Жұма, 29 Наурыз 2024
Абай.tv 9952 9 пікір 4 Қаңтар, 2019 сағат 18:34

«Дем». Үнсіз қарсылық

Қазақ қоғамының қазіргі бейнесі бәрімізге белгілі. Билік пен халықтың арасы жер мен көктей алыстап кеткен. Халқын ұмытқан қазақ билігі ат төбеліндей топтың сойылын соғып, сөзін сөйлеуден тайынбай отыр. Ал қарапайым халық күнкөрістің күйбеңінде бары-жоғы білінбей мимырт тіршілік кешуде. Көп адамның осы күйге еті үйренгені сонша тағдырдың тұзағына тыпырлай алмастай тұсалған. 

Ал елдің еңсесі басылғанын, әділдік пен адамдықтың ақ туы жығылғанын жан-жүрегімен сезінген саналы топ торға қамалған арыстандай аһ ұруда. "Күш қазандай қайнайды, күресуге шама жоқ" деген сол жандардың айтары тек "сұм өмір абақты ғой саналыға" болып тұр...

[embed]

[/embed]

Есті адамның жаны қашан да тыныштық таппаса керек... әлде нені іздейді, әлде нені аңсайды. Мына дүниеде артықырақ өмір барын сезеді, талпынады. Фильм кейіпкері сондай адами ортаны, самғай ұшар еркін аспанды аңсаған жан. Киноның авторлары осы шағын еңбегінде сол аңсарын іздеген жанның туған қаласымен үнсіз қоштасуын, өз ортасына үнсіз қарсылығын, сыбырға жуық үнін, яғни «Демін» ғана сездіруге тырысты.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3589