Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 6137 5 пікір 12 Тамыз, 2019 сағат 14:55

Бұл нені білдіреді?

Қауіпсіздік сертификатын кейінге қалдырды. Бірақ, дайындап қойды. Бұл нені білдіреді?

Біріншіден, сертификаттың бар екендігін. Және де керек кезде үкімет осы тақырыпты қайтадан көтеріп, барлық ғаламтор желісін қолға алатындарын білдіреді. Оның үстіне, ол шынымен кейінге қалдырылды деген сөз емес, тыныш, басқаша әдіспен енгізілуі де мүмкін дегенді білдіруі мүмкін. Менің ойымша, барлық мемлекеттік қызметкерлерге орнатуларын талап етеді. Біраз уақыт өткен соң, керекті мемлекет қызмет алу барысында, ұялы телефоныңыз қауіпсіз емес екенін айтып, сіздерге сертификатты орнату керектігін айтса, таң қалмаймын.

Біздің еркін ғаламтормен қолдануымызға әлі қауіп төніп тұр. Босаңсуға мүлдем болмайды. Біздің арнайы қызметкерлердің вегетариан болғандарына ешқашан сенбеймін.

Екіншіден, xалықтың бұл себепке наразы болуының әлі де күші бар. Ауызбіршілік бар кезде ғана, наразылық үлкен күшке ие болады.
Үшіншіден, билік xалықтың бостандығын кеңейтудің орнына, бар нәрсені жоқ қылып, соңында, тиесіліні қайтарып беру арқылы қуантатын болды. Сонда біз, жаңа нәрсе алғанымызға емес, өзімізге тиесіліні алғанымызға қуанып отырмыз.

Сондықтан, бұл бағытта тыныштық емес, уақытша кідіріс.
Енді біздің экономикалық бостандығымызды қатаңдату мен қысқартуға қарсы күресуіміз керек. Мысалы: зейнетақыны көбейту, мед. Сақтандыру, валюталық операцияларды шектеу т.б кіреді.

Бұндай үкіметпен тыныштықты тек қана армандаймыз!

Марғұлан Сейсембайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541