Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Аласапыран 8411 36 пікір 13 Желтоқсан, 2018 сағат 10:46

Орыстың тілі мен мәдениетінен бас тарту басталды

Осы аптада Украинаның тағы бір аймағы орыс тіліне шектеу қойды. Нақтырақ айтсақ, Ивано-Франковск облысының депутаттары Ресейдің егеменді Украинаға қарсы агрессиясы толық басылғанша орыстың мәдени өнімдерін қолдануға тиым салды.

Жоба авторларының сөзінше, агрессорлардың өніміне – ресейлік азаматтар мен компаниялар шығарған әндер, әуендер мен фильмдер жатады.

Облыстық кеңестің тағы бір депутаты, “Свобода” ұлттық партиясының өкілі  Василий Попович бұл ұсынысты қолдау үшін “Мәскеуді өлтір” флешмобын да ұсынған.

Бұған дейін мұндай шешімдер екі аймақтық кеңесте: Львовте (18 қыркүйек) және Житомирде (25 қазан) жасалған. Ал орыс тіліне барлық мораторий президенттік әкімшіліктің бастамасы бойынша енгізіледі. Және ол П.Порошенконың «бір тіл» сайлау ұранын іске асыруға бағытталған.

Біздің депутаттар орыс тіліне шектеу қоятындай батылдыққа бара алмас, бірақ, қоғамның қазақ тіліне деген сұранысы артып келе жатқаны рас. Нәтижесінде, орыс тілінің ықпалы төмендегені байқалады.

Мәселен, жуырда Алматы қалалық мәслихаты қаладағы бірқатар шағын аудандардың атауын қазақшалау туралы бастама көтерді. Сөйтіп, жергілікті өзін-өзі басқару және тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес, Алматыдағы  Ремизовка - Асқартау, Дубок ш/а - Шабыт, Бутаковка – Мұзтау, Дорожник ш/а - Көкмайса, Трудовик - Томирис, Первомайский - Кемел, Заря востока – Шапағат болып өзгермек.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде де “Киноны қазақша көргім келеді” деп аталатын пикет жарияланды. Кино мен мультфильмді қазақ тілінде, ыңғайлы уақытқа қоюды талап еткен бұл үндеуге аз уақыттың ішінде 30 мыңнан аса қол жиналыпты. Нәтижесінде, Астанадағы және Алматыдағы кейбір кинотеатрлар қазақ тіліндегі мультфильмдерді ыңғайлы уақытқа қоя бастаған.

Демек, қоғамда қазақ тіліне деген сұраныс күн сайын артып келеді. Енді осыны билік өкілдері түсінсе дейміз.

Бірақ, ана тілінде екі ауыз сөздің басын құрай алмайтын біздің депутаттардың  “орыс тілін шектеу туралы” бастама көтеруге батылы жетпейтіні түсінікті. Алайда, сол шенділер Украиндық әріптестерінің ерлігінен үлгі алуға болатындай...

Айтпақшы, сол украин президенті П.Порошенко 11-желтоқсан күні Ресеймен арадағы достық келісімнен шығу туралы заңға қол қойды. “Ресеймен келісімнен шығу – отарлықтан құтылып, Еуропаға бет алу стратегиямыздың бір бөлігі” деген Порошенко мырза, Ресейдің ықпалынан шыға алмай отырған өзге де постсоветтік елдерге үлгі көрсетіп кеткені рас.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

36 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1561
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2251
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3504