Жұма, 22 Қараша 2019
Анық 4066 49 пікір 27 Тамыз, 2019 сағат 16:56

Олар, советшіл депутаттар – Тәуелсіз Қазақстан Парламентінің «геморройы»!

Бізде президент сайлауы өтісімен-ақ, парламентті таратып, ай асырмай жатып кезексіз сайлау шақыру дейтін бұлжымас қағида, айнымас «салт» бар еді. Бұрынғы президенттің кезінде солай тұғын, әйтеуір.

Не керек, улап-шулап жүріп, президент сайлауын өткіздік. Қасым-Жомарт Тоқаев легитимді президент атанды. Әлгіндегі әдет бойынша кезек – Парламентте. Онда да Мәжілісте. Мәжілістің өкілеттік мерзімі 5 жыл. 2016 жылы сайланған алтыншы шақырылым 2021 жылға дейін жұмыс істеуі керек. Бұл алтыншы шақырылымның өзі кезексіз келгендер еді ғой, айтпақшы. Кезексіз келіп, кезексіз кету – біздікілер үшін үйреншікті әдет. Ақорда бұйрығы кешеуілдеп жатса, «ойбай, бізді таратыңыз» деп өздері шығатын. Ондайды да көргенбіз. Бірақ, бұ жолы тыныш. Ақордадан да ақпар жоқ. Ақ жағылардан да үн шықпайды. Саяси ортада сайлаудың сыбысы әлдеқашан айтыла бастаған. Білгіштер биыл күзден кешікпейді деген...

Естеріңізде болса, 2011 жыл. Мәжіліс өкілеттігі 2012 жылы аяқталуы тиіс-тін. Бірақ, депутаттар Мәжіліс пен Мәслихатты мерзімінен бұрын таратуды сұрады. Сөйтіп, Мәжіліс тараған.

Онан соң, 2016 жыл. Мәжілістегі мырзалар мен ханымдар өздерін таратуды қайта сұрады. Президентке жолданған үндеуді депутаттар әдетінше бірауыздан қолдады.

Ал биыл ше? Ескі биліктің саяси «свалкасына» айналған «ақсақалдар алқасында» (Сенатта) аз-маз ауыс-түйіс жасалған болды. Ол қадамның қаншалықты тиімді болғанын уақыт көрсете жатыр. Ал негізгі Заң шығарушы орган – Мәжілісте мимырт тыныштық. Е, айтпақшы, депутаттар демалыста жүр еді ғой...

Ортақ отырыс – 2 қыркүйекте өтеді

Қыркүйек туғанда алтыншы «сыныптың» қыз-жігіттері Парламенттегі парталарына кеп жайғасады. Кеше Нұрекең (Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин) айтқан. Сенат пен Мәжілістің ортақ отырысы 2 қыркүйекке белгіленіпті. Бәлкім, осы жолғы басқосуда бір әңгіменің шеті шығып қалар... Әй, бірақ, өткендегі биліктің доминант партиясы өткізген жиында экс-президент «сайлау өз уағында өтеді» дегенді айтып қалған...Көре жатармыз... Айтпағымыз, тіпті ол емес.

Енді бір азда демалыста жүрген депутаттар қайта жұмысқа шығады. Ыңғай ығайлар мен сығайлар жиылған жамаубет – жарымжан парламент. Іштерінен іліп алып, міне, мынау дейтіндері саусақпен санарлық!

Бұрын, біз «Парламент пенсионерлердің пансионатына айналды» деп сынадық. Оның  пәрменсіздігін де айттық. Жастардың жоқтың-қасы екендігін де жаздық. Бізше болса, барлығы да әділ сын еді. Жетелеріне жетерліктей қылып айттық. Көздеріне шұқып тұрып көрсеткендей болдық. Бірақ, былқ етпеді. Өткенде Президент Тоқаев Сенаттағы Бