Жұма, 29 Наурыз 2024
Зерттеу 7151 4 пікір 15 Тамыз, 2019 сағат 12:25

Жеті мәрте министр шыққан ауыл

(Журналистік зерттеу. Жалғасы)
Тартоғай ауылдық кеңесінің құрылғанына – 100 жыл

Құдайшылығымды айтар болсам, кіндік қаным тамған жер – Тартоғайды дәл осындай қасиетті, дәл осындай даңқты деп ойлаған жоқ едім. Тартоғай туралы көлемді дүние жазу бұрыннан келе жатқан ішкі арманым еді. Ең алғаш рет осы идеямды Қызылорда облысының сол кездегі әкімі, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың біртуар азаматтарының бірі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевқа  2014 жылдың басында айттым. «Өз ауылыңның тарихын жазамын деуің – өте құптарлық шешім. Көрсетші, басқаларға, туған жерді қалай сүю керектігін, қалай құрметтеу керектігін» деп төбемді көкке жеткізгендей болды.

Тартоғай туралы зерттеу жүргізгенімде, аулымыздан жеті мәрте министр шыққандығына таңқалдым. Қайыра тексердім. Жеті деген қазақта киелі сан ғой. Бір мысал. Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінен жеті министр шыққан екен. Ашылғанына қырық жылдан астам уақыт өткен, әрі ондаған мың шәкірт оқытқан мектепті небәрі екі-үш мыңдай тұрғыны бар Тартоғаймен салыстыруға келмес.

Биылғы жылы Тартоғай ауылдық кеңесінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Сонымен туған ауылым жөніндегі рухани қуанышқа сіздер де куә болыңыздар.

Картинки по запросу мұстафа шоқай

ШОҚАЙ Мұстафа (1890-1941). Ресей империясы, Сырдария облысы,

Түркістан өлкесі, Перовск уезіне қарасты (қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы) Тартоғай ауылында туылған. Мемлекет пен қоғам қайраткері. Мемлекеттік Думаның (Ресей империясы) мұсылман фракциясы мүшесі. Түркістан республикасын құрушы. Өзі ұйымдастырған жаңа республиканың Сыртқы істер министрі, Премьер-министрі.

ӘУЛИЕТОРАҢҒЫЛДА ТУЫЛҒАН ӘУЛИЕ

Тартоғай ауылына қарасты Әулиетораңғыл - қазақ данышпаны Мұстафа Шоқайдың кіндік қаны тамған жер.

Біздіңше, Мұстафа Шоқайдың нақты қай жерде туылғандығы туралы тарихи дерекке нүкте қоятын кез жеткендей. Алдымен қайраткердің өмірбаяны туралы бірнеше нұсқаны салыстырып көрелік.

Чокаев Мустафа. Видный общественно-политический деятель, член мусульманской фракции российской Государственной Думы. Создатель организации `Туркестанское единство. Мустафа Чокаев родился 7 января 1890 г. в местечке Аулие-тарангыл, в Сыр-Дарьинском районе Кызыл-Ординской области («Жизнь замечательных людей»). «Евразийский исторический сервер».

Мустафа Шокай (Чокай, Чокаев, Чокай-оглы; каз. Мұстафа Шоқай (ұлы)) (25 декабря 1890, Аулие-тарангыл, Туркестанский край, Российская империя - 27 декабря 1941, Берлин, Третий рейх) - С гражданской войны в России и до Второй мировой войны (1921-1941) находился в вынужденной эмиграции во Франции. Руководством Советского Союза обвинялся в сотрудничестве с Третьим Рейхом.

