Сәрсенбі, 17 Шілде 2019
46 - сөз 1220 3 пікір 11 Шілде, 2019 сағат 15:49

Жеке акция, протестке немқұрайлы қарамауымыз керек!

Жоғары шенді шенеуніктер, лауазымды тұлғалардың жемқорлығына қарсы күреске көңіліміз толмайды. Кеше айыппұлмен құтылған вице-министрдің ісіне қатысты қанша наразы пост жазылды. Бірақ билікке ол протест жетпей жатыр немесе олар мүлдем елемеуде. Тіпті халықты табалағандай "шығармашылықпен" айналысуда. Биліктің жан-жағында жүрген құлқыны тойымсыз жемқорлар үшін бұл "жақсы" сигнал. Жей бер. Бөліссең болды. Ақталып шығасың. Қам жеме, шығармашылықпен айналыс.

Республика қозғалысының манифестінде айтылғандай "Қазір саяси тұрғыда халық кім? Ешкім де емес" Ол өзін басқаратын әкім-қараларды сайлай алмайды. Олардан өз мүдделерін қорғауды талап ете алмайды. Тіпті қарсылығын білдіріп, ойын еркін айта алмайды.

Бұл жағдайда не істемек керек? Тек бірігіп, биліктің шынайы көзі екенін білдіру. Жеке акция, протестке немқұрайлы қарамауымыз керек. Бүгін біреудің құқығы бұзылып, қуғынға ұшыраса, ертең ол жағдай сенің басыңа түспесіне кім кепіл? Сол кезде өзгелердің де пітір лайк басып не айналып өткенін қалайсың ба?

Халық тобыр емес, белсенді азаматтардан құрылған қоғам, пәрменді күш, биліктің қайнар көзі. Біздің күшіміз бірлікте. 

Бэлла Орынбетованың facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір