Жұма, 29 Наурыз 2024
4258 3 пікір 9 Тамыз, 2019 сағат 10:26

Президенттік кадрлық резерв - білімді жастар үшін әлеуметтік лифт!

Биыл Қазақстанда Жастар жылы, білесіздер. Жастар сөзсіз - мемлекеттің экономикалық һәм рухани дамуының локомативі. Негізгі қозғауші күші. Ал білікті әрі білімді жастарды мемлекеттік қызметке тарту - президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарламасындағы негізгі басымдық берілген мәселе болды. Иә, Мемлекет басшысының «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасында айтылған.

Сол үшін де жастардық кадрлық резервін даярлау ісі қолға алынды. Ол - «Президенттік кадрлық резерв» деп аталды. Міне, осы кадрлық резервке үміткерлерді іріктеу биылғы жылдың 1 тамызында басталып кеткен.

Шарты да оңай. Іріктеуге республика бойынша 35 жасқа дейінгі жоғары білімі мен 5 жыл жұмыс өтілі бар кез келген жас азамат қатыса алады. Тіпті, өтінімді онлайн жолдауға да мүмкіндік жасалған.

Іріктеудің егжей-тегжей туралы өткенде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова ханым баяндап берген.

«Іріктеу мемлекеттік қызметшілерден ғана емес, экономиканың барлық секторларының өкілдері арасында жүргізіледі. Бізге қазір экономистер мен IT-мамандар өте қажет. Тіпті сот жүйесінде киберқылмысты ашатын мамандар керек. Сондықтан, жаңа технологияларға байланысты экономика секторларынан мамандар көбірек іріктеледі», - деген еді Анар Жайылғанова.

Бұл әуелі жастар үшін әлеуметтік лифт екені сөзсіз. Түрлі салады үздік нәтижелерге жеткен жас қазақстандықтар резервке өту арқылы мемлекеттік лауазымдарға басқару лауазымдарына тағайындала алады. Ал «Президенттік кадрлық резервке» үміткерлерді іріктеу жыл соңына дейін жалғаспақ. Жыл соңында резервке 300-ге жуық жас маман қабылданатын болады.

Айтпақшы, аталған кадрлық резервке үміткерлерді іріктеу бойынша Маңғыстау облысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз брифингін өткізген. Оған өңірдегі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Әдеп жөніндегі кеңестің, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылар қатысқан.

Онда айтылған ақпаратқа жүгінсек, азаматтар кадрлық резервке 3 жылдық мерзімге алынады. Және іріктеуге мемлекеттік саяси қызметшілер қатысырылмайды. Ал жаңағы резервке өткен 3 жылдың ішінде тиісті бос жұмыс орны анықталған жағдайда резервтегі кадр саяси һәм басқарушылық лауазымына сай қызметке ұсынылады.

Abai.kz    

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584