«Мустафа Шокай (Чокаев) 07.01.1890, аул Тартогай, ныне терр. Шиелинского района Кзыл-Ординской обл., - 27.12.1941, Берлин, Германия), обществ. деятель, журналист. Род. в аристократич.семье, по линии матери он принадлежал к Хивинской ханской династии. Окончил Ташкентскую муж. гимназию, ф-т права С.-Петерб. ун-та. Свободно владел рус., турецким, англ., франц., нем. и польским языками. Учась в ун-те близко сошелся с А.Керенским, впоследствии Премьером Временного пр-ва, с к-рым вместе, еще будучи студентом, вступил в ряды партии социалистов-революционеров (эсеров). Петерб. ун-т был своего рода бастионом свободомыслия и здесь начало формироваться мировоззрение М.Ш. как борьца с царским самодержавием, а в перспективе и со сталинским репрессивно-тоталитарным режимом. В Петербурге М.Ш. знакомится с А.Букейхановым, А.Байтурсыновым, М.Кари, др. представителями казах. интеллигенции, оказавшими значит. влияние на его идейное становление. Молодые люди были одержимы идеей создания единого Тюркского гос-ва. Окончив учебу М.Ш. с 1915 занимается в Ташкенте адвокатской практикой, ведет агитацию за создание Туркестанской республики. Затем возвращается в Петербург, где вплоть до февр. революции 1917 занимал должность секр. по Туркестанским делам мусылманской фракции Гос.думы, обеспечивая связь вост. национальностей с этим органом. После падения самодержавия А.Ф.Керенский, ставшим Премьером Временного пр-ва, назначил М.Ш. уполномоченным Временного пр-ва по Туркестанскому краю. В Ташкенте М.Ш. издает газ. «Бірлік», в к-рой обосновывал идею создания независимого Туркестанского гос-ва. После Окт. революции 1917  М.Ш. в нояб. участвует в 4-м чрезвыч. Всетуркестанском мусылманском сьезде в Коканде, провозгласившем автономию Туркестана, избирается министром иностр. дел, затем Премьер-министром. После падения Кокандской автономии М.Ш. жил в Грузии, потом перебрался в Турцию, занимался издат. деятельностью, выпускал журнал «Жас Туркестан», продолжал идейную борьбу с Советами. В июне, 1940, когда Париж был оккупирован герм. армией, М.Ш. был арестован фашистами и содержался в Компьенском лагере. После освобождения направился в Берлин для продолжения антисов. деятельности. Формировал туркестанский легион из число военнопленных, готовил проекты Конституции и гос.основ будущей республики. Автор монографии «Туркестан под властью Советов». В дек. 1941 неожиданно умер. Обстоятельства его смерти до сих пор не прояснены. Убежденный борец со сталинизмом М.Ш. свои представления о справедливости и человеч. счастье хотел воплотить в создании единого мусыльманского гос-ва. Здесь он во многом оказался заложником своего времени и мировоззрения».

«Акмола» энциклопедия», Алматы, 1995, изд. «Атамұра», 357 стр.

Мустафа Шокай родился 25 декабря 1889 г. в местечке Аулие-тарангыл, в Сыр-Дарьинском районе Кызыл-Ординской области. Родом из кипчаков. Дед Мустафы заслужил звание "датка", что приравнивает его к султанам. Отец его Шокай, 1836 года рождения, умер в 1916 г., в свое время был волостным и пользовался уважением как признанный в народе бий, судья. По материнской линии он ведет свою родословную от казахских ханов, правивших Хивой. Он получил достойное для семейной традиции воспитание и образование.

Источник http://www.biografia.kz/famous/. Национальный портал Biografia.kz

Мұстафа Шоқай барша қазаққа ортақ тарихи тұлға. Ұлттың мақтанышы. Ұлттың көсемі. Данышпаны. Біздің мақсатымыз: бір кездері жіберілген қателікті атап көрсету. Шындықты дәлелдеу.

Өкінішке орай, Мұстафа Шоқайға байланысты мақалаларды жазғандар тарихи деректерге дұрыс мән бермеген. Тіпті тарихи құжаттарды салыстырып тексермеген. Мәселен, Мұстафа Шоқай тарихи құжатта «Перовск оязы, Әулиетораңғыл жерінде дүниеге келген» деп жазылса, базбіреулер «Қызылорда қаласының жанында, «1-мамыр» кеңшары (қазіргі Мұстафа Шоқай ауылы)» деп көрсеткен. Бұл тарихты бұрмалаушылық.

Данышпан атамыздың кіндік қаны тамған - туған жерін бұрмалап жүргендерге, "рушылдық" ауруына шалдыққан ағайындарға Мұстафа Шоқайдың өз қолымен жазған мына бір өткір пікірін ескертеміз: "Ағалар, қыпшақ деген ұлт болмайды. Қазақ деген ұлт бар. Егер әрқайсымыз бөлініп, қыпшақтың көсемі, арғынның көсемі, үйсіннің көсемі боп жатсақ, біздің халық азады".

Ақиқаты сол: атамыз 1890 жылы дүниеге келген жер ол кезде Ресей империясының Түркістан өлкесінің, Сырдария облысының, Перовск оязының Әулиетораңғыл жері деп аталған. Қазіргіше айтар болсақ: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай ауылының жері боп шығады. Әулиетораңғыл Тартоғайдың дәл түбінде, небәрі төрт шақырым жер.

1894 жылы, Мұстафа төрт жасқа келгенде, Әулиетораңғылды Сырдарияның суы басып кетеді де, әке-шешесі амалсыздан Наршоқы деген жерге көшкен. Бұл да Тартоғайдан алыс емес. Қашықтығы 7-8 шақырым. Дәл анықтар болсақ, қазіргі Майлытоғай ауылының маңайы. Ол кезде осы аймақтың бәрі Тартоғайға қараған.

Шындықты қараңыз: Мұстафа атамыз туылған Әулиетораңғыл Тартоғайдан төрт, «1-Мамырдан» 20 шақырым қашықтықта орналасқан екен.

Енді бір білгіштер «Мұстафа Шоқай Сұлутөбе стансасы маңайындағы Тартоғай деген жерде туылған» деп бөсіпті.Тартоғай Сұлутөбеден үлкен болмаса, кем түспеген. Екеуі де Орынбор-Ташкент теміржолы бойында 1900-жылдың басында салынған.

