Жұма, 29 Наурыз 2024
2607 0 пікір 8 Шілде, 2019 сағат 10:50

Мексиканың атақты семсерлесушісі Өзбекстан азаматтығын алды

Мексиканың атақты семсерлесушісі Паола Плиего Өзбекстан азаматтығын алды. Бұл туралы ESPN сайты хабарлады.

Спортшы өзінің инстаграмдағы парақшасында Мексика Олимпиада комитетіндегі жемқорлықтан шаршағанын, Өзбекстан атынан жарысқа шығу туралы шешім қабылдағанын жазды.

Басылым мәліметі бойынша, 2016 жылы Плиего Олимпиада басталуға үш күн қалғанда допинг қолданды деген айыппен жарыстан шеттетілген. Дегенмен бірнеше айдан соң бұл айыптар негізссіз екені анықталып, Паола Плиего ақталды. Осы жағдайдан соң 24 жастағы семсерлесуші Мексика семсерсесу федерациясына сенуден қалған.

Енді Паола Плиего халықаралық жарыстарға Өзбекстан атынан қатысады.

Өзбек тарапы Плиего 2020 жылы Токиодағы Олимпиада ойындарына Өзбекстан атынан қатысады деп хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616