Жұма, 29 Наурыз 2024
Аласапыран 8953 68 пікір 9 Қараша, 2018 сағат 10:22

Қазақстан жемқорлық пен тойымсыздықтың «ғаламдық жарқын үлгісіне» айналды

 

Ханнан  қасиет  жоғалар, биден  қанағат  кеткенде!

Халықтың  шыдамы  таусылар,Әділдікті  кісендеп,

Жетім-жесір, нашарлар, етегіне  зарын төккенде!

(Әлиасқар Байғұтұлы)

Шыдам деген жақсы қасиет, бірақ өмір қысқа!

(Мұхтар Әуезов)

 

Қазақстанның біліксіз билігі мен оның мемлекет ішіндегі мемлекеті іспетті, тек қана үстем тап өкілдеріне айналған «жаңа капиталист – олигархтарға», яғни мемлекет активтерін өздеріне қызмет етуге пайдаланып, халқын 27 жыл бойы тонап келген, мемлекеттік майлы қызмет пен бизнесті қатар ұстап, әбден байыған билік өкілдеріне қызмет етуші «Самұрық – Қазына» АҚ деген бірлестік өзіне қарасты «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы құрамындағы стратегиялық үш мұнай өңдеу зауыттарындағы мемлекеттік акция үлесі мен жанар жағар май бекеттерін тағы да жекелендірмек боп шешім қабылдады. Бұл кезекті жекелендіру жайлы алғаш рет компания басшысы С.Мыңбаев бұрынырақта хабарласа, одан кейіңгі 18.11.2015 жылы (ИА Новости-Казахстан агенттігі) «Самұрық – Қазынаның» басшысы, 1989 жылдан бері Қазақстанды басқарып келе жатқан Елбасы Н.Назарбаевтың сенімді нөкерлерінің бірі Ө.Шөкеев бүкіл жаһанға жар салған еді...

Қазір тәуелсіз Қазақстан Республикасын мемлекет деп есептейтін болсақ, онда бұл мемлекет қарамағында армия мен шекара қызметі, полиция мен түрме, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, салық инспекциясы мен қазіргі биліктің пәрменімен тас-талқан боп бөлінген ІІМ мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы агенттігі, және де өкілеттігі өте төмендетілген кеден қызметтері сияқты санаулы ғана құрылымдар мен мекемелер қалған. Өткен жылдардағы «жекелендіру науқандарынан» аман қалған мемлекеттік нысандар бүгінгі күні түгелге дерлік сатылып бітуге таяр...

Ал құрамында өкілеттігі мен пәрмені өте шектелген, ешнәрсеге ешқашанда жауап беріп көрмеген, ешнәрсені де өздігінен шеше алмайтын, президенттің ауаны мен аузына қарап үйренген министрлері мен агенттіктері бар, тек билік өкілдеріне ғана қажетті, яғни мемлекет пен халықтың ырыс-несібелерін тонап, жекелендіру үшін ғана керекті өкімдер мен қаулылар қабылдауға ғана қауһарлы Қазақстанның қуыршақ өкіметі халқымыздың төлеген салық есебінен нан жеп отырса да, аса маңызды мәселелерге келгенде олардың дауыстары мүлдем шықпай, бейшара күйге түседі. Себебі ешқандай құқы да, өкілеттігі де жоқ бұл бишара өкіметтер тек президенттің туындайтын түрлі дағдарыстар кезінде халықтың көңілін кезекті түрде басқа жаққа аудару үшін ғана жиі ауыстырып, қажет болса түрмеге де тыға салатын жанды қуыршақтарына айналған...

Өткен ондаған жылдар бойы Ел мен мемлекет істеріне қажетті сыни пікірлер мен ұсыныстарды БАҚ беттерінде талай рет жазғанбыз, қазір де ғалам мемлекеттерінің экономиканы жүргізу тәжірибесі мен амалдары, басқару жүйелері туралы мемлекетімізге үлгі ретінде ең болмаса пайдасы тиер деген ниетпен тұрақты түрде қайта-қайта жазып келеміз. Бірақ, о бастан құлақ пен көздері жеранауи сана-сезімнен айырылған, көкелері мен «жершілдіктің» арқасында таққа отырып, өздерін аспани нұрға бөленіп ерекше жаратылған «тұлғалар» ретінде санап келе жатқан биліктегі «ақсүйектерге» айналған мырзалар бұл пікірлерге пысқырып та қарамай, өршелене өзеурей «өзімбілемдеушілікке» салынып келеді...

Аздап тарихқа шегініс жасап көрейік. Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталып, әрі жоспарлы экономиканы әкімшілдік жүйемен үйлестіре ұштастырып, дамытып келген ғаламдық социалистік жүйенің Бас сүйретушісі болған КСРО үкіметінің түбіне жетіп, оның құлауына да себепкер болғандар, оның басшылығына экономиканы күйреткен 1971-1991 ж.ж. келген мансапқор, атаққұмар, дүниеқоңыз, партияны баю мен билік көзі ретінде пайдаланған жалғаншы ревизионистер болды. Олар ғылымда, өндірісте, ауыл шаруашылығы мен өмірдің барлық саласына басшылықтар жасаған кездері, жылдар бойы мемлекеттік жоспарларды асыра орындағандары туралы жоғарыға берген өтірік ақпарларымен алға дамуды тежеп, бұлардың еңбексіз алған марапаттары мен мақтаулар ағындарының соңы, бүкіл халық шаруашылығы мен жалпы ел экономикасын құрдымға кетіріп, нәтижесінде ғаламдағы екінші мемлекеттің  тас – талқаны шығып, күйреуіне әкелген еді...

Біліксіздік пен білімсіздіктің, жауыздық пен жауапсыздықтың улы жыландарына айналған большевиктік – партократтар жүйесіне қарсы өткен ғасыр соңында халық өкілдері демократтар бүкіл одақ елдерінде жаппай митингілер жасап көтерілген сәтте, бақтары мен дәуірдің өздерінен ауарын сезген бүкіл жүйені тұралатып қақыратқан бұрыңғы одақтық партократ басшылар өңдерін айналдырып, демократтарға айналып шыға келді. Әсіресе ондайлар Одақтың ұлттық аймақтарында белсене қимылдады. Және де бұлар өкінішке орай сол кездері билікті түрлі айлалы жолдармен басып қалды. Енді міне сол бұрыңғы партократтық Кремльден бекітіліп шыққан шаблондармен жұмыс істеп үйренген, қиын сәттерде шешім қабылдап үйренбеген, тек қана орталықтан «ләппайлап» бұйрық күткен, бірақ сол күйреген орталықтан шексіз тәуелсіздік алған партократ жалтақтардың атқарып келе жатқан билігінің зардаптарын халқымыз тартудай ақ тартып келеді. Жалғандық қанына сіңген бұл мырзалар: «Әкімшілдік жоспарлы экономикалық басқарудан озық үлгідегі нарықтық қатынасына көштік!» - деп, міне 27 жыл болды халықты алдап келеді. Бірақ бұлар: «Бірінші кезекте экономика! Нарықтық қатынастарға көштік! Ендігі бар табыс пен бақыттың бастауы жаппай жекелендіруде!» - деп ұрандап жүргенде, Қазақстанды бүкіл ғалам елдері баяғыда ақ өтіп кеткен 19 ғасырдағы «Жабайы капитализмге» қалай апарып түсіргендерін байқамай да қалды. Қазақстан экономикасы қазір ешқандайда нарық қатынастарында емес, артель, синдикат, мафия билік құрған нағыз «жабайы капитализм» деңгейінде ғұмыр кешуде. Яғни елдегі бұрыңғы партократтар мен олардың жақындары мен сыбайластарынан тұратын «жаңа капиталистер» одан ары байып, пролетариатқа қайта айналған халықтың негізгі бөлігі одан ары кедейлене түсуде...

Жаппай жекелендіру қайда апарады? Бақытқа жеткізе ме, әлде құрдымға кеткізе ме?

Қандай мемлекет болмасын, оның негізгі стратегиялық нысандары: жер асты қазба байлықтары, уран, алтын, қара және түсті металдар, энергетика мен логистикалық коммуникациялары,  мұнай мен газ кәсіпшіліктері, зауыттар мен фабрикалар, космос, металлургия, алтын өндірісі салаларындағы, тағы с.с. кәсіпорындар мемлекет қарамағында болуы керектігі о бастан белгілі еді. «Бақ қонып, бастық болған, қой бағуға жарамайтын партократ тексіздерге мемлекет басқартудың қауіптілігі осында!» - деп, 90 - шы жылдары айтқан едік! «Жаппай жекеменшіктен тұрған экономика тек жабайы капитализмге, яғни артель, трест, синдикат пен мафиялықтар басқарған экономикаға әкеледі. Мұндай елде ешқашанда нарықтық (рыночный) қатынастар туындамайды!» - деп, қаншама рет айтылды да, жаздық та... Өкінішке орай, енді міне Қазақстанда осы ескертілген «жабайы капитализм» үстемдік құрып отыр. Еліміздің экономикасының бүгіңгі дамуы дамыған 30 елдердің қатарында емес, елулікке де ілесе алмай Африканың артта қалған елдерінің қатарына қарай кері сырғып барады. Ғаламның алдыңғы сегіздігіне кіретін Англияның экономикасындағы шетелдіктердің үлес салмағы жалпы өндіріс акцияларының 15 пайызынан аспайды. Жетіліктің мықтыларының бірі Францияда 15 пайыздан 20 пайызға дейінгі аралықтағы акцияларға шетелдіктердің егелік етуіне тек қана Ел Парламентінің рұқсаты керек! Аралас экономиканы қолданып ғаламдық екінші экономикаға айналып отырған Қытайда экономиканың 96 пайызы мемлекеттік, ал демократия мен нарықтық қатынастар жүйесі өте дамыған АҚШ - та экономикасының 51 пайызы, Англияда 56 пайызы мемлекет қарамағында!

Ал мына "ғұламалар" билік құрған Қазақстан экономикасының 96 пайызы қазір жекеменшікке айналып отыр. Жеке бизнесмен, немесе шетелдік инвестор өз қаржысына салған зауыты мен фабрикасына өзі егелік етсе, ешқандай да жеңілдіксіз толық қанды салығын төлеп отырса, заңды негізде акцияларын қор биржа нарығына шығарып, немесе өз еріктерімен ұжыммен бөлісіп отырса, оған ешкімнің де таласы да, жұмыстары да болмас еді...

Ал бізде мүлдем басқаша болды. Оның ең масқаралығы, 90 шы жылдары басталған «жаппай жекелендіру науқанында» мемлекет қаржысына салынған, табыс тауып мыңдаған азаматтарымызды асырап, мемлекет қазынасын төлеген салығымен толтырып, мыңдаған ұлттық инженер – техник қызметкерлерді өсірген, және де олар басқарып отырған зауыттар мен фабрикаларды, жер асты қазба байлықтарын өндіріп жатқан шахталар мен мұнай - газ кеніштерін, яғни халықтың ырыс - несібесін жекелендіріп оны өз жақындары мен шетелдіктерге азын – аулақ қаржыға сатып, үлестіруді қандай жетістікке жатқызуға болады?! Жаңа қожайындар осы өндірістердің табысынан бөлінген қаржыларға уақыты жетіп әбден тозып, істен шыққан жабдықтар мен қондырғыларды ауыстыруды шетелден келген инвестиция деуге болар ма екен? Сонда шетелдерден  келуге, және де жаңа озық үлгідегі технологиялық жетістікке жеткен кәсіпорындар саламыз деген инвестициялар, яғни қаржылар қайда? Озық үлгідегі зауыттар мен фабрикалар қайда? Кімнің оқпанына түсіп кетті? Қанша жұмыс орындары ашылды? Осыдан кейін, жұмыс істеп, пайда беріп тұрған республика бойынша мыңдаған кәсіпорындар мен өндірістерді жаппай жекелендіріп, қаншамасын біліксіз, өндірістің иісі мұрнына бармайтын жаңа меншік егелері жүргізе алмай банкроттап жойып, металломға айналдырып, шетелдерден алған қарыздарды 166 миллиард 600 миллион долларға жеткізіп, келешек ұрпақтардың мойнына шейін қарыз ілген мына қазақ билігі қандай бағаға да, жазаға да ылайық!

