Жұма, 29 Наурыз 2024
Анық 5501 7 пікір 5 Шілде, 2019 сағат 13:43

Министр: Жер шетелдіктерге сатылмайды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жердің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. 

«Шетелдіктерге жер сатыла ма?» деген сұраққа жауап берген министр жердің шетелдіктерге сатылмайтынын әрі уақытша қолданысқа да берілмейтінін мәлімдеді.

- Шетелдіктерге жер сатыла ма?» деген сұрақ қойылды.  «Шынында да, соңғы уақытта интернетте шетелдіктерге жердің сатылуы туралы қауесет тарады. Бірден айтқым келеді, қазіргі уақытта шетелдіктердің жеке меншігіне жер сатылмайды. Уақытша қолданысқа да берілмейді. Алдағы уақытта да шетелдіктерге жер берілмейді, - деді С. Омаров.

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жердің шетелдіктерге сатылмайтынын айтқан еді.

- Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретіндегі берік ұстанымым!, - деген болатын мемлекет басшысы Қостанай облысында ауыл шаруашылығы мамандарымен өткен кездесуде.

Бәрміз білетіндей, 2016 жылы елімізде үлкен жер дауы орын алды. Көпшілік жердің шетелдіктерге сатылмауын, жалға берілмеуін талап етті. Cол жылдың 24 сәуірінде Атырау қаласында басталған наразылық акциялары еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасып, мамыр айының басында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жер кодексіндегі резонанс тудырған заң баптарына мораторий жариялаған еді.

Ал жер реформасын халықпен бірге талқылау үшін үкімет жанынан құрылған арнайы комиссия аталған мораторийдің мерзімін 2021 жылдың соңында дейін ұзартуды ұсынды. Осы ұсынысқа сай Президент Назарбаев 19 тамызда шетелдіктерге жерді жалға беру туралы заңға 2021 жылға дейін мораторий жариялады.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3552