Жұма, 29 Наурыз 2024
7096 41 пікір 23 Тамыз, 2019 сағат 11:27

Құлыбаева Швейцариядан сарай сатып алды

Швейцарияның “Bilan” журналы 21 тамызда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Динараның әйгілі “Бельрив” (Château de Bellerive) зәулім сарайын иеленгенін жазды.

Женеваның шетінде орналасқан зәулім сарай Швейцарияның ұлттық жәдігерлері тізіміне енгізілген. Мәліметтерге қарағанда, Динара Құлыбаева ғимаратты 62 миллион франкқа (63 миллион доллар) сатып алған.

Журналда "Бельрив" сарайы ханзада Садруддин Ага Хан тарабынан 1997 жылы ағайынды Сёрсоктарға сыйлық ретінде берілген. Ханзада Садруддин 2003 жылы 70-ке қараған шағында өмірден озған. Ол екі рет некеге тұрған, бірақ балалары болмаған.

Ағайынды Сёрсоктар оның екінші зайыбы Кетрин Алия Сёрсоктың (Catherine Aleya Sursock) балалары.

“Bilan” ақпаратына сәйкес, Сёрсок 28 мың 700 шаршы метр болатын хансарайды үш жыл бұрын 120 миллион франкқа сатуға шығарған.

Журналдың жазуынша, бұл Назарбаевтың қызының Швейцариядағы бірінші жылжымайтын мүлкі емес. 2009 жылы Женевадан 75 миллион долларға үй сатып алған.

Динара Құлыбаеваның өзі бұл мәлімет бойынша комментарий берген емес.

Abai.kz

41 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544