Елінің ертеңін ойламай, мемлекет пен халықтың мүлкін билік басындағылар осындай жолдармен жеке мүддені көздеп, жекелендіріп ала берсе, шетелдерден келген қаржылар құмға сіңген судай есебі жоқ, мемлекет пен халықты қарызға батыра берсе, әділеттілік пен шындық қайда қалады? Енді мына бір ғана адам ұзақ жылдар бойы басқарған, біліктілігі мен дамуы кері кеткен биліктің 2018 жылдың басындағы ИНТЕРФАКС-КАЗАХСТАН арқылы арнайы таратқан хабарының мәтінін сол ұлтаралық қатынастар тілінде жарияланған күйінде беріп көрейік:

«Все три НПЗ в Казахстане будут приватизированы в рамках подготовки к IPO "КазМунайГаза" - Миннацэкономики Астана».

16 января. ИНТЕРФАКС-КАЗАХСТАН - Павлодарский, Атырауский и Шымкентский нефтеперерабатывающие заводы будут приватизированы в рамках подготовки к IPO АО "Национальная компания "КазМунайГаз", заявил министр национальной экономики Тимур Сулейменов. "Реализация 14 активов перенесена в периметр IPO их материнских компаний в целях повышения их стоимости", - сказал Т.Сулейменов на заседании правительства во вторник. В частности, в рамках подготовки к IPO "КазМунайГаза" будет реализовано 7 активов (доли участия, принадлежащие КМГ): ТОО "Урихтау Оперейтинг", ТОО "Павлодарский нефтехимический завод", TH KazMunaiGas N.V., ТОО "ПетроКазахстан Ойл Продактс", ТОО "Атырауский нефтеперерабатывающий завод", ТОО "KMG Automation", ТОО "Тениз Сервис", сообщил Т.Сулейменов Таким же образом будут проданы активы АО "Национальная компания "Казахстан темир жолы" (пять активов: АО "Казтемиртранс", АО "Пассажирские перевозки", АО "Багажные перевозки", АО "Вагон сервис", АО "Пригородные перевозки"); и АО "Национальная компания "Казахтелеком" (два актива: ТОО "Нурсат+" ООО "КТ-АйИкс"). "В настоящее время разработан соответствующий проект постановления правительства, который находится на согласовании в государственных органах", - заключил глава Миннацэкономики. Как известно, правительство Казахстана утвердило комплексный план приватизации на 2016-2020 годы и список объектов, подлежащих передаче в конкурентную среду. В перечень крупных организаций республиканской собственности, подлежащих приватизации в приоритетном порядке, вошли такие организации, как: АО "Национальный научный медицинский центр", нацкомпания "Казахстан гарыш сапары", национальная геологоразведческая компания "Казгеология", международный аэропорт Астаны и другие. На IPO будут выведены: национальная железнодорожная компания "Казахстан темир жолы", национальная нефтегазовая компания "КазМунайГаз", национальная атомная компания "Казатомпром", АО "Самрук-Энерго", национальная горнорудная компания "Тау-Кен Самрук", ТОО "Казцинк", АО "Казпочта", АО "Эйр Астана" и другие компании. В Казахстане с населением 18 млн человек действуют три НПЗ - Атырауский, Павлодарский и Шымкентский. "КазМунайГаз" и CNPC владеют по 50% долей Шымкентского НПЗ. Атырауский и Павлодарский заводы контролируются "КазМунайГазом".

Төменде ел экономикасына пайда беріп тұрған, мемлекет қазынасынан миллиардтаған доллар қаржы жұмсалып салынған кезекті мемлекеттік нысандарды "ғұламалардың" тағы да сатып, пайда таппақ болған ниетіне назар аударсақ:

"Казахстан и ОАЭ заключили ряд соглашений"  Астана. 24 марта. ИНТЕРФАКС-КАЗАХСТАН – В рамках визита президента Казахстана Нурсултана Назарбаева в Объединенные Арабские Эмираты подписан ряд документов о сотрудничестве, сообщила пресс-служба главы Казахстана. Так, в ходе официального визита подписаны: соглашение между правительством Казахстана и ОАЭ о поощрении и взаимной защите инвестиций, рамочное соглашение об основных принципах приобретения 49% акций акционерного общества специальной экономической зоны "Морпорт Актау", рамочное соглашение об основных принципах участия DP World в капитале АО "Управляющая компания СЭЗ "Хоргос – Восточные ворота". Кроме того, заключены меморандум об основных условиях сотрудничества в отношении строительства интегрированного газохимического комплекса в Атырауской области (производство полиэтилена), меморандум о взаимопонимании относительно выкупа/приобретения доли участия в заводе по производству полипропилена в Атырауской области. Также подписан договор об участии во Всемирной выставке "ЭКСПО-2020" в Дубае. 24.03.2018, 17:44 | back

