Жұма, 29 Наурыз 2024
Арылу 7127 33 пікір 19 Тамыз, 2019 сағат 13:21

Қазақстан – Қартстан

Олай демеске енді не қалды? Әуелі, Астанадағы кезекті кездесудің жайын айтайық, содан ұғынықты бола жатар...

Тамыздың басында (7 тамыз күні) Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада академик Төрегелді Шармановты қабылдады. Әлгі жерде академик атамыз ақсақалдар кеңесін құрғанын айтыпты. Оған «Ақсақалдар Сенаты» деген дардай ат беріпті. Ол Сенатқа үш адам мүше бопты, тағы. Олар: Төрегелді Шармановтың өзі, ақын Олжас Сүлейменов пен мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтер екен.

Бұл үш қария, үш «сенатор» Президентке де, басқасына да елішілік мәселелерде ақыл беріп, кеңес қылады екен. Академик ақсақалдың айтуынша, бұл бастама Президентке ұнапты.

Сөйтіп, онсыз да ақсақал билікке ақылмандық қылуға енді «ақсақалдар Сенаты» құрылыпты. Бұл ресми орган емес, әрине. Қолы бос қариялар, қарап жатпай, ақылымызды айта отырайық деп құрыпты да. Әйтпесе, не дейсіз...

Иә, Шарманов, Әуезов пен Сүлейменов үштігі Шаханов пен Мағауинше мағынасыз мақала жазып,  бір-бірін жөнді-жөнсізден жер-жебіріне жеткізе жамандап, даукестік жасағанын естімептік. Білетіндер «болған» десе де таң қалмаймыз...

«Жастар кеңесі» құрылыпты десе, және бір жөн ғой. Соғұрлым, биліктің өз ақсақалдары да аз емес-ті... Жалпы осындай кеңес керек пе, бізге? Жер митингісі, саяси митингілер, аналар көтерілісі, сайлаудан кейінгі саяси дискуссиялар т.б. секілді елішілік ең актуалды мәселелерге жарытып жақ ашпаған, әйтпесе, ашпайтын жалтақшыл қариялардың кеңес құрып, кемеңгерсуінің қажеті қанша?

Әйтпесе, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақыл айтар ақсақалдар Парламенттің Сенатында да, Мәжілісінде де жетіп-артыларлық... Баршылық. Қазір Қазақстан қартыстанға айналған. Сенбесеңіз қараңыз:

Ақорда басшылығы:

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев – 66 жаста,

ПӘ Жетекшісі Қырымбек Көшербаев – 64 жаста,

Президенттің көмекшісі Қалмұханбет Қасымов – 62 жаста,

Елбасы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев – 79 жаста.

ҚР Үкіметі мүшелері:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев – 66 жаста.

Парламент Сенаты депутаттары:

Құрметті Сенатор – Нұрсұлтан Назарбаев – 79 жаста.

Бекмырза Еламанов – 69 жаста,

Төлеубек Мұқашев – 69 жаста,

Талғат Мұсабаев – 68 жаста,

Марат Тағымов – 67 жаста,

Бақытжан Жұмағұлов – 66 жаста,

Рашит Әкімов – 65 жаста,

Владимир Волков – 64 жаста,

Дәурен Әділбеков – 63 жаста,

Бектас Бекназаров – 63 жасқа толады,

Серік Джақсыбеков – 63 жаста,

Ғұмар Дүйсембаев – 63 жасқа толады,

Мұхтар Жүмағазиев – 63 жасқа толады,

Ерік Сұлтанов – 63 жаста.

Серік Бектұрғанов – 62 жаста (Зейнетке дейін 1 жылы бар),

Мұратбай Жолдасбаев – 62 жаста (Зейнетке дейін 1 жылы бар),

Манап Көбенов – 62 жаста (Зейнетке дейін 1 жылы бар),

Дүйсенғазы Мусин – 62 жаста (Зейнетке дейін 1 жылы бар),

Нұржан Нұрсипатов – 62 жаста (Зейнетке дейін 1 жылы бар),

Мұрат Бақтиярұлы – 61 жаста (Зейнетке дейін 2 жылы бар),

Әлімжан Құртаев – 61 жаста (Зейнетке дейін 2 жылы бар),

Рысқали Әбдікеров – 60 жаста (Зейнетке дейін 3 жылы бар),

Әбдәлі Нұралиев – 60 жаста (Зейнетке дейін 3 жылы бар),

Бақтыбай Шелпеков – 60 жаста (Зейнетке дейін 3 жылы бар).

