Жұма, 29 Наурыз 2024
Саяси портрет 28030 20 пікір 24 Қыркүйек, 2018 сағат 11:33

САПАРБАЕВ

Алғашқы «Құрмет» орденін алғанда   1999 жыл

Abai.kz ақпараттық порталының кезекті бір жобасы - «Саяси портрет» айдары оқырмандарға жол тартты. Айдардың кейіпкерлері министрлер, облыс әкімдері, республикалық деңгейдегі мекеме басшылары болмақ. Саяси тұлғаның балалық шағынан бастап, бүгінгі күнге дейін жүріп өткен өмір жолына шолу жасау арқылы тұлғаның жалпы адамдық кескін-келбетін ашып көрсету - басты мақсатымыз. Қазір мемлекеттік деңгейдегі тұлғалар мен қарапайым халық арасын байланыстыратын алтынкөпір жоқ. Осы заманның тұлғалары жайлы толыққанды ақпарат болмағандықтан да бұқарада шенділерге деген біржақты көзқарас қалыптасып қалған. Көбіне күнделікті  ресми насихат халықтың жүрегінен орын ала бермейтіні тағы бар. Сондықтан да, әр тұлғаның адамдық болмысы халықтың назарында болуы керек деп ойлаймыз.

Саяси портрет айдарының бүгінгі қонағы - Бердібек Сапарбаев.

«Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» — деп хакім Абай айтқандай,  Ақтөбе өңірінің әкімі Бердібек Сапарбаевтың біз білмейтін қырлары қандай деген сұрақтармен, Жаңақорғанға, оның туған ауылы Бесарыққа барған едік.

Қоңыраттарды Шыңғыс хан өзінің Керей ханы Ван-ханға жазған бір хатында «көк тырналар»  деп атағаны бар екен. Бұл олардың шыққан тегінің құр еместігін, олардың, Шыңғыс хан сияқты түнде шаңырақтан түскен сәуледен жаралғаны да көне заманнан мойындалған. Олардың асыл тектілігі Шыңғыс ханның шешесі де Қоңырат болғанын, оның бәйбішесі атақты Жошы, Шағатай, Үгедей және Төле хандардың аналары Бөрте де қоңырат болғаны тарихтан аян. Осы рудың көсемі Менлеке алғашқыда жетім Шыңғысты (Темучинды) 13 жасында асырап алған. Сөйтіп, өзі қоңырат руынан шыққан Шыңғыстың шешесіне үйленген. Сөйтіп, болашақта Шыңғыстың киіз үйінде Менлеке бәрінен жоғары - төрде отыратын болған.

... Қоңыраттар 1725-26 жылдардан Сыр бойына қоныс тепкен. Қазір қоңыраттар мекенінің бірі — Жаңақорғанға келгенімізде сонау 1925 жылы Мұхаметжан Тынышпаев жазып кеткен осы деректер еске түсіп, Бердібек Сапарбаевтың ел басқару ісінде, жетекшілік өнегесінде оның ерте заманнан шыққан тегінің — қоңыраттардың да іздері бар шығар деп жобаладық.

Кейіпкерімізді бала күнінен білетіндердің бірі, оның туған ауылының тұрғыны — Балташ Алтынбеков сексенді алқымдап қалған екен. Дегенмен әлі де тың, көкірегі ояу, ортасына сыйлы, көпке ақылшы ақсақал.

— Мен Мәшбектің (Бердібектің әкесі) туыс інілерінің бірі боламын, — дейді де ол, не бір қиын-қыстау, қилы заманда әркез бірге болдық. Аталарымыз тегін болмаған ғой, аштық жылдары Өзбекстан, Тәжікстан жақтарына асып кеткен ауқаттылар қатарынан көрінген. Қоныс аудара алмай қалған қара жаяу кедейлердің қаншасы туған жерде қырылып қалды, өкінішке орай?!

Сөйтіп, елден безген ағайындар шет елде де жерде қалған жоқ, ата-әкелеріміз Ташкент пен Тәжікстан арасында түйемен тұз тасыған керуенші де болған. Бердібек екеумізді керуеншілер ұрпағы деуге әбден болады. Шет өлкеде басымыз бір болды, еңбегімізге ел таң қалатын, бау-бақша да салдық, күріш пен мақта егуді де игердік. Соның бәрі 60-шы жылдары Мәшбек Нәлібаев бастап елге оралғанда да игілігімізге айналды. Солайша, Мәшбек еңбек еткен «Алғабас» колхозы гүлдеп қоя берді. Ол күріш бригадасын басқарды, оның қол астында 28 жыл еңбек еттім. Мәкең асыл дақылдың «Ақмаржан», «Кубань», «Узрис» сорттарын өндіріп, әр гектарынан 25-30 центнерден күріш жинаған бар өнімді алып кететін, өзімізге ештеңе қалдырмайтын. Сондай да заман өтті ғой. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденінің, бірнеше медальдардың иегерімін. Бердібекті бала күнінен білеміз ғой, ата-тегінің асыл қасиеттерін бойына сіңірген нагыз көшбасшылар қатарынан көрініп жүр, біздің мақтанышымыз, — деп көтеріліп қалды ақсақал. Сәлемін де айтып жатыр...