Осындайда: «Біздің билікте қой бағуға жарамайтын, ылғи да құлқынның құлдарына айналғандар жиналған ба?» - деген де ой келетін болды соңғы кездері. Ал енді мына әпербақандық әрекетке не деуге болады? Қаз қалпында:

"Приватизация нацелена в первую очередь на пополнение активов Нацфонда Казахстана – глава Миннацэкономики" Астана. 26 марта.2018 г. ИНТЕРФАКС-КАЗАХСТАН

– Активы Национального фонда Казахстана пополняются не теми темпами, которые необходимы, считает министр национальной экономики Казахстана Тимур Сулейменов. "Для пополнения Национального фонда, в первую очередь (объявлены на продажу акции Жилстройсбербанка Казахстана – ИФ-К). Мы, наверное, будем говорить про это достаточно много и говорили достаточно много в прошлые годы: Национальный фонд мы сильно задействовали на тот же "Нурлы Жол", "Нурлы Жер" и видим, что его активы у нас пополняются не так быстро, как хотелось бы", - сказал Т.Сулейменов, отвечая на вопросы депутатов на правчасе в мажилисе в Астане в понедельник. "Поэтому перед нами задача пополнения Нацфонда стоит", - добавил он. Кроме прочего, приватизация нацкомпаний, по словам министра, позволит привлечь "стратегических инвесторов с хорошим именем", которые привнесут "дополнительные управленческие технологии и т.д". Данный ответ министра прозвучал на выпад депутата мажилиса Омархана Оксикбаева, который возмутился отсутствием внятного объяснения приватизации Жилстройсбербанка: "Сейчас они объясняют, что стратегического партнера приведут. Что мы выиграем, если этот партнер придет стратегический? Он же будет свои диктовать условия за те вклады, которые он вложил в этот банк. У него свои правила будут. Какие у него правила будут, что мы ему разрешаем, что мы теряем, что находим? Никто конкретно ничего не говорит! Вы все обтекаемо говорите, народ ни хрена ничего не понимает!", - возмутился депутат. 26.03.2018, 11:26 | back

Тағы да айтпасқа болмас. «Ұлттық Қор» - деген ел экономикасынан түскен пайданың бір бөлігімен толтырылмайтын  ба еді? Қазір қорда қанша қаржы қалды? Кезінде «Казкоммерцбанкке» сауықтыруға деп берілген 8 миллиард АҚШ доллары қашан қайтарылады? Егер бұл банк 1 теңгеге сатылып, жойылып кетсе, оны кім қайтарады? Жаңа қожайын ба? Бұл кезекті алаяқтық емес пе? Бұларға не күн туды? «Ұлттық Қорды» не үшін шетелден алған қарызбен толтырмақ? Әлде тағы да бір «бейшара миллиардердің» зауыты мен ашыққан банкілерінің бірі ақсап, мүлдем жүре алмай қалды ма екен?...

Биліктегі  қанағатсыздық вирусымен аскына ауырғандардың халықтың ырыс - несібесін, яғни мемлекет мүліктерін түгелге дерлік сатудағы мақсаттары не? Әлде бұл мырзалар келешектерін Қазақстанмен байланыстырғысы келмей ме? Қазақстанды Отаным десе, онда неге табиғаты өте жайлы алыс шетелдерде тұратын үй - жайларына шейін дайындап қойған? Мемлекет істері мен оның өндірісін, және ауыл шаруашылықтарын тиімді түрде басқаруға шамалары мен өрелері, яғни білімділігі мен біліктілігі жетпейтін, Отан, Ел, Жер, патриотизм деген ұғымнан мүлдем мақұрым қалған, Елі мен халқының болашағына жаны ашымайтындар болмаса, экономиканың 96 пайызын жекеменшікке сата ма? Ел басқарғандардың экономикада мемлекеттің үлесін осыншама азайтқандағы түпкі мақсаттары не? Бұлар сонда нені көксеп жүр? Әлде мемлекетті, оның жерінің асты мен үстін бөлшектеп әлемдік алпауыттармен бірге жекелендіріп алмақ па? Қорасында тышқақ лағы жоқ, не бір гектар егістік жері жоқ, ауыл шаруашылығы тас – талқан болып күйреген, не бір толыққанды егелік еткен зауыттары, не халық тұтынатын тауарлар шығаратын фабрикалары тағы да жоқ, кадрлары мықты болмай қадірі (универсалдар билеген) кеткен мемлекетті мемлекет деуге бола ма?!...

