Жұма, 29 Наурыз 2024
2460 1 пікір 16 Тамыз, 2019 сағат 13:31

Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың арнайы өкілін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Петер Бурианды қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім және Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың жаңа стратегиясы аясында, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету мәселелерін талқылады.

«Қазақстан сыртқы экономикалық және инвестициялық әріптесі - Еуропалық Одақпен жан-жақты және көп бағытты өзара іс-қимылдарды дамытуға үлкен мән береді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйенді, Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельді және Еуропалық орталық банк төрағасы Кристин Лагардты жоғары лауазымдарға сайлануымен құттықтап, ЕО басшылығының жаңа «үштігімен» ашық және сенімді диалог тараптардың саяси және экономикалық ынтымақтастығын одан әрі жандандыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Петер Бурианның пікірінше, Мемлекет басшысының Қазақстанды жаңғырту жөніндегі бастамалары мен басымдықтары азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты мен заң үстемдігінің жалпы қабылданған принциптерін басты назарда ұстап, елдің даму тарихында жаңа кезеңге бастайды.

Еуропалық Одақтың арнайы өкілі еліміздің халықаралық, соның ішінде Орталық Азия өңірі мен Ауғанстандағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтуға қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544