Жұма, 19 Шілде 2019
300 0 пікір 9 Шілде, 2019 сағат 13:07

Дәурен Абаев «Зерен-2019» республикалық лагерінің жас кәсіпкерлерімен кездесті

7 шілдеде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Зерен-2019» республикалық танымдық жастар жазғы лагеріне барды. Министр бірінші ауысымның қатысушыларымен сөйлесіп, жас кәсіпкерлердің бизнес-идеяларымен танысты.

«Қазір осы алаң еліміздің әр өңірінен және жақын шетелден келген ең дарынды, әрі бастамашыл жастардың басын қосып отыр. Әрқайсыңыз өз жобаларыңызды таныстырып, оның мүмкіндіктері мен әлеуеттері туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар тәжірибе жинап, үздік бизнес-тәлімгерлерден, коучтар мен сарапшылардан білім ала аласыздар. Лагерьдегі қарқынды білім алу күндері өз жолдарыңызды табуға және өз-өздеріңізге деген сенімдеріңізді арттыруға көмектеседі. «Зерен-2019» ойларыңыздан шығып, жаңа жобалар мен бастамаларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деп Дәурен Абаев жастармен кездесу кезінде пікір білдірді.

Лагерьге 50-ден астам қазақстандық және халықаралық сарапшы жиналды. Олардың қатарында өз білімі мен тәжірибесін жастармен бөлісуге дайын бизнес, академиялық қауымдастықтардың, ҮЕҰ-ның, стартаптардың, жетекшілері мен өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары бар.

 

​Лагерь қатысушылары білім үдерісіне және менторлармен бірге істелетін жұмыстарға толық жұмылдырылған, олардың әр күні, сағаттарына дейін жоспарланған. Жастардың білім алатын негізгі бағыттары: азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлік дағдылары, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа салалары.

Қазір лагерьдің бірінші ауысымы өтіп жатқанын естеріңізге саламыз. Лагерь өз жұмысын 3 шілдеде бастады. Қатысушылар командаларға жіктелді. Оның мақсаты – қатысушыларды бір бірімен таныстыру, психологиялық кедергілерді жою, жайлы жағдай қалыптастырып, ортақ қатынас кеңістігін құру болды.

12 ментор жобалық 36 команданың стартап-жобаларын әзірлеп, бастау алуына көмектеседі. Қазір командалар нарықты алдын ала зерттеп, нақты бизнес үлгілерді құруда. Нарықтағы қажеттіліктерді ескере отырып, тауарлар мен қызметтердің сипаттамасы жасалып жатыр. Одан бөлек, коучтер мен менторлар шығармашылық, ойлау дизайны дағдыларын жетілдіріп, жобаларды басқарды және кәсіпкерлік негіздерін үйретуде.

​Қатысушылардың идеяларының арасында қазіргі жұмыс кезеңінде ағылшын және қазақ тілдерін тиімді онлайн үйрену; мүгедектерге арналған киім тігу; ұлттық тағам – құртты дайындаудың жаңа үлгісі және тағы басқалары бар.

​Қарқынды білім үдерісіне қоса, салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы жеткеші жаттықтырушылар қатысушылармен жұмыс істеуде, олар күнделікті орман ішінде жүгіріп, жалпы дамыту жаттығуларын жасайды, қуат арттыру жаттығуларын жасап, йогамен және зумбамен айналысады.

Лагерь жұмысы шілденің соңына дейін жалғасады. «Зерен-2019» жазғы лагерінің үш ауысымында 18 - 29 жас аралығындағы 600 қатысушы білім алатын болады. Лагерьдің үш ауысымына іріктеу 27  мамыр және 30 маусым  аралығында www.zerencamp.kz сайтында өтті. Лагерьге қатысуға 1000-нан астам өтініш келіп түсті.

Лагерьдегі үш ауысымның қорытындысы бойынша үздік 30 жоба қаржыландырылады. Жалпы жүлде қоры 15 миллион теңге.

Жобаны ҚР Ақпарат  және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен Қазақстанда Жастар жылын өткізуге қатысты Жол картасы шеңберінде Қазақстан Азаматтық Альянсы жүзеге асыруда.

Abai.kz

0 пікір