Біздің мақсатымыз: тарихи ақиқатты жариялау. Мұстафа Шоқай ауылында туылмаған, тарихты толық білмейтін кейбір жазушыларымыздың ештеңені зерттеместен, бұрын бұрмаланған деректі қайталауы біз үшін түсініксіз жәйт.

Осы орайда данышпан атамыздың мына бір ескертуін қайталауды жөн көрдік. Ол  «Бір ғылыми өтірікке қарсы» деген мақаласында:

«Тарих жазудың екі жолы бар. Бірінші жолы: зерттеуші өмірде болып өткен оқиғаларды көңіл қойып жинастырады. Оларды хронологиялық тәртібі бойынша заманның жағдайына, ахуалына қарай зерттейді. Мәліметтер мен ақпараттардың бұлақтарын іздейді. Жиналған мәліметтерді өзінің ғылыми зердесінен өткізеді, орнына салады және ол мәліметтерден өзін бейтарап ұстай отырып, талдау жүргізеді. Шын мәніндегі ғылыми тарих, міне осы, осындай тәсілмен жазылады.

Екінші жолы: зерттеуші көздеген мақсаттарын күні бұрын белгілеп алады да, соған жету үшін оқиғалар құрастырады. Тіпті мақсаты қажет етіп жатса, оқиғаларды ойдан шығарады. Мақсатқа қайшы келетін бұлақ көздеріне жуымайды. Мұндай тарихшылар өзін бейтарап ұстаудың орнына оқиғаларға партиялық тұрғыда талдау жасайды. Кеңес тепкісіндегі халықтардың ұлттық қозғалыстары туралы жазып жүрген большевик тарихшылар осы екінші түрге жатады»  (Шоқай Мұстафа. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. 1-том. – Алматы: «Қайнар». Б.202-203) деп жазған екен.

Мұстафа Шоқайдың өмірін зерттеуші журналист, марқұм Сарбұлақ Ибрашұлы «XX ғасырдың 80-шы жылдарында Торғай датқаның үшінші баласы Әліш (Әлмұхамед) патша үкіметіне қайта-қайта хат жазып, Әулиетораңғыл деген жерде  4 кластық мұсылманша мектеп ашуға рұқсат алғандығын, үкімет тарапынан қаржы бөлдіріп, мектеп салдырғандығын, оған оқытушы жалдап бала оқытуды ұйымдастырғандығын» ескерте келе:  «Әулиетораңғылдағы мектеп 1890 жылы салынып пайдалануға берілген. 1894 жылы дария тасығанда бұл мектеп судың астында қалған. Содан кейін ауыл Әулиетораңғылдан Наршоқыға қоныс аударылады» - деп жазыпты.

1994 жылы қазақтың белгілі азаматы, айтулы ғалым, тарихшы-журналист, мемлекет және қоғам қайраткері, бірнеше мәрте министр лауазымына ие болған, тіпті Қызылорда облысын әкім боп басқарған азамат Мұқтар Құл-Мұхаммед Тартоғай ауылына атбасын бұрады. Мақсат біреу-ақ, Алаш ардақтыларының өмірі мен қызметі жайындағы шындықты білу. Тартоғайды Мұстафа Шоқай атамыздың туған жері деп санаған Мұқтар бауырымыз  ол кезде «Қазақ  энциклопедиясында» жауапты хатшы боп қызмет етіп жүріп, Алаш ардақтылары жөніндегі  көлемді зерттеу мақаласын жарыққа шығарған болатын. Ол  1995 жылы «Акмола» энциклопедия» атты көлемді кітап шығарғанда  да  данышпан атамыздың өмірбаянын бекер енгізбеген деп білеміз. Әйтпесе, Мұстафа Шоқайдың Ақмола облысына еш қатысы жоқ. Дегенмен аласапыран жылдарда халқымыздың маңдайына біткен Ұлт көшбасшыларының өмірімен оқырмандар кеңінен таныса берсін деп ойласа керек.

Сондай-ақ тарих ғылымының кандидаттары: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының аға оқытушысы Ж.Ахметова мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы А.Бексейітовалар өздерінің Мұстафа Шоқайға байланысты мақалаларында текті атамыздың Тартоғайда туылғандығын нақты атап көрсетіпті.

«Хат жазып тұрармын. Ендiгi жазған хатыңызды Тартоғайға жазыңыз. Тартоғай стансасы базар болған. Сәрсенбi, бейсенбi күнi – базар. Соған көп қатынап тұрамыз» деп жазыпты Мұстафа Шоқайға інісі Мұртаза 1923 жылдың 12 шілдесінде жазған хатында. «Сiздiң хатыңызды алғанда қыпшақ, найман жақсылары тегiс едi. Бәрi де Сiзге сәлем айтып жатыр. Айрықша Жорабек ағаң (Шаһмардан Есеновтің әкесі – ред.)» - деп аяқтапты хатының соңын.

Бұдан артық түсініктеменің қажеті жоқ сияқты.