9-сынып. Жаңаарық ора мектебі.

Оң жақтан 1-ші Бақыт Нұртазаев, Бердібек Сапарбаев, Оразбек Жамантаев

Зейнеткер, бұрынғы осы ауылдағы орта мектеп директоры Тілеухан Байсынов әкіміміздің түйедей құрдасы екен. «Жаңаарықтағы №167 орта мектебінің интернатында жатып оқыдық, ол бір сынып жоғары болды. Бекең бастаған жерлес оқушылар арасында өстім. Интернат меңгерушісі және класс жетекшіміз Манап Пірімбетов, физикадан Исахан Исатаев, математикадан Тұйғын Игембердиев, мектеп директоры Асқарбек Асанов сияқты ұстаздарымыз біздің азамат болып қалыптасуымызға өшпес үлестерін қосты, зор әсер етті, — деп еске алады ол.  Бердібек математикадан зерек еді, ол үнемі өзге пәндерді есте де сақтауға болады ғой, ал математиканы терең талдап оқу керек, — деп ескертетін.

Жергілікті Мәшбек Нәлібаев атындағы ауыл округіндегі №196 мектептің қазіргі директоры Талғат Есқабыловтың әкесі Шортыш кезінде почта таратушы болып істеген. Оқушы Бердібек Сапарбаев Ресей, Украина және Прибалтика елдеріндегі мектеп оқушыларымен математика есептеріне жауап табатын хат алысып тұрады екен.

—  Газеттер мен хаттарды әуелі Бердібектің үйіне апарып, сонан шай, су ішіп ауқаттанып, әрі кететінмін, — деп үнемі еске алады екен марқұс почташы Шортыш Бердібектен екі жас естияр Бейсенбек Құрманбеков оның ең жақын достарының бірі, тіпті онымен сонау «Алғабас» колхозында бірге өскен. Әкесі Құрманбек Ілиясов мақташы, диқан Мәшбек Нәлібаевпен өмір бойы қызметтес болған. Олар аштық жылдары жоғарыда айтылғандай түйе керуенмен Тәжікстаннан Ташкентке тұз тасып нан тауып, бала-шағаларын асыраған. Сол Алғабаста 60-шы жылдары аталары Ілияс пен Сапарбай қайтыс болып, жерленген. Бердібек 6 жасында, ал мен 8-ге келе сонда мектеп табалдырығын аттадық, — деп еске алады ол.

 


Бердібек Сапарбаев Германияда ГСВГА әскерлері қатарында

 

Оң жақтан Бисенбек Құрманбеков, Кенжебай Рысқанбетов, Бердібек Сапарбаев, Бақыт Нұртазаев, Мұхтар Шайықов және Серік кластастары

Алғашқы ұстазымыз Қопыш Ақылбеков болды. 1968-1969 жылдары 1 май ауылында интернат болды, сонда тағы 9-10 кластарда бірге оқыдық. Бекенмен бір бөлмеде жаттық. Оқуға зерек, үздік оқушы болды. Математикадан, химиядан алдына жан салмайтын. Химия пәнінен аты есімде жоқ, жаңадан жас апай келгені бар. Формулалардың бірінен қате кетіп, оны Бекең тауып алып, түзеткені бар. Балалық қой енді, ұстазын түзетуге бола ма? Жас апайымыз жылап қоя берді, өкініштен.

Соңынан мектеп директоры Төребек Абдрахманов біздің бөлмеге келіп, Бекеңе, әрине дұрыс болмады, қатесін байқасаң менің өзіме келіп неге айтпадың, — дегені есімде.

Интернатта бізбен бірге жетім-жетік балалар да оқыды. Содан бірде

пештен уланып қала жаздадық. Дәрігер Жұмаш ағай келді түн ортасында. Бөлменің тең жартысындай балаларды таза ауаға, далаға арқалап шығарған Бердібектің «қайраттылығын» көпке шейін айтып жүрдік.

Өз еңбегімізге ғана арқа сүйеуді ерте сезіндік. Бердібек екеуміз тары түйіп, сөк қылып Шиелінің, Қызылорданың базарына апарып сататынбыз. Киім-кешек, кітап-дәптер аламыз ақшасына, бұл да жоғары кластардағы оқиға. Бердібектің өзі әңгімелейтін Есенбек ағасы екеуі жаз бойы қауын-қарбыз өсіріп, күзде Ташкенттің атақты «Алай» және «Шайхантауыр» базарларына барып, сатып жүргендерін де көріп үйрендік. Ағасы өлшеп береді. Бекең ақшасын алатын. «Подходи народ, свой огород, половина сахар, половина мед» деп Бекең саңқылдап тұратын. Бұл да орысшаға жетіктігі.

Ағасы Есенбекті әкесі деп қабылдаған сатып алушылар, «Қарашы мына баланы, қаршадай болып әкесінен бұрын ақшаға қол созады» — деп таң қалатын. Қазір ойлаймын біз нарыққа бала кезімізден бейім болыппыз-ау деп.

Бекеңнің үйіндегілер мені «Шалдың баласы» дейді, әкемнің эруағын әр кез сыйлайды. Ол кісі ишан болған, 1993 жылы 87 жасында қайтыс болды.

Туыстығымыз да бар, бірақ достығымыз ерекше. 70 жылдары Бердібек үйлену тойымызда болды.

Осы өзіміздің қазіргі ауыл әкімі Өмірбек Ілиясовтың әкесі Жұмабекті ауылдастары «Нанжауыр» деп атайтын. Бұл өзі қанша мол табыс тапса да, үйіне шейін түгел жеткізе алмайтын, мырзақол, шашпау жан болса керек.

Ол трактор айдайтын. Бізге сенетін, оның тракторымен Бекең екеуміз Үшағаштан сексеуіл тасимыз. Жігіт болып қалған кез, кешқұрым көрші ауылға би кештеріне де білдірмей тартып кететініміз бар. Ыстықта қатты шаршаған Жакең, әрине, ұйқыға ерте кірісетін. Бірде Бекең екеуміз «Белорусьті» қанша әурелесек те жүргізе алмадық, сүйреп әкелуге тура келді. Ертең шаруа ақсап қалады-ау деп үрейлендік түнімен.

Ал таңертең, ауыл малы өре қарасақ, Жакең ағамыз тракторымен түтінін бұрқыратып, жүйткіп барады. Артынан байқасақ, трактордың анда-санда «нейтралкадан» шықпай қалатын «ауруы» бар екен.

Бекеңнің екі суреті сақталыпты. Біріншісі оның 1971 жылы Кеңес әскери тобынан әскери борышын өтеп жүргенде салып жіберген суреті. Сыртында «Службаның алғашқы жылдарынан естелік. Бердібек 22.VІІІ.71» деп жазған ол.

Осы Германияда Бердібектің бірге әскери қызметін өтеген серіктесі сол жылдарды былай деп еске алады:

Друг и однополчанин поздравляют Бердыбека Сапарбаева

Летом прошлого года в Жанакоргане один из близких друзей детства и молодости акима Актюбинской области Бердыбека САПАРБАЕВА Бейсенбек КУРМАНБЕКОВ в беседе со мной представил памятную фотографию друга, подаренную ему из далекой Германии. На нём Бердыбек Машбекович в военной форме и на обороте дата, подписанная им: 22 августа 1971-го года.

Продолжению истории с этой фотографии в канун майских праздников раскрыл житель Родниковки Дауылтай АБИЛОВ и представил фотографию совместной службы в рядах ГСВГ с Бердыбеком Машбековичем.

- Мы служили вместе с ныне действующим  акимом  нашей области с мая 1971 года по май 1973 года в составе ГСВГ артиллерийских войсках 152 миллиметровой пушки, - вспоминает он. - Я сам родом из Родниковки, Бердыбек приехал и Кызылорды. В нашей батарее мы были двое казахстанцев. Я тогда встретил казахских парней из Сибири, но они даже не знали наш казахский язык. Бердыбек служил наводчиком 152 миллиметровой пушки, а я водителем. Стояла наша часть в Карлмаксштате, иногда я ездил в Потсдам. Уже тогда Бердыбек был уважаем и почётен среди сослуживцев, даже на фотографии вы видите, как его окружили бойцы и он находится в центре, а я второй слева в первом ряду.

После службы мы встретились через 35 лет в Астане, тогда Бердыбек был уже министром. А осенью прошлого года он, будучи акимом нашей области, приезжал в Родниковку и мы встретились вновь.

Однополчанин акима всю жизнь трудился водителем. Его сын Жомарт служил в рядах ВДВ в Сарыагаше. Всего у Дауылтая с женой Алтын 5-ро детей и 7-ро внуков.

Друг и однополчанин искренне поздравляют Бердыбека Машбековича с Днём защитников Родины!

