Жұма, 29 Наурыз 2024
Саңлақ 4619 0 пікір 22 Тамыз, 2018 сағат 10:29

Азиада-2018: Алғашқы үш жарыс күнінде 13 медаль бұйырды

Төрт жылда бір өтетін Жазғы Азия ойындары биыл Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатыр. Сары құрлықтың басты бәсекесінде еліміз атынан 400-ден аса спортшы бақ сынауда.

Еліміз спортшылары алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына төрт медаль салған болатын. Атап айтар болсақ, Алтын медалді семсерлесуші Дмитрий Алексанин, күміс жүлдені еркін күрес шебері Данияр Қайсанов (74 келі) жеңіп алды. Ал қос қола медаль де дәл осы еркін күрестен сынға түскен балуандарға бұйырды. 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Әділет Дауламбаев пен 65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Саятбек Оқасов құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Ал екінші жарыс күні қазақстандық спортшылар үшін аса сәтті бола қойған жоқ. Бар болғаны бір күміс, бір қола жүлдемен шектелдік. Күміс медалді балуан қыз Жұлдыз Ешімова (53 келі) жеңіп алды. Қола жүлде таеквондошы Фариза Алдоңғарованың еншісіне бұйырды.

Үшінші жарыс күні көктен күміс пен қола жүлде жауған күн болды. Бұл күні еліміз спортшылары үш күміс, төрт қола медалге қол жеткізді. Дүбірлі доданың екінші орын иегері атанған қазақстандықтар: таэквондошы Жансель Дениз (+67 келі), балуан Алмат Кебіспаев (67 келі) және су добынан еліміздің әйелдер құрамасы.

Ал үздік үшінші орыннан көрінген спортшылар қатарында маунтинбайкер Кирилл Казанцев, балуандар Элмира Сыздықова (76 келі) мен Мейрамбек Айнағұлов (60 келі), таэквондошы Руслан Жапаровтар (80 Келі) бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2279
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596