(Мақала жазылып жатқанда Президент пәрмен беріп, жастары 60-тан асқан Бірғаным Әйтімова мен Георгий Кимнің, Дулат Қосдәулетов пен  Рашид Түсіпбековтердің мандатын алды.)

«Сенат» дейміз. Сенат деген сөздің өзі қариялар кеңесі деген мағынаға саяды. Латынша «senatus», «senex» — кәрі, қария сөзінен шыққан. Әзірге Қазақстанның Сенаты (Парламенттің жоғарғы палатасы) өз атауын әбден ақтап тұр, рас. Онда ұзын-ырғасы 49 депутат болса, соның 23-і алпыстан асқандар екен.

Парламент Мәжілісі депутаттары:

Владислав Косарев – 82 жаста,

Қуаныш Сұлтанов – 74 жаста,

Тұрғын Сыздықов – 72 жаста,

Бақтықожа Ізмұхамбетов – 71 жаста,

Владимир Божко – 70 жаста,

Қабиболла Жақыпов – 70 жаста,

Гүлжан Қарақұсова – 69 жаста,

Серік Үмбетов – 69 жаста,

Шаймардан Нұрымов – 69 жаста,

Жексенбай Дүйсебаев – 69 жаста,

Сауытбек Әбдірахманов – 68 жаста,

Жанат Жарасов – 68 жаста,

Ахмет Мурадов – 68 жаста,

Абай Тасболатов – 68 жаста,

Бақытжан Ертаев – 67 жаста,

Ерсұлтан Бектұрғанов – 67 жаста,

Асқар Базарбаев – 65 жаста,

Михалил Чирков – 65 жаста,

Галина Баймаханова – 65 жаста,

Роман Ким – 64 жаста,

Омархан Өксікбаев – 64 жаста,

Екатерина Никитинская – 64 жаста,

Майра Айсина – 63 жаста,

Василий Олейник – 63 жаста,

Зәуреш Аманжолова – 63 жаста,

Ирина Аронова – 62 жаста,

Гүлмира Исимбаева – 62 жаста,

Светлана Бычкова – 62 жаста,

Зағипа Балиева – 61 жаста,

Гүлнар Иксанова – 61 жаста,

Құралай Қарекен – 61 жаста,

Татяна Яковлева – 61 жаста.

Облыс басшылары:

Алматы облысы әкімі Амандық Баталов – 67 жаста,

ШҚО әкімі Даниал Ахметов – 65 жаста.

Енді осыларға жаңағы «Ақсақалдар Сенатын» қосыңыз:

Төрегелді Шарманов – 88 жаста,

Олжас Сүлейменов – 83 жаста,

Мұрат Әуезов – 76 жаста.

Айтпақшы, әлеуметтік желіде Шарманов, Сүлейменов пен Әуезов үштігіне қазақ оппозициясының ардагер ақсақалы Серікбослын Әбділдинді де ұсынып жатқандар болды. Ал Серікболсын қария болса, биыл 82 жаста.

Түйін. Міне, біздегі жағдай осылай... Бүгін «Ақсақалдар Сенатын құрамыз». Ертең «Ақсақалдар алқасын» құрамыз... Айтпақшы, құрамыз дейміз-ау, бұлар баяғыда-ақ, құрылып қойған екен ғой... Қойшы, несін сұрайсыз... Қазақстанның негізгі Заң шығарушы органы саналатын Парламенттің қос палатасы, Үкіметі мен билігінің бүгінгі бет-келбеті осылар, әне! Ыңғай «пенсионерлер»! Ыңғай алпыстан асқан аталар мен апалар!

Ал енді, осы біздің Қазақстан дәл қазір қариялар кеңесіне мұқтаж ба еді? Бізше болса, билік үшін ақсақалдар кеңесінен бұрын, «Жастар қозғалысы» керек! Жастардың үні керек! Жаңа ақыл керек!

Саясаткер Дос Көшім мырзаның «Жасы 60-тан асқан, немесе 60-қа жеткендердің саясаттағы рөлі – кеңесші ғана» дейтін пікірі әбден орынды-ақ! Солай болуы тиіс те! Халық ескі кадрлардан әбден шаршады. Тәуелсіздік алғанымызға 28 жыл. Сол 1991 жылдан бастап, күні бүгінге дейін саясатты сеніп тапсыратын бір адам тәрбиелей алмасақ, қалғаны бос сөз! Болды. Бітті.

Әй, қайдам... Екі президентіміз де егде жастағы адамдар. Парламентімізде 80 жастағы Косарьев, 80-ге жетіп қалған Сұлтановтар отырғанда, не өзгеріс күтеміз, бірақ... Қазақстан – Қартстанға айналғалы қашан...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

33 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616