліміз билігінің шетелдік кәсіпкерлер мен туристерді құшақ аша қарсы алатын ұстанымы оларды есіртіп жібергені шындық. Қазақстанда тек қазақтың ғана құқығы тапталатын, ал қалған ұлт пен халықтың құрметке бөленетіні жасырын емес. Осыны біліп алған Қытайлар да өз азаматтарының Қазақстанға келсе жаман болмасын біліп отыр.

Нұра Матай

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3577