 

  
ГСВГ Г.Карлмарксштадт первый ряд

слева второй Д.Абилов, четвертый Бердібек Сапарбаев

 

Екінші сурет - «Би-Бен» мейрамханасында мектеп бітіргенімізге 30-жылдығындағы бас қосу суреті. Онда оң жақтан бірінші мен - Бисенбек Құрманбеков, Кенжебай Рысқанбетов, Бекең, Бақыт Нұртазиев, Мұхтар Шайықов және Серік кластасымыз бейнеленген.

1976 жылы осы ауылымызда Бекең мен Ғайшаның үйлену тойын өткіздік. Тілеухан  Байсынов тамада болды-ау деймін, кластасымыз Бақыт Нұртазаев көп еңбек сіңірді тойда. Сол түнде электр жарығы сөніп қалып, мен автомобиль фарымен жарық беріп билегеніміз бар. Зымырап жатқан өмір-ай бұл да көрген түстей, көзден таса қалса да, көңілден өшпейді. Жастық шаққа деген сағыныш қой.

Бердібектің кластасы Машар Шайықов айтады: 1969 жылы Жаңаарықтағы орта мектепті 38-бала бітірдік, арамызда ең үздігіміз сары бала Бердібек Сапарбаев болатын. Біз мектепті жақсы бағалармен бітіргенмен Алматының нархозына бірден түсе алмадық. Конкурстен бір бал жетпей қалып, салым суға кетіп ауылға оралып, еңбекке ерте араласып кеттік. Шешінген судан тайынбайды дегендей келесі жылы тағы бардық сол оқу орнына. Күндер өте жатақхана жоқ, теміржол вокзалын мекен, қылғанымыз бар. Бір күні ұйықтап қалған екенбіз, екеуміз де таңертеңгісін шошып ояндық. Сөйтсек, вокзалдың орындықтарын резина шлангамен жуады екен, бүк түсіп көрінбей жатқан бізге де зәрдей су тиген екен!

Осы 1970 жылы 24 тамызда күтпеген жерден Әбіш Кекілбаев ағамызбен кездесіп, дастархандас болғанымыз бар. Нархозға жақын Жандосов және Правда көшелерінің қиылысында Орта Азия әскери округінің мекемелері болатын, асханасы да бар. Арзан болғасын және ауылдасымыз марқұм Ережеп Әбіловке, ол қатардағы құрылысшы-солдат болатын, барамыз. Кездесіп бірге тамақтанамыз. Бірде ол өзінің командирі Әбіш Кекілбаевпен кездесу ұйымдастырды. Әбіш ағамыз сұңғақ бойлы, қайың қаптал, бұйра шаш жігіт ағасы екен. Ескі достардай баурап алды, шүйіркелесіп қалдық. Қазір карап отырсақ Әбіш ағамыз 1968-1970 жылдары Орта азия әскери округінде кеңес армиясы қатарында әскери қызметте болған екен, тіпті кеңес және қытай әскерлерінің Жалаңашкөл көлі маңындағы әскери қақтығысына да қатысыпты. Қыза-қыза келгенде дегендей, себебі біршама вино да ішілген болатын, бізден мүшел жас үлкен жазушы ағамыз Бердібек екеумізге өзінің тұңғыш прозалық шығармасы «Бір шөкім бұлт» кітабын қолтаңбасымен сыйға тартты. Біздің қуанышымызда шек болмады.

Бұл бір екі балапан бүркіттің қияға қарыштап ұшар алдындағы алғашқы кездесулері болып көрінеді маған. Қызығы, жылдар өте данышпан жазушы ағамыз ағамыз  кезекті бір Парламент отырысында Білім министрінің орынбасары Бердібекті көргенде топ ішінде оның өңі бейтаныстау көрінді.

«Шамасы, Сапарбаев осы-ау» дей ойладым. Тіптен жас екен. Тығыншықтай ақ-сары жігіт. Дүрсе қоя берген депутаттардың қарша бораған қатігез сауалдарын үнсіз тыңдап отырды. Сыр білдірген жоқ. Өзіне-өзі сенімді. Әлденелерді қағазына түртіп алып, сұрақ түсе қалса, жауап беруге әзір отыр, — деп сүйіспеншілікпен жазыпты Әбіш ағамыз Бердібекке арналған «Алға қарай адымдай түс, алғадай азамат» мақаласында.

Бұл кездесулерге әлі де алда 20-жылдан артық уақыт бар еді, ал әзірше «қырсыққанда қымыран іриді» дегендей екінші жылы да біз екеуміз конкурстан өте алмай Қазалыдағы ауыл шаруашылығы техникумына түстік, зоотехния бөліміне. Келесі жылы Бердібек Германияға әскерге алынды да,мен бітіріп шықтым. Ұстаздарымыз Үміт Қалдарбекова, Абдрахман Қамбарбеков және басқалары сабақ берген еді. Біздің жолымыз осылай айырылысты, ол армияға алынып, оралғанда мен Отарда әскер қатарында болдым. 1973 жылы Отарға ол Ғайшамен келіп, таныстырған болатын. Бердібек болса түбінде дегеніне жетіп Алматының нархозын бітіріп, өмірде алдағы мақсаттарына жетті, - деп түйді Машар Рақымұлы.

Ал, Бердібек Сапарбаевтың еңбек жолын 16 жасында «Задарьинский» кеңшарында қатардағы жұмысшыдан бастағаны бәріне мәлім. Оның еңбек жолына жолдаманы әкесі Мәшбектің досы, әріптесі Әбдіғаппар Нұртазаев берген болатын. Осы кеңшарды құрысуға өз үлесін қосқан, оның тұрғындарының бірі — сол кезде мақта бригадасының бригадирі, ел ағасы, сөзі дуалы Мәшбек Сапарбаев болғаны қазір бәріне аян.

Әбдіғаппар Макеңді алдына салып, Өзбекстан, Тәжікстанды аралап, 2 жыл ішінде 500-ден аса жерлестерімізді ата-қонысына көшіп келуін үлкен іскерлікпен ұйымдастырған болатын. Алғашқы болып Мәшбек Сапарбаев отбасы Мақтаарал ауданындағы үйлерін, бау-бақшаларын тастап туған жерді, атамекенді көгерту үшін жаңадан құрылған шаруашылыққа қоныс аударған болатын. Мұнда Мәшбек сияқты елге сыйлы азаматтар ауадай қажет еді.

Еңбек екі ардагерді де құрметке бөледі, бұл кұндері екеуінің де есімдері екі елді мекендерге берілген. Еңбегі зор бағаға ие болған Әбдіғаппар ағамыз кезінде Д.Қонаевтың қолынан «Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген агроном» құрметті атағын алса, соңынан «Еңбек Қызыл Туы», «Октябрь Революцисы» ордендерімен марапатталған.

Б. Сапарбаевқа еңбек жолына тұңғыш жолдама берген Нұртазаев Әбіғапар, оң жақтан төртінші, 5-ші М. Бесебаев және 6-шы Д.А. Қонаев

 

Еңбекте бірге шыңдалған екі достың қатарлас ұлдары Бақыт және Бердібекте құлынтайдай бірге өсті.

«Бердібек сол кезде 8-ші сыныпта оқитын. Жаңадан ашылған ауылда мектеп болмағандықтан біздер 8 шақырым жердегі Жаңаарық орта мектебіне қатынап оқыдық. Бір партада отырдық. Ол футболдан және теннистен мектеп құрамасында ойнадық. Аудандық пәндік олимпиадаға да қатысып, алғашқы жеңімпаз атанды. Бір жылы облыстық олимпиадаға қатысу үшін біз бір топ оқушы Қызылордаға баратын болдық. Ол кезде қалқымалы көпір жоқ, паром жүретін. Сол күні мұз ұстасып, паром да жүрмей қалды. Бір ғана жол бар, ол да қауіпті, толық қатып үлгермеген мұз үстімен жаяу өту. Бекең қолына ұзын таяқ ұстап, мұздың үстімен арғы бетке өтіп кеткенде, жетекшіміз физика пәнінің мұғалімі Исахан Жолтаев бар, бәріміз жағамызды ұстадық, оның соңынан еріп өзеннен өтіп кеттік. Сол олимпиадада ол математикадан жүлдені жеңіп алды. Мектеп бітіріп ол Алматыға, мен Жамбылға оқуға кеттік», — дейді Бақыт Нұртазаев.

Бақыт өзі де әке жолын қуып, сол ауыр 90-шы жылдары «Задарьинский» кеңшарында директор, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары болған, «Құрмет» орденінің, бірнеше медальдардың иегері.

«Өмірде төрт құбыласы бүтін жан бола ма, тас түскен жеріне ауыр ғой. Кластас досымыз Бердібектің ер жетіп, ел қатарына қосылып қалған ұлы Бауыржан, «Алматы-Тараз» күре тас жолында көлік апатынан қаза тапқанда

көкірегіміз қарс айырылды, басы-қасында болып, қайғысын бөлісіп, садақаларында болдық», деп ойларымен боліседі Бақыт.

