Жұма, 29 Наурыз 2024
Аймақ 5230 7 пікір 31 Мамыр, 2019 сағат 18:29

Қызылордалықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Облыс орталығында ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған еске алу шарасы өтті, - деп хабарлайды Абай-ақпарт.

– 1992 жылы осы мәселені арнайы зерттеген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Төралқасының комиссиясы өзінің қорытындысында: «Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай-ақ, табиғи өлім деңгейінің ұдайы жоғары болуынан 2 млн. 200 мың адамнан, яғни, барлық қазақ халқының 48 пайызынан айырылды», - деп жазды. Аштықтан, негізінен, жас балалар мен әйелдер қырылғандықтан қазақтардың өсуі қатты тежелді. Кейін бұл аштық «Қызыл қырғын», «голощекиндік геноцид» деген атауға ие болды. Голощекиндік зұлматтың қазақ халқына алып келген шығыны әлем тарихында гитлершілдердің Европадағы еврейлерге жасаған сойқанымен пара-пар келіп, Кампучиядағы «Қызыл кхмерлер» зардабынан асып түсті. Бұл зұлмат ХХ ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстың бірі болып саналады, - деді Қызылорда облысын әкімі Қырымбек Көшербаев.

Сондай-ақ, шара барысында құрбандарды еске алу мақсатымен бір минуттық үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590