Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Аласапыран 6754 42 пікір 8 Мамыр, 2019 сағат 11:37

Бас Прокуратура: Митингі ұйымдастыруға жол берілмейді

Қазақстан Республикасы Бас

Прокурорының орынбасары Б.Дембаевтің

«Прокуратура туралы» Заңның

31-бабының тәртібінде үндеуі

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 2009 жылдың 9 мамырда заңсыз митингке қатысуға үгіттеуде.

Бас прокуратура бұдан бұрын осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін жауаптылықты ескерткен болатын.

Алайда 2019 жылдың 1 мамырында кейбір азаматтар уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлері әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын түсіндіргенін елемей, заңсыз митингілерге шығып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Олардың құқықтық тәртіпке қайшы іс-әрекеттерінен азаматтардың демалуына және тыныштығына қауіп төнді.

Осыған байланысты митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз.

Құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретін болады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады.

Abai.kz

42 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3500