Жұма, 29 Наурыз 2024
Саңлақ 4284 2 пікір 25 Қаңтар, 2019 сағат 10:40

Қазақстан құрамасы Хорватиямен жолдастық кездесу өткізеді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Хорватиямен жолдастық матч өткізеді.

29 қаңтардан 3 ақпанға дейін Қазақстан құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиыны өткізеді. Осы жаттығу жиыны аясында құрама Хорватияға қарсы қос бірдей жолдастық кездесу өткізеді. Бұның бірі 1 ақпан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында, ал екінші ойын 2 ақпан күні «Зенит» спорт кешенінде («Бағанашыл») өтеді.

Сондай-ақ, 1 ақпан күнгі алғашқы кездесу кезінде UEFA Чемпиондар Лигасы төрттік финалының жеребе тарту рәсімі өтеді (кездесу 19:30-да басталады).

Айта кетейік, биыл сәуір айында «Алматы Аренада» футзалдан чемпиондар лигасы төрттік финалы өтеді. Онда «Спортинг» (Португалия), «Интер» (Испания), «Барселона» (Испания) және жергілікті «Қайрат» (Қазақстан) төрттігі бақ сынайды.

Футзал - өткен ғасырдың 30 жылдары футболдың қарашаңырағынан отау болып бөлініп шыққан болатын. Алғаш Уругвайда пайда болып, кейін көрші Бразилия жеріне көшкен кіші теңбіл доп өнерінде күні бүгінге дейін Латын америкалықтар мықты саналып келеді.

Футзал ойыны елімізде де аса қарқынды дамып келеді. Миллиардтап қаржы құйса да мимырт жүрісін жақсарта алмаған футболға қарағанда футзал спорты қазаққа әлдеқайда жақын. Құрамада доп теуіп жүрген өз жігіттеріміз жетерлік. Легионерлер жоқ дей алмаймыз. Бірақ футболдағыдай сапасыз емес. Бразилиядан келген легионерлердің арқасында жерлік жастардың футзалға бейімі тез артып келеді. Бұған дәлел осы жолы ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншылардың тізімі:

Қақпашылар: Игита («Қайрат») мен Салауат Байралиев («Ақтөбе»);

Алаңдағы ойыншылар: Дінмұхамбет Сүлейменов, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас, Серік Жаманқұлов, Тайнан (бәрі - «Қайрат»), Альберт Ақбалықов, Нұрбек Қарағұлов, Қайрат Иманалин (бәрі - «Ақтөбе»), Азат Валиуллин («Аят»), Нұрсұлтан Пиялы («Жетісу»);

Бапкерлік штаб: бас бапкер – Паулу Рикардо Фигейра Силва, бас бапкердің көмекшісі – Сергей Коридзе, физикалық дайындық бапкері – Де Соуза Каррильо Луиз Круз, дәрігер – Хосильбек Тағаев, массажшы – Айбек Есалинов, әкімші – Жандос Кеңесов.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жетістіктері: 2016 жылы Сербияда өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Біздің футзалшылар қарт құрлық біріншілігіне алғаш рет қатысқанына қарамастан үздік үштікке енді.

Араға екі жыл салып Словенияның Любляна қаласында өткен кезекті Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы да жақсы нәтижеге көрсетті. Екі Еуропа біріншілігінен бөлек, әлем чемпионатында да Какау шәкірттері жанкүйерлерді шын қуантқан.

Биыл жазда Алматы қаласында өткен студенттер арасында футзалдан әлем чемпионатында жас футзалшыларымыз күміс жүлдегер атанды.

Әділін айтқанда, «Қайрат» командасы қазақ футзалының дамуына өлшеусіз үлес қосып отыр. Бүгінгі таңда алматылық клуб Еуропаның ең үздік командаларының бірі саналады. Құрлықтың басты турнирі UEFA кубогын екі мәрте жеңіп алған.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553