Жұма, 19 Шілде 2019
425 4 пікір 9 Шілде, 2019 сағат 10:01

Алматыда "терроризмді насихаттау" ісі бойынша сотталушы жансақтау бөліміне түсті

"Терроризмді насихаттау" және "ұлтараздықты қоздыру" баптары бойынша сотталып жатқан Жұлдызбек Тәуірбеков 7 шілдеге қараған түні Алматыдағы кардиологиялық орталықтың жансақтау бөліміне түскен. Бұл жөнінде Азаттық тілшісіне айыпталушының анасы Әсемгүл Жауғашева хабарлады.

Осыған дейін аталған орталықта емделіп жатқан Тәуірбековті 6 шілдеде Алматыдағы ЛА-155/18 тергеу абақтысына қайта жеткізген. Оның ауруханаға қайта түскені жайында орталықтың кезекші бөлімі растады. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы ауыр.

Алғаш рет Тәуірбековті жансақтау бөліміне 29 маусымда жеткізген. 1 шілдеде ол қарқынды ем қабылдау палатасына ауыстырылған. Дәрігерлер ем қабылдамаса, көпағзалық дертке шалдығуы мүмкін екенін ескерткен.

Бұл іс бойынша Қазақстанның әртүрлі аймағынан тоғыз ер азамат айыпталып жатыр. Айыптаушы тарап сараптама нәтижесінде олардың WhatsApp тобында жазысқан хаттарында "діни араздықты қоздыру" және "діни-радикалдық көзқарасты насихаттау" белгілері бар деп тапқан. Сот процесі кезінде тәуелсіз сарапшы-теолог әрі филолог сөз сөйлеп, олар жазысқан мәтінінен радикализмнің белгілерін таба алмағанын мәлімдеген.

Abai.kz

4 пікір