Кешірек Бердібек ұлы Бауыржан туралы «Сағымға айналған сағыныш» атты кітап жазып, жарыққа шығарды, дос-жаран, тума-туыстарына таратып берді. Енді бұл кітапты оқыған адам оның тағылымдық, тәрбиелік тұстарын аңғармауы мүмкін емес. Оның осы кітабын оқығанда Абайдың кіші ұлы Әбдрахманның қазасына қабырғасы қайысып, қатты күйзеліске түсіп, ұлына арнаған өлеңдері еріксіз есіңе түседі. Бердібектің кітабынан да әкенің жаралы жүрегі жас әруақпен сырласа отырып, алдағы күннен үміт үзбейді. Көпшілік байқағандай, сөйтіп, сөзбен сомдалған ескерткіш қайғы-қасіретін мысқылдай болса да жеңілдете түсетініне сенеді.

Екінші жағынан есімі елге аян үлкен әріппен жазылатын азамат – Бердібек Сапарбаевтың үлкен жүрегі шығармашылық қазынасынан да кенже емес екендігі оның осы кітабынан да көрініп тұрғаны шындық, — дейді Бақыт Әбдіғаппарұлы.

—  Сонау 60-шы жылдары Әдіғаппар мен Мәшбек ағаларымыз көш бастап туған топыраққа қайта оралған 500-дей адамның ұрпағы өрбіп күнде іргелі ел болдық, — дейді ауыл әкімі Өмірбек Ілиясов. Бүгінгі таңда біздің Ақжол ауылының өзінде 160 үй бар, тұрғындар саны 1162 адам, дені қоңыраттар, бірді-екілі арғын, қожа мен қоңыраттың қараша бөлімінен үш үй ғана бар, — дейді ол.

— Біздің ел ұйтқысы шайқалмаған қазақи өмір. Мұнда жергілікті ақсақал Нұртас Шалысбаев жазып шығарған шежіреден әрбір адам өз есімін табады. Мысалы, Бердібек Мәшбекұлының өмір шежіресі былай өрбиді. Кейденнің 3 – баласы Қожабердіден Нияз одан Қазы туады, Қазыдан Назар, одан Көкеннің ұрпақтары өрбиді. Көкеннен Бекжігіт, Бекжігіттен Нәлібай, одан Сапарбай. Сапарбайдан қос ұл Имаш (Мәшбек) және Есенбек.Мәшбектен Бердібек, Әлібек, Батырбек, Пәзілбек және Нұрлыбек. Бердібектен Бауыржан, Жансұлтан. Ал, Әлібектен Бақытжан өрбиді. Солайша, қыз алыспайтын жақындармыз, — дейді әкім. Сол бастапқы көшіп келгендер жат-жұртта болсын, елінде болсын қазақтың ежелгі АСАР – бірігіп көмектесу салтын жоғалтпай, қандарына сіңірген. Сол кезден бастап шаруашылық құрылыс материалдарын беріп, көлікпен көмектессе болғаны — туысқандар бас қосып, көптеген үйлерді ғана емес, тіпті мектеп, клуб сияқты кесенелерді де АСАР арқылы тұрғызған

Тек бертін келе Мәшбек Нәлібаев ағамыздың ұрпақтары заманауи мектеп, жаңа мешіт үйін салуға демеушілік көрсеткен.

Мәшбек Нәлібаев атындағы ауылдық округ

 

Бердібек Сапарбаев сыныптастарымен түлеп ұшқан мектебінің жанында

Облыс әкімі туралы шағын мақалаңызда оның адами қасиеттіерін кеңінен бейнелеуге көңіл бөле отырып, осы мақаланы Бердібек Мәшбекұлының, әкесі Мәшбектің замандасы үзенгелес досы жақында ғасырлық мерейтойы қарсаңында Әбдіғаппар Мұртазаевқа арнауымен аяқтағанды жөн көрдік.

Бердібек САПАРБАЕВ

Ақтөбе облысының әкімі:

«Таға атты, ат ерді, ер елді сақтайды», - дейді халық даналығы. Расында да, ел дағдарып қалған қысылтаяң сәттерде тығырықтан шығатын жолды табатын кісінің орны бөлек. Ел ерге қараған сәтте, ол төмен қараса, шаруа оңға баспайды. Нағыз азамат сондай сәттерде жұрттың еркін билеп, үйіріп алады. «Тұлға бірегей болмаса, не болады өңшең нөл...»  - деп Абай осындайда айтса керек.

Мен білетін Әбекең – сол «бірегейлердің» бірі еді. Жан – жақты зерттеп, барлық мүмкіндіктерді екшеп, істің қыбын таба білетін ол қандай шаруаны қолға алса да, ақырына дейін жеткізетін білікті басшы болды.

1960 жылдардың басында КСРО басшысы Н. Хрущевтің ықпалымен Оңтүстік Қазақстан облысының біраз жері Өзбекстанға берілді. Халықпен ақылдасып істелген іс емес, жоғарыдан келген өкім.