ҰСЫНЫС: Алдымен мына бір мысалға назар аударсаңыздар. Қазақтың белгілі ақыны, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің кіндік қаны тамған жер Ақадыр ауданына қарайтынын біле тұра кейбір жаңаарқалықтар ертеде Сейфуллинді толығымен «иеленіп алды». Алайда уақыт өте келе тарихи шындыққа қиянат жасамау қажеттігін ұғынған Жаңарқа азаматтары көрші аудан жеріндегі ақынның кіндік қаны тамған жерге бюст тұрғызуға  қол ұшын беріп, ас бергенде сол жерде бірге бас қосуды игі дәстүрге айналдырды.

Бұдан шығатын қорытынды сол: Тартоғай жанындағы Әулиетораңғылға данышпан атамыз Мұстафа Шоқайдың суретімен белгітас қойып, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобанынан жол салатын уақыт жетті. Әулиетораңғыл топырағын неміс жеріндегі Мұстафа атамыздың қабіріне, ал қабірі басындағы топырақты Әулиетораңғылға қойғызуға, елде сауапты ас ұйымдастыруға демеуші болатын кәсіпкер азаматтар табылар деген сенімдеміз.

Картинки по запросу ӘЛМЕНОВ Сейітбай Әлменұлы
ӘЛМЕНОВ Сейітбай Әлменұлы (1904-2003).

Ресей империясы, Түркістан өлкесі, Тартоғай стансасында туылған. Әке-шешесі кедей болған. 1917 жылы байдың малшысы боп жалданған. 1937 жылы Свердловск қаласындағы Орал-Қазақстан өнеркәсіптік академиясын бітірген. Мамандығы «Көмір өнеркәсібінің инженер-ұйымдастырушысы». Жоғары оқу орнынан кейінгі өмірі Қарағандының шахталарымен байланысты. С.М.Киров атындағы шахтаның бас инженері, №20-бис шахта бастығы, «Кировуголь» тресінің басқарушысы. 1940-41 жж. Қазақ КСР жергілікті өнеркәсібінің халық комиссары. С.Әлменов «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған. 1999 жылдың 11 тамызында көмір өнеркәсібін дамытуға және қаланы көркейтуге қосқан үлесі үшін «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағына ие болған.

ҚАЙСАР ҚАЗАҚ

Өмір деген де қызық қой. Қарағандыда отыз жыл өмір сүрсем де КСРО-да үшінші көмір бассейні болып саналған алып өндірістің негізін қалаушылардың бірі, атақты атамыз Сейітбайдың өзімнің туған ауылымнан екенін білмеппін. Компартия кезіндегі бір ортақ  қасиет: орыс тектес ұлттардың өкілдерінің аты-жөні бірінші кезекте аталатын. Тәртіп солай болды ма, әлде, қазекеңдер жалтақтап өмір сүрді ме, әйтеуір, өз ұлтымыздан шыққан даңқты кісілердің есімдері ұмыт қалатын. Еркеш Ибрагим тәрізді ұлтжанды ақын ағаларымыз ғана қазақтың маңдайына біткен мақтаулы азаматтарын дастанға айналдырып, ел-жұртына поэзия тілімен жеткізіп жүрді. Сейітбай атаны білмегеніме енді ұялып отырған жайым бар. «Ештен кеш жақсы» деп жұбатады ғой біздің қазақ. Ойламаған сәтте 1940-41 жылдары Қазақ КСР жергілікті өнеркәсібі халық комиссары ( министр – ред.) дәрежесіне көтерілген, «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағының иегері Сейітбай Әлменов атаны тауып алғандығымды киелі Тартоғай топырағының арқасы деп санаймын.

1904 жылы Тартоғай стансасында дүниеге келген Сейітбай ата байдың есігінде жүрген жалшысы болыпты. Әке-шешесі кедей болған екен. 13 жасынан бастап жалшылықта жүріп, ата-анасын бағу дегеніңіз айтуға ғана оңай. Атамызбен құрдас стансада Ресейден саяси жағдаймен ауып келген зиялы орыстар аз болмаған еді. Мәселен, біздің көршілеріміз өздерінің Оралдан (Ресей) екендігін жиі есімізге салатын. Солардың бірінің әсері ме деп ойлаймын, жалшы жігіттің 28 жасында Свердловск қаласынан бір-ақ шығып, Орал өнеркәсіптік академиясында оқығандығы. «Көмір өнеркәсінің  инженер-ұйымдастырушысы» деген мамандықты игерген қазақ жігітінің барар  жері біреу-ақ еді: Қарағанды көмір бассейні. Қатардағы инженерліктен қызметін бастаған Сейітбай ата С.М.Киров атындағы шахтаның бас инженері, №20-бис шахтасының бастығы, «Кировуголь» тресі басқарушысы лауазымды міндеттерді абыроймен атқарған. 1940-41 жылдары Қазақ КСР жергілікті  өнеркәсібі халық комиссары (министр) болған. Шахтерлер астанасы атамыздың көп жылғы еңбегін жоғары бағалаған. Оған «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағын берген. С.Әлменов Тартоғайдан шыққан екінші министр. Мұстафа Шоқайдан кейінгі. Ал Сейітжан Полымбетов Сейітбай ағасының ізбасары. Ол да Қазақ КСР жылу өнеркәсібі  министрі мәртебесіне ие.