Мыңдаған жылдарға созылған тарихымызда болмаған масқара сұмдық, жетімі мен жесірін жатқа қимаған, сүйегін қорлатпаған асыл текті халқымыздың әдет – ғұрыптарын аяқ асты етіп, балалар үйлеріндегі жетімдерді сатып болғандары аз болғандай, бұл тексіздер бұрыңғы отаршылдардың 7 әскери - ядролық сынақ полигондары мен космодромдары кесірінен істен шығып жарамсызданған, киелі Жер АНАМЫЗДЫҢ  амил мен гептилден аман қалған жарамды пұшпақтарын да сатпақ болды ғой...

Монархиялық Англияда шетелдіктер елдегі акциялардың тек 15% - н ғана сатып алатынын, ал стратегиялық салаға мүлдем жолай да алмайтынын жоғарыда айттық. Ал біздің «ғұламалар» елді де, экономиканы да банкротқа ұшыратуға таяп қалды. Енді қалған - құтқандарын сатып бітіргесін шетелдерге қашпақ ойлары бар ма? Бірақ қайда қашса да Алла мен халық қаһарынан ешқашанда құтыла алмайтындарын неге ғана ұқпайтындарына таң қалмай көр?! Бұл қандай феномендік қасиет? Әлде тексіздік пен шектен шыққан тойымсыздық, жемқор пенделердің ой – саналары мен миларын жазылмастай етіп тұмшалап тастаған ба?! «Құл жиылып, бас болмастың» кері ме?!!

Филиппиннің бұрыңғы президенті, жемқорлықпен елін тонап 4,5 миллиард АҚШ долларымен шетелдерге қашып ауыр қасіретке ұшырап, өлгеннен соң жеті жыл бойы жерленбеген Ф.Маркостың ащы өмірі біздің елдің ел басқарып отырған әрбір шенеунігіне сабақ болуы тиіс...

Түйін. Аралас экономикаға көшпей, нарықтық қатынастар үстемдік алмай, экономика толыққанды дамымайды! Заңның үстемдігі, мықты кадр саясаты, мемлекеттік қызмет пен бизнестің бөліну керектігі, және де туындаған әлеуметтік мәселелерді дер кезінде шешу, бүгіңгі күннің ең басты талабы, ең өзекті мәселесі!

Мемлекеттік кәсіпорындар мен жекеменшік кәсіпорындар арасындағы өндірілген тауарларын сатуға шығарып өткізу жолында бәсекелестік пен жарыс туындамай, экономикада нарықтық қатынастар ешқашанда қалыптаспайды. Экономиканы басқаруда дамыған елдердегідей аралас экономикаға көшу керек. Яғни нарықтық қатынастар мен әкімшілдік жүйені үйлесімді түрде заңмен реттеп, басқару жолдары. Мұндай іс - шаралар өз кезегінде бәрінде нарықтың өзі реттейді деп экономикалық дамуды бетімен жіберген бойкүйездік жабайылықтан, әркімге жалтақтап тығырыққа жиі ұшырайтын «Қазақстандық тоғышарлық басқару жүйесінен» арылтады. Тәртіп орнап, экономикадағы бейберекетсіздік пен анархияны болдырмайды. Мұндай тоғышарлықтың жиі қайталануының басты себебі мен оның «жарқын көрінісі» Қазақстанда ұлттық валютаның 25 жыл бойы тоқтаусыз құнсыздануы мен Қазақстанда өндірілетін мұнай өнімдері мен газға, жарық пен жылуға, суға баға белгілеудегі мемлекеттің, яғни өкіметтің сауатсыз бейтараптық, немкеттілік саясат ұстануы!

