Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Саңлақ 5472 3 пікір 4 Қаңтар, 2019 сағат 13:22

Аса талантты боксшыларымыздың бірі допингпен ұсталды

Қазақстандық боксшы Назым Ищанова AIBA аясындағы жарыстардан екі жылға шеттетілді.

Сайыстан тыс уақытта алынған допинг-сынамада Ищанованың қанынан фуросемид ізі табылды. Бұл препарат допинг болып саналмайды, бірақ салмақ қууға және тыйым салынған дәрілердің ізін көрсетпеуге көмектеседі.

Осылайша, спортшы 2018 жылдың 26 қарашасы мен 2020 жылдың 25 қарашасы арасында сайыстарға қатыса алмайды.

Демек, талантты боксшы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігінен айырылып қалды. Себебі, Токио Олимпиадасы 24 шілдеден 8 тамыз аралығында өтеді.

Назым 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадаға да бара алған жоқ. Оған Қазақстан бокс федерациясының түсініксіз шешімі себеп болды. Анығы, 2016 жылы 60 келі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанған Назым Астанада өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына (Олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын) жіберілмеді. Қазақстан чемпионатында топ жарса да әлем біріншілігіне қатыса алған жоқ. Оның орнына Римма Волосенко (Назымнан жеңіліп, ел чемпионатында күміс алған) Астанада жолдамаға таласқан. Алайда Волосенко федерация артқан үмітті ақтай алған жоқ. Астанада ол тіпті бірінші айналымнан да аса алмады.

Бәріміз білетіндей 2016 жылғы Олимпиадаға еліміз атынан Жанна Шекербекова (51 келі) мен Дариға Шәкімова (75 келі) қатысқан болатын. Бұның соңғысы қола медаль алып, қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Ищанова – бокстан еліміздің бірнеше дүркін чемпионы,  2013, 2015 жылдары жастар арасындағы әлем біріншіліктерінде қола медаль жеңіп алған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3500