Кешегі жалшының шахтер болуы таңданарлық оқиға емес-ті. Өйткені, екеуі де ауыр жұмыс. Әсіресе, жер астында бірнеше сағат бойы қол еңбегімен шұғылданудың ерекше күш-жігерді, қуатты, қайратты болуды, шыдамдылықты талап етері сөзсіз. Сейітбай ағамыз осының бәріне төзген. Ресейден алған ыждаһатты білімінің арқасында көп ұлтты Қарағанды облысында үлкен абыройға бөленген. Осынау ересен еңбегі үшін небәрі бір орден мен бір медалге ие болған ақылманды атамыздың есімін ендігі жерде туған елінде ұмытпай, келер ұрпаққа өнеге етіп көрсете білсек, нұр үстіне нұр болмақ.

ПОЛЫМБЕТОВ Сейітжан (1913-1982).

Ресей империясы, Сырдария облысы, Түркістан өлкесі, Перовск уезіне қарасты (қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы) Тартоғай ауылында туылған. Мемлекет қайраткері. КСРО Жоғарғы Кеңесінің VI-шы шақырылымының депутаты. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1939 жылы БКП(б) мүшелігіне қабылданған. 1939 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген. 1942 жылы Қарағанды обкомының бөлім меңгерушісі, 1943 жылдан Жезқазған аупарткомының бірінші хатшысы. 1947-1948 жж. – Қазақстан КП ОК металлургия және машина құрылысы бөлімі меңгерушісі. 1947-1948 жж. – Қазақстан КП ОК хатшысының орынбасары. 1948-1950 жж. – Қазақстан КП ОК ауыр өнеркәсіп бөлімі меңгерушісі. 1950-1957 жж.- Гурьев обкомының бірінші хатшысы.  Ақпан-маусым 1957 ж. – Қазақ КСР жергілікті өнеркәсібі министрі. 1961-1968 жж. – кәсіподақтардың Қазақ республикалық кеңесінің төрағасы.

ҰЛТ  БОЛАШАҒЫН  ОЙЛАҒАН

Сейітжан атамыз Тартоғайдан шыққан ардақтыларымыздың бірегейі. Ол он жеті жасынан бастап мемлекеттік қызметке араласқан. Қызмет емей немене, егерде еңбек жолын аудандық колхозодағының хатшысынан бастап аудандық жер бөлімі бастығының орынбасары боп тағайындалып, студент кезінде  Қазақ  тау-кен металлургия институтындағы комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарған болса. 24 жасында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы екен. Не деген еңбекқор? Не деген іскер? Қазіргі жастар 40-қа келсе де өзін «жаспын» деп жұбатады. Қазақта «Отызыңда орда бұзбасаң, қырқыңда қырқа аспассың» деген нақыл сөз бар. Ал Сейітжан атамыз Тартоғайдың жолбарысы сияқты жалынды, қайратты, алғыр боп туылса керек. Жастайынан тау бұзып, тас қопарған.  Ол 29 жасында Қарағанды обкомының бөлім меңгерушісі, 30 жасында Жезқазған аупарткомының бірінші хатшысы, 34 жасында республиканың Орталық Комитетіндегі металлургия мен машинақұрылысы бөлімі меңгерушісі, сол жылы Орталық Комитет хатшысының орынбасары ауыр өнеркәсіп бөлімі меңгерушісі, 37 жасында Гурьев (қазіргі Атырау) обкомының бірінші хатшысы, 44 жасында Қазақ КСР жылу өнеркәсібі министрі  қызметінде болыпты. Оның басқа да жоғары лауазымды міндеттері баршылық.

Қысқасы, кезінде Сейітжан тәрізді ағаларымыз аз болмаған. Шаһмардан Есенов те осындай тектілердің сапынан. Олардың алғанынан бергені мол. Бір қызығы, олар ешқандай марапатты қажет етпеген. Әйтпесе, олар тәрізді еңбек еткен қазіргі ағаларымыз ең жоғарғы атақты сұрап алар еді. Сейітжан ата бар болғаны екі орденмен марапатталған.

