Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5005 0 пікір 30 Маусым, 2011 сағат 10:48

Ана тіліңді аяла, Алаш баласы!

Мемлекеттік тілден мақұрымдарға - мың доллар айыппұл

Латвия мемлекеттік тіл туралы заңды бұзғандарды біздегідей маңдайынан сипап, еркелетіп ел билігін беріп қоймайды. Әнеугүні Латвия президенті Валдис Затлерс тіл заңына қыли қараған азаматтарға 400-ден 1000 долларға дейін айыппұл салатын әкімшілік кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасына қол қойды. Әне, толыққанды шын мәніндегі мемлекет оның мүддесі және президенті мен парламенті. Кез келген ел үшін мемлекеттік тілін жанын салып, жан-жақты қорғау әдеттегі заңды дүние. Бір біз емес, Латвия да советтер одағының отарында бұғаулы болған. Біз қайда, олар қайда?

Мемлекеттік тілден мақұрымдарға - мың доллар айыппұл

Латвия мемлекеттік тіл туралы заңды бұзғандарды біздегідей маңдайынан сипап, еркелетіп ел билігін беріп қоймайды. Әнеугүні Латвия президенті Валдис Затлерс тіл заңына қыли қараған азаматтарға 400-ден 1000 долларға дейін айыппұл салатын әкімшілік кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасына қол қойды. Әне, толыққанды шын мәніндегі мемлекет оның мүддесі және президенті мен парламенті. Кез келген ел үшін мемлекеттік тілін жанын салып, жан-жақты қорғау әдеттегі заңды дүние. Бір біз емес, Латвия да советтер одағының отарында бұғаулы болған. Біз қайда, олар қайда?

Тәуелсіздіктің жиырма жылында әбден көз жеткен бір нәрсе - ол биліктің мемлекеттік тілді менсінбейтіні. Көз қырыңды да салмаған дүниенің жайы қашан да белгілі. Мысал көп. Үкімет жиылыстарын мемлекеттік тілде өткізбейді. Керісінше, елдің басты заңы бойынша мемлекеттік тіл болып табылатын (Латвиядағы латыш тілі секілді) - қазақ тілін қазақтың назарын түрлі саяси оқиғалар мен мемлекеттік маңызы бар істерден аудару үшін ғана қолданады. Қоғамда биліктің тапсырмасын орындайтын, яғни тіл мәселесін қажет кезінде жалаулатып жұрт алдына алып шығатын жемге байлаған ісектей топтар мен тұлғалар бар. Бір сөзбен айтқанда, елдегі барлық дәрежедегі ресми билік Ата заңның мемлекеттік тіл туралы бабын табаны күректей жиырма жыл бойына белінен басып, бұзып келеді. Билікке сот та жоқ, от та жоқ. Қазақ билігінің бұл әрекеті - қылмыс болып саналады. Себебі, бүгінгі Қазақстан территориясының, жер мен елдің бас иесі әрі жер бетіндегі мәдениеті мен тарихы өте бай, көне халық - қазақты осы уақытқа дейін ұлт ретінде ұйыстырып келген ең басты тірегі тілінің тілерсегін қасақана қиып отыр. Егер біз, тілді бүтін ұлттың бойындағы қан деп есептесек, қазақтың қоғамдық-саяси белсенділігінің азаюы, түрлі діни ағымдардың жетегінде кетуі, өзара мейірімсіз, безбүйректеніп, жеке басының мәнсабы мен мәртебесін күйттеуі жиырма жыл бойы ұлт-ағзадан дірдектеп тіл-қанның ағып жатқанынан. Өйткені, тұтас ұлттың бар болмысы тілінде ғана.

Тіпті, тіл туралы заңның 1989 жылы қайта құрудың лебімен кеңес өкіметі кезінде қабылданып кеткені қандай жақсы болған. Биліктің тілге деген бүгінгі ниетімен ол заң әңгіме күйінде қалар еді. Өйткені, былтыры күз айларында қабылдаймыз деген мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын арада бір жылға жуық уақыт өтсе де қабылдай алмай отырған Үкімет тіл туралы заңды екі дүниеде қазаққа бұйыртпас еді-ау.

Егер де есті Үкімет...

Міне, енді мемлекеттік тілдің мәселесі жаңа мүмкіндік ашып отыр. Үкімет Латвия тәжірбиесіне сүйене отырып, онсыз да өзіне кіріптар парламентке тіл туралы заңға мемлекеттік тілді білмейтін, меңгермеген азаматтарға айыппұл салатын өзгерістер мен толықтырулар  енгіздіртіп, басқа, басқа мемлекеттік орындарда мемлекеттік тілдің толық қолданылуын бақылайтын тіл инспекциясын ашса, қазынаның қазаны шүпілдеп кетер еді. Ал, тіл білмегендерге айыппұлды бүткіл қоғамның әр саласына салатын болса, онда қазба байлықтардың бар кеніне болашақ ұрпақ еншісіне деп қара құлып салар едік. Ол аз десеңіз, елдегі тіл мәселесі табысты бизнестің көзіне айналып мұнай мен газ саласындағы «ірі кәсіпкерлер» қазақ тілінің мүддесін іске асырудан пайда табар еді.

Екінші жағынан, ұлтын ұмытқан, есесіне, халықтар достығын ойлап қабырғалары қанша қайысса да халықаралық танымал дәреже көтеріле алмай қор болып жүрген Үкімет мүшелері, депуттар, қоғамдық тұлғаларды ана тілінен мақұрым шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер және анасының тіліне айбалта ала жүгіріп жанталасқан аса белгілі азаматтар деп жарнамаласақ, ондай адамдарды бір көру үшін, естелікке суретке түсуге әлемнің әр түкпірінен туристер ағылар еді. Әрине, Астанаға келіп тұрып, Бурабайға соқпай кетпесі тағы анық. Сөйтіп, біз екі жеп биге шығып, ал, қазақ тіліне, қазаққа қарсы ниеттегі кісілер ел бюджетін толықтыруға сеп болып тым құрыса, мемлекет үшін бір пайдалы іс жасар еді. Мүмкін мұны Кәрім мырза қаперіне алар да мұртынан жымиып күлер. Күлгені - істің біткені.

Жүз жылда түлемеген тіл

Туған тілдің тағдырлы жайынан болған әңгіменің түйінін ХХ ғасырдың басында ұлт баспасөзі шырақтарының бірі болған «Айқап» журналында жарық көрген аяулы Міржақып Дулатұлының «Қазақ тілінің мұңы» деген тақырыппен Мыңбай Жалау мырзаға жазған хатының үзіндісімен тәмәмдасақ: «Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.

Енді қандаймын?

Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.

Мен не көрмедім?» (http://old.abai.kz/content/mengilik-mirzhakyp )

Анасыз һәм арсыз адамның ғана Ана тілі болмайды.

Ана тіліңді аяла, Алаш баласы!

«Абай-ақпарат»

Мұрат Тоқашбаевтың орындауындағы Әбиірбек Тінәлиевтің әні "Анамның тілі"




0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594