Міне, осының тағы бір мысалы жақында ғана Қазақстанның су жаңа, білікті де, тегеуірінді Бас Прокуроры Қ.П.Қожамжаровтың бастамасымен жүргізілген ішінара тексерудің соңы Еліміз бойынша коммунальдық төлемдердің көтеріңкі тарифтермен заңсыз алынып келгендігі анықталды. Баға белгілеуде өзіндік құн есеп - қисабын (калькуляциясын) тексеріп, оны бекітіп, жыл бойы сақталуын бақылауға тиісті антимонополиялық комитеттің қылмысқа тең «біліксіздігі мен жауапсыздығы» кесірінен тұтынушыларымыздың миллиардтаған теңге шығынға батқандығы белгілі болды...

Экономиканы басқармаса, білімді де, білікті кадр таңдау саясаты болмаса, баға белгілеуді заңмен реттеп, бақылап отырмаса, әлеуметтік мәселелерді дер кезінде шешпесе, қоғамдық тәртіпті жолға қоймаса, соттар әділетті болмаса, білім мен медицина ақылы болса, ондай мемлекет пен сол мемлекетті дұрыс басқара алмаған, жеген нанын ақтамайтын мыңдаған шенеуніктерді асыраудың не қажеті бар деген заңды сұрақ қоюға кез келген мемлекетті асырап отырған салық төлеушінің құқы бар! Халықаралық өркениет қағидасы да, Ата заңымыз да тура осылай дейді...

Енді не істеу керек? Ең бастысы, Ел экономикасының негізгі ұстыны, тіреуі әрі іргетасы болып саналатын кәсіпорындар мен кеніштердің акцияларының 51 пайыздық үлесі мемлекетте, 35 пайызы ұжымда, қалған үлестер шетелдіктер мен Қазақстан азаматтарына сатылса, міне сонда ғана нағыз әділеттілік орнап, «халықтық экономика мен ұлттық патриотизм» күшейіп, мемлекеттің дамуы барлық жағынан да алға басады. Ал билік пен бизнесті тез арада бөлу керектігі де ең өзекті мәселе! Билік пен бизнесті біріктіру ешқашанда әділетті қоғам орнатпайды. Оның есесіне биліктегілердің бәрі де бизнесмен, әрі жемқорларға айналып, «билік пен жеке мүддені үйлесімді түрде бас пайдасы мен қалта толтыру көзіне» айналдырады. Меншігінде ауыл шарушылығы компаниялары мен авиация, энергетика, транспорт саласы, мұнай – газ кеніштері мен мұнайды өңдеп, бензин, солярка, керосин, мазут сияқты өнімдер шығаратын зауыттары бар, немесе дәрі – дәрмек пен тамақ өндірісі сияқты фабрикалары бар бизнесмен жоғарғы билікте отырғанда ешқашанда баға арзандап, тұрақтамайды. Елге керекті жаңа зауыттарды олар салдыртпайды. Олар үшін жеке мүдделері әрқашанда биік тұруы керек?! Есесіне өз мұнай шикізатын толлинг тәсілімен  ешқандай да кедендік салықсыз шетел (Ресей мен Қытайға) зауыттарына апарып өңдеп, дайын өнімдерді тағы да салықсыз ішкі нарыққа әкеліп қырғын пайда тауып отырған шенеунікке баға саясаты мен мемлекеттің, халықтың қамы не керек?! Міне осындай үрдістерден соң халықтың әлеуметтік жағдайын нашарлатып, абыройдан жұрдай болған қазіргі Қазақстан билігі бүкіл ғаламға аттарын шығарып, жемқорлық пен тойымсыздықтың бірден бір «ғаламдық жарқын үлгісіне» айналып отыр...

Шыдам деген жақсы қасиет, бірақ өмір қысқа! Сондықтанда мимырт ұйқыдан ояну керек! Ойлану керек! Шешімін жоғарыда айттық. Алла Жар болсын мың өліп, мың тірілген киелі Халқымызға!!!

Ілесбек Байжанов

Abai.kz

 

68 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610