«Үш қиян» деген сайтты парақтап отырып, бас кейіпкеріміз жөніндегі қызықты дерекке тап болдым. 2014 жылы Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасында болып, Жәңгір ханның басында зиярат етудің реті келген болатын. Сол сапарда жұртқа жария етілмеген бір фактіні естіп, қайран қалғанмын. Ресейдің Волгоград облысымен шектесетін ауданымыздың бір ауылын Ұлы Отан соғысы кезінде неміс-фашистер бомбалап тастапты. Қазақ жеріне жау оғының қарша борағанын тұңғыш рет естідік. «Үш қиян» сайты соғыс кезінде ата-аналары неміс жендеттерінің аспаннан жаудырған снарядтарынан жан тапсырып,  жетім қалған балалардың  «Көктоғай» деген жерде мемлекет қамқорлығында тәрбиелегендігін айта келе, сол балалардың – бүгінде еңбек ардагерлерінің естеліктерін шығарыпты. «Ғазиз ағайдың үйіндегі альбомның беттерін парақтай отырып, әуелі ұстаздарымды осылайша еске түсірген едім. Сол кездегі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Жұмаш Өтеғалиев пен облыстық (Гурьевті айтып отыр – ред.)  партия комитетінің бірінші хатшысы Сейітжан Полымбетов балалар үйінің барлық мұң-мұқтажын өздерінің отбасындай біліп, тікелей қамқорлық жасаған болатын. Олардың жарқын бейнесі көз алдымызда, бала-шағаларымызға олар туралы естелігімізді айтып, жиі-жиі еске алып отырамыз» деп айтыпты зұлмат шақтың куәгерлері.

Мынандай тарихи оқиғаны айтпасқа болмайды. Бір күні Қазақ КСР КП Орталық комитетінің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметов қызмет сатысымен жоғарылап келе жатқан Сейітжан ағамызды шақырып алады. «Бір қиын шаруа болып тұр, - дейді мемлекет басшысы. – сенің үстіңнен Кремльге «байдың баласы» деп домалақ арыз түсіріпті. Бұл мәселені шешпейінше, әрі қарай өспек түгіл, басыңа қауіп төнбек. Тек Сталин жолдас қана шешеді. Хат жазасың ба, алдына барасың ба, әйтеуір бір амалын тап».

Секең не істеді дейсіз бе? Сталиннің қабылдауына жазылыпты. Қабылдапты. «Сталин жолдас, менің әкем ерте өткен өмірден. Оның үстіне бай болған емес», - деп шындықты ақтарған. «Мына қазақты қинамаңдар. Айтқаны рас болса, жолына кедергі қоймаңдар» - депті сол кездегі көсем. Тексеріс нәтижесінде Сейітжан Полымбетов жазықсыз жазадан құтылған.

Күллі қазақтың мақтанышына айналған, «Алтын дәннің анасы» атанған, белгілі академик Фатыма Полымбетова Сейітжан ағаның туған қарындасы. Ол жастайынан ағасының қолында болып, тәлім-тәрбиесін алған. Тектілікті қойсаңызшы, Фатыма  апам да атақты адам болып шықты.

Сейітжан Полымбетов Қазақстанға зор еңбек сіңірген мемлекет қайраткері. Оның есімі мен ерлік-ісі ешқашанда ұмытылмайды. Қызылорда облысы мен Шиелі ауданының басшылығы алдағы уақытта Сейітжан атамыздың есімін мәңгілік қалдыру мақсатында көрнекті іс-шара ұйымдастырады деген сенімдеміз.

Картинки по запросу ЕСЕНОВ Шаһмардан

ЕСЕНОВ Шаһмардан (1927-1994).

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында мемлекет қызметшісінің отбасында дүниеге келген. 33 жасында (1960) Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрінің орынбасары, бір жылдан кейін Қазақ КСР Геология министрі (1961-1965) болып тағайындалды.  Қазақ ҚСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары (1965-67), Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті (1967-1974).

Шахаңның бұдан кейінгі тағдырының шырғалаңға түскендігі белгілі.  Қазақ КСР Геология министрі (1974). Қазақ КСР Ғылым Академиясының  Қ.Сәтбаев атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді геология ғылымдар институтының директоры, В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының кафедра меңгерушісі.

ШАХ

Менің марқұм анам Рәзия «Шаһмардан мен Фатима – үшеуміз бір класта үш жыл оқыдық. Фатимамен бір партада отырдым. Тұрмыс жағдайыма байланысты мектептен соң оқуды жалғастыра алмадым. Екеуі де бұл күнде әлемге әйгілі адамдар»  деп есіне жиі алып отыратын. Алматыда тұратын, 85 жасқа келген Фатима Полымбетоваға 2014 жылдың күзінде сәлем бере бардым. Анамның айтқанын қайталадым. «Рәзия құрбымның айтқаны шындық, - деді академик, - бір класта білім алдық қой. Шаһмардан Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті боп сайланғанда қуанғаннан алдымен мені құшақтап: «Фатима менің туған қарындасымдай. Екеуміз Тартоғай деген ауылда үш жыл бір класта оқыдық. Мені  ата-анам сосын Шиелі кентіндегі мектепке ауыстырды. Жеті класты бітірген соң Қызылорда педогогикалық училищесіне түстім ғой» деп жиналған қауымға таныстырғаны әлі күнге дейін көз алдымда».

Расында Ш.Есеновтің 1941 жылы Шиелінің жеті жылдық мектебінен соң Қызылорда педогогикалық училищесіне түскендігі де жазыла бермейді. Ол 1944 жылы Қазақ тау-кен  металлургия институтының бірінші курсына қабылданған. 1949 жылы ойдағыдай тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын Жезқазғанда бастаған. Осы өңірде 11 жыл өмірін текке өткізбеген. Қаныш Сәтбаевпен танысып, тамаша шәкірті атануы да, нағыз ғалым боп қалыптасуы да Ұлытаудың қасиетті топырағымен байланысты.

Шаһмардан Есеновтың Қазақстан тарихына қалдырған ерлігі аз емес. Мәселен, оның Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі жер асты пайдалы қазбаларын зерттеудегі еңбегін ерлікке баласақ, ешкім қарсы келе қоймас. Үлкен Жезқазған кен-руда өнеркәсібінде шикізат бөлімін ашқыздырып,  жетекшілік жасаған да жас ғалым Шаһмардан. Әлі күнге дейін «Қазақмыс» сияқты «дайын асқа тік қасық» компаниялардың қожайындары  өз есебінен көк тиын шығармастан Қ.Сәтбаев пен Ш.Есенов ашқан байлық көздерін пайдаланып, әлемдегі бай адамдардың қатарында  келеді. Жалпы, қазақ жерінде жоғарыда аталған қос атақты ғалымымыздан кейін геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілмегендігін, сол данышпандардың сызып берген картасын пайдаланып отырғанымызды Елбасы тап басып айтқан болатын.

Шақаңның ең басты ерлігінің бірі – Маңқыстау облысын Түркменстан қарамағына өтіп кетуден сақтап қалғандығы.

«В 1962 году Н. Хрущев поднял вопрос о передаче полуострова Мангышлак соседней Туркмении как имеющей более давний опыт в деле добычи и переработки нефти. Отстаивать позицию Казахстана на специальных слушаниях в Москве был послан молодой министр Шахмардан Есенов – боевитый, упорный и еще не знавший поражений.
В ходе заседания, на котором председательствовал сам Н. Хрущев, ученый с конкретными фактами и цифрами в руках и вооруженный научно-концептуальным видением проблемы убедительно доказал, что для освоения нефтяных богатств Мангышлака у Казахстана вполне достаточно и собственного опыта, и кадров, и экономических возможностей.
В той дискуссии казахского министра открыто поддержал один из патриархов отрасли, министр геологии Каз ССР, академик А. В. Сидоренко. После выступления академика-министра, в 40-е годы возглавлявшего Горнорудный институт Туркменского филиала АН СССР и знавшего положение дел в этой республике не понаслышке, сторону представителя Казахстана занял и председатель Совета министров СССР  А.Н.Косыгин.
Так, повторив подвиг замечательного деятеля Алаша Алимхана Ермекова, перед лицом самого В.Ленина доказательно и убедительно отстоявшего внешние границы казахской земли, в свои тридцать с небольшим Ш. Есенов решительно отстоял целостность земли отцов», - деп жазды Мұхтар Құл-Мұхаммед «Казахстанская правда» газетіндегі «Личность» атты мақаласында (мамыр, 2014 жыл).

«Шахаңның іші тар, көре алмаушы тоғышарлар тарапынан жәбір де көріп, жазықсыз жапа шеккен кездері де болмай қалған жоқ. Алайда ол болдым деп таспады, жазықсыз жазаға ұшырағанда да саспады. Қандай жағдайда да болмасын ардың жүгін көтерген нардай бойын биік, ойын сергек ұстады. Кіммен болса да жылы жымиып амандасып, салиқалы әңгіме-дүкен құрды. Үлкеннің алдында ізет сақтап, кішіге қамқор аға бола білді. Ол өзі Әбділда ағасына (Тәжібаевқа) соңғы кездесуінде айтқанындай, «жаманның көңілін ауласа да, дауын дауламай» өтті дүниеден. Сондықтан ол бойына ойы сай тұлға ретінде оны білетіндердің жадында қалды. Шындығында да Шахаң Қазақстанның ғылыми және қоғамдық-саяси өміріндегі ірі тұлға еді» - деп жазды естелігінде  ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Кеңес Нұрпейісов («Біртуар Шахмардан». Алматы: Ғылым, 1997 жыл).
Шаһмардан Есенов «Мен президент кезімде ұлт кадрларынан академиктер қатарын толықтыруға тырыстым. Корреспондент-мүшелер саны көбейді. Маған тым ұлтшылсың деген кінә тағылды. Соған қарамастан қазақтың жас әрі білімді жігіттерін көп тарттым» - деп жазған екен. Осы сөздің астарында көп сыр жатқандай...

