Жұма, 19 Шілде 2019
Анық-қанығы 610 0 пікір 9 Шілде, 2019 сағат 13:40

"Дүниежүзі тарихы" орысша оқытыла ма? БҒМ не дейді?

Соңғы бірнеше күнде "Дүниежүзі тарихы" пәні қазақ мектептерінде де орыс тілінде оқытылады екен" деген әңгіме әлеуметтік желіге тараған еді. 

Бүгін аталған мәселеге қатысты Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі ресми мәлімдеме жасап, желідегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Бұл туралы ақпарат министрліктің "Facebook" желісіндегі парақшасында жария болды.

"Құрметті оқырмандар! Әлеуметтік желіде "Дүние жүзі тарихы" пәні оқу жылы басынан қазақ мектептерінде орыс тілінде, ал "Қазақстан тарихы" орыс мектептерінде қазақ тілінде жүргізіледі деген жалған ақпарат таратылуда.

Бұл мәселе осыдан бірнеше жыл бұрын көтерілген. Бірақ қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде осы пәндер оқыту тіліне байланысты, яғни қазақ сыныптарында қазақ тілінде, ал орыс сыныптарында орысша жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні басқа жоспар жоқ.

Барлық сұрақтарға БҒМ әрқашан жауап беруге дайын. Таратылып жатқан жалған ақпаратқа (fake news) сенбеулеріңізді сұраймыз", деп жазылған ресми мәлімдемеде. 

Естеріңізге сала кетейік, соңғы аптада "Дүниежүзі тарихы" орыс тілінде, "Қазақстан тарихы" қазақ тілінде оқытылады екен деген әңгіме әлеуметтік желіде қызу талқы болды. Бұл туралы Республикалық "QAZBILIM" орталығы директоры Аятжан Ахметжанұлы "Facebook" желісіндегі парақшасында жазған болатын.

Abai.kz

0 пікір