Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2614 2 пікір 17 Шілде, 2019 сағат 11:14

Гафур Рахимов AIBA президенті қызметін босатты

Өзбекстандық кәсіпкер Гафур Рахимов Халықаралық бокс қауымдастығы президенті қызметін босатты. AIBA баспасөз қызметі 15 шілдеде Рахимовтың отставкасы туралы мәлімдеме таратты.

Рахимов бұл хатта өзіне тағылған "жалған айыптауларға" қатысты сот процестеріне қатысуға мәжбүр болғанын, абыройын ақтап алу үшін қызметтен кететінін жазған.

Гафур Рахимов AIBA президенттігіне 2018 жылы қарашада сайланды.

2012 жылы кәсіпкер есімінің АҚШ-тың қылмыс әлемінің дөкейлеріне қатысты санкция тізіміне енуі әлемдік қауымдастықты алаңдатты. Биыл наурыз айында Рахимов ұйым басшылығынан шеттетілгенін хабарлады. Дегенмен, AIBA жарғысы бойынша, ол бір жыл ішінде бұл қызметке сайлаусыз қайта орала алатын еді. 27 маусымда ұйымның атқарушы комитеті бұл ережені алып тастады. Осылайша, Рахимов президент қызметіне қайта оралу мүмкіндігінен айрылды.

Бұның алдында AIBA ұйымын Токиодағы Олимпиададан шеттетті. Мұндай шешім Лозаннада 24-26 маусымда өткен сессияда қабылданды. Осыдан кейін ғана ұйым Рахимовты президент қызметіне қайта оралу мүмкіндігінен айырды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1560
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3503