ҰСЫНЫС: Ұлт мақтанышы, патриоты, академик, мемлекет қайраткері Шахмардан Есеновтің есімін өзі туылған Тартоғай ауылына берсе әділеттілік орнаған болар ма еді. Өздеріңізге белгілі, Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында академик Ш.Есенов атындағы университет бар. Осы бір ғылым ордасы алдындағы еңселі ескерткіші бой көтерген. Маңғыстаулықтар осындай жоғары құрметті Қызылорда облысынан бұрын білдірді. «Ештен кеш жақсы» демекші, Қызылорда қаласында академик атына көше берілді. Ескерткіші орнатылды. Алайда кіндік қаны тамған ауылына  Шахаңның есімін беруге келгенде табандылық таныта алмай отырмыз. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы міне, осындай кемшіліктерімізді түзеуге кең мүмкіндік туғызып отыр. Алайда ономастикалық комисия «Бір кісінің атын сол өлкеде екі рет атауға болмайды» деген қисынсыз тармаққа жабысып алған. Бізде қатып қалған заң жоқ. Сол себепті де Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек  Досмайылұлы Ысқақов Тартоғай ауылдық округін «Академик Шахмардан Есенов атындағы ауылдық округі» деп өзгертер деген үміттеміз.

Картинки по запросу БАЗАРБАЕВ  Мүсілім

БАЗАРБАЕВ  Мүсілім (1927-1995).

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында туылған. Әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы (1971), профессор (1993). ҚазМУ-ды (1948, қазіргі ҚазҰУ) және СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1956) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының директорының орынбасары (1956-1961). Әдебиет және өнер институтының директоры (1961-1970); (1981-1986), Қазақ КСР-і  Мәдениет (1970-1976) және Сыртқы істер министрі (1976–1981), Әдебиет және өнер институтында аға (1986), жетекші ғылыми қызметкер (1986-1988), бөлім меңгерушісі (1988-1995) қызметтерін атқарған.

Қазақтың маңдайына біткен ғалым,
Барыңды елге беріп, түк те алмадың.
Шықты көп абыройың аспанға да,
Мықты боп жүрегіңмен мақтанбадың...
Сыйлаған туған елге еңбегің көп,
Жанды ғой маңдай терге өнген еңбек.
Министр болсаң дағы талай заман,
Менменсіп жүргеніңді көргенім жоқ, -

деп Тұманбай Молдағалиевтың Мүсілім Базарбаевқа шын жүректен өлең арнауы да тегін болмаса керек.

Өкінішке орай, жоғарыда есімдері мен өшпес ерлік-істері аталған атақты, қазақтың маңдайалды азаматтарының бірде-бірінің мерейтойы туған топырағында, Тартоғай ауылында аталып өткен жоқ. Осындайда Ахмет Байтұрсыновтың «Балам» дейтін жұрт болмаса, «Жұртым» дейтін ұл шықпайды» деген қанатты сөзі еріксіз еске оралады екен.

ҰСЫНЫС. Қызылорда облыстық әкімшілігі Тартоғай ауылының 100 жылдық мерейтойы аясында осы мақаламызда атап көрсетілген мемлекет және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен еңбегіне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырып, туған жерінде атақты адамдардың галереясын орнатса, елдің еңсесі көтеріліп, жастарға үлгі боларлықтай тағылымды іс болар ма еді?!

P.S. Біз жоғарыда тілге тиек еткен министрлерден басқа да Тартоғайдың топырағында туылған, ауылында өскен, мектебінде білім алған, кейіннен Қазақстан халқына есімдері белгілі болған ұмытылмас тұлғалар жеткілікті. Атап айтар болсақ, қазақтың белгілі билерінің бірі Тұрсынбай датқа;  Сүтен әжі (Сүттібай, XIX ғ.), болыс Ербол Сүтенұлы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Фатима Полымбетова; Қызылорда облыстық атқару комитетінің төрағасы Шәймерден Бәкіров; композитор Мүлкаман Қалауов;  ақындар Сырбай Мәуленов, Ибрагим Исаев, Серік Өтеуов, Нұртас Исабаев, Әбубәкір Смайлов, Дүйсенбек Аяшевтар; Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген артисі Ғазиза Әбдінәбиева, Ғ.Мүсірепов атындағы  жасөспірімдер мен балалар  театрының белді артисі Жомарт Зейнәбілдер бар. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та кезінде Тартоғай  ауылында тұрып (әкесі кеңшар директоры болған), осындағы орта мектепті  бітірген. Қандай ғанибет?!

Қызықты қараңызшы. Аядай ауылдан  жеті мәрте  министр, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының қос академигі, ондаған  ғылым докторы-профессоры, ғылым кандидаты мен доценттер және бірнеше журналист шығыпты.

Тарихи анықтама. Тартоғай ауылы кеңес өкіметі орнағанға дейін Сырдария губерниясы, Перовск уезіне, 1922 жылдан Сырдария облысына (орталығы Түркістан),  1932 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысына (орталығы Шымкент), ал 1938 жылдан Қызылорда облысына (орталығы Қызылорда) қарайды.

Айтбай Сәулебек,

Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті сыйлығының лауреаты.

Астана қаласы

(Соңы)

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616