Бұл, әрине, зор қиянат еді. Бірақ мемлекет басшысының ісіне кім қарсы болсын, ел үнсіз көнді. Біраз қазақ көрші республиканың аумағында қалды. Әрине, бір мемлекеттің қарамағындағы республика, бірақ бәрібір өзгенің аты өзге ғой. Халық арасында ішкі наразылық болғанымен, ешкім сыртқа шығара алған жоқ.

Міне, осы кезде Әбдіғаппар Нұртазұлының іскерлік қыры жарқырап көрінде. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен массивінде жаңадан құрылған «Задарья» кеңшарының директоры болып тағайындалған ол аудан басшысымен ақылдаса отырып, әуелі жұмыс күшін қамдауға кірісті. Ол үшін Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстанға өтіп кеткен аудандарды аралап, халықпен кездесті. Бірін аға, бірін іні тұтып, бауырға тарта сөйлескен оны жұртшылық та жатсынған жоқ. Ол Өзбекстанға қараған елді Қазақстанға көшіге үндеді. Сол кезде тың жер есебіндегі Түгіскен массиві аумағын бірге игеруге шақырды. Жердің ерекшелігін, егіннің бітік шығатындығын, бірлік болса, тірлік болатындығын еске салды. Қалың қазақтың ортасында отырудың тілді, ділді сақтайтындығын да айтуға ұмытпады. Соның арқасында алпысыншы жылдардың аяғында Жаңақорған ауданына Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстаннан 500-ге жуық отбасы көшіп келді. Оңтүстік өңірлерде бір үйде 7-8 бала болатынын ескерсек, жаңа қонысқа 4 мыңнан астам келді. Басым көпшілігі Өзбекстаннан еді. Елге ел қосылса құт, біріншіден, бұл – осыншама қазаққа өзге ұлтқа жұтылып кетпей, өз ділін сақтап қалуға көмектескен шаруа болды. Екіншіден, келгендердің бәрі де жер еміп өскен, кәнігі дихандар еді. Яғни Қазақстан халқының саны көбейіп қана  қоймай, мол жұмыс күші, іскер мамандар келді. Бұл ең алдымен, мемлекет мерейі еді.

Келген жұртты бытыратпай, бірге орналастыру да ұтымды саясат болды. Олар «Задарья» кеңшарының 1 май, «Қыркеңсе», «Политотдел» «Өзгент» бөлімшелеріне орналасты. Көші – қонның басында болған, өздеріне етене таныс азаматтың кеңшар директоры екендігі келген жұртшылық үшін де жаман болған жоқ.

Кез келген шаруаны жаңадан бастау оңай емес. Әсіресе, тыңға түрен салу тіпті қиын. Жаңа кеңшарды өз қолымен құрған Әбекең бұл іске бел шеше кірісті. Көп ұзамай ту жатқан дала төсінде ақшаңқаң үйлер сап түзеді, типтік мектеп, мәдениет үйі, аурухана, өзге де нысандар салынды. Әсіресе, «Қыркеңсе» кәдімгі қала секілді еді. Кеңшар орталығы мен бөлімшелердің арасын жалғайтын жолдар салынды. Ал орталықтағы көшелерге асфальт төселді. Ауызсу мәселесі шешілді. Егіс алқаптары ретке келтірілді. Суландыру жүйелері тиянақталды. Бұның бәрі кеңшар директорының мол тәжірибесі және аудан, облыс басшылығымен тізе қосып жұмыс істей алатындығының арқасында жүзеге асты.

Ол қарауындағы әрбір кісінің жағдайын жақсы білетін, адамдарды ыңғайына қарай жұмсай білетін басшы болды. Ешкімді алалаған жоқ. Тек шаруашылыққа ғана көңіл бөлмей, тұрғындардың мәдени демалуына, көзі ашық болуына жағдай жасады. Елге белгілі тұлғалармен, республикалық деңгейдегі мәдени мекемелермен жиі кездесулер ұйымдастырды. Қолынан іс келетін адамдардың қолтығынан демеп, ынталандырып отырды. Соның бірі — менің әкем Машбек. Бригада басқарған, өзі де күріш еккен әкем білікті басшының қамқорлығын көп көрді. Тек ол емес, басқа да кісілер Әбекеңнің көмегін шын сезінді. Олар да кеңшар директорының атына кір келтірмеу үшін күні-түні еңбек етті. Соның арқасында Әбдіғаппар аға басқарған 11 жылда «Задарья» кеңшары облыстағы ең ірі астықты шаруашылыққа айналды. Бірнеше мәрте Республикалық туларды жеңіп алды.

Әбекең ұрпақ тәрбиесіне де қатты көңіл бөлді. Мысалы, ол қай үйде қандай бала өсіп келе жатқанын, оның неге бейімі бар екенін жақсы білетін. Сол баланың талабын ұштайтын. Біз жоғары кластарда оқып жүргенде түрлі курстарға қатыстық. Сол курстарда кеңшардың агрономы, инженері, экономисі, есепшісі, басқа да қызметкерлер дәріс оқитын. Бұл — Әбдіғаппар аганың ел басқару ісіне енгізген жаңалыгы еді. Соның арқасында біз мектепте жүргенде-ақ, шаруашылықтың қыр-сырынан хабардар болдық. Жақсылыққа ұмтылып өстік. Болашақ кәсібімізді сол тұста таңдадық. Әбекең менің Алматыдағы Халық шаруашылығы институтына оқуға түсуіме бірден-бір себепкер болды. Менің қатарластарымның бәрі де оның әкелік қамқорлыгын сезінді.

Өкінішке қарай, Әбдіғаппар Нұртазаев өмірден ертерек озды. Бүгінде өзі қызмет еткен ауыл ол кісінің атымен аталады. Бұл — ауыл тұрғындарының, бір кезде Әбекең Қазақстанға әкеліп қосқан, бүгінде етекті елге айналған жұртшылықтың оған деген алғысы мен құрметінің көрінісі. Үкіметке ұсыныс жасаған да, соңына дейін тиянақтаған да — солар. Осы іске өзімнің де себім тигенін мақтаныш етемін.

1945 жылы Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумын қызыл дипломмен бітіріп, небары 17 жасында еңбек жолын ұжымшар басқарудан бастаған Әбдіғаппар аға өз заманының озық тұлғасы болды. Істің үтырын біліп тұратын. Жаңақорғанның жеке аудан болып бөлінген сәтінен бастап, өмірінің ақырына дейін кіндік қаны тамған өңірдің гүлденуі жолында аянбай еңбек етті. Керек жерінде жоғарыға мәселе қоя білді, түйінді дүниелерге аудан, облыс басшылығының назарын аударта алды. Ал өзі кез келген мәселені тез шешетін.

Ол — жердің тамыршысы іспетті тамаша агроном еді, жер бедерін, топырақ пен су жайын «беске» білді. Ұдайы тұқым сапасын жақсартуға күш салды. Барлық шаруаның өтінде өзі жүрді, жұртшылықты да жұмылдыра білді. Адамдармен қарым-қатынас жасауда оның туабітті дегдарлығы аңғарылып тұратын. Ол басқарған шаруашылықтар сол тұстағы социалистік жарыстарда дәйім алдыңғы қатарда жүрді, адамдарының еңсесі тік болды. Бастаған істің нәтижелі болатындығына өзі сеніп қана қоймай, қасындағыларды да иландыратын қасиеті бар еді. Сол үшін де оны халық қатты қадірледі.

Еңбек Қызыл Ту, Октябрь ревлоюциясы ордендері, бірнеше медальдармен марапатталған, аудандық, облыстық партия комитеттерінің мүшесі, аудандық, облыстық кеңес депутаты атанған Әбдіғаппар аға Жаңақорған өңірінің қазығы секілді адам еді. Асыл аға бастаған істер бүгінде жалғасын тауып жатыр. Оның есімін ұлықтау жолында да көп шаруалар жасалып жатқандығы қуантады. Соның бірі — осы кітап.

Бұл — ең алдымен, біз үшін, болашақ ұрпақ үшін қажет дүние.

Құтты болсын, елдің қазынасына айналғай!

Жақында ғана облыс әкімімен осы мақала төркінінде әңгімелескенде Бердібек Мәшпекұлының өзінің жақын достарын, олармен өткен қызықты дәуренді егжей-тегжейіне шейін есінде сақтап, жақындарының, достарының есімдерін де есте сақтауына таң қалдық.

 

1961 жыл 21 шілде. Нұртазаев Әбдіғаппар (оң жақтан төртінші, бірінші қатары) Димаш Ахметұлы Қонаевтың қолынан «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген агрономы» құрметті атағын алғанда.

Иманды азамат Мәшбек Сапарбайұлы Нәлібаевтың қамқорлығымен салынған мешіт

Бердібек Сапарбаевтың сыныптасы Шайхов Машар Рахымұлы

Алматы қаласы. Студенттік кез. Оң  жақтан екінші Б.М.Сапарбаев, үшінші Бақыт Нұртазаев

Жаңақорған, Қызылордаға Елбасының алғашқы сапарларының бірі.

Көне көз қария Балташ Алтынбеков – Сапарбаевтарды жақсы біледі.

Ағайынды Сапарбаевтар: Бердібек, Нұрлыбек, Әлібек, Батырбек.

Балнияз Ажниязов, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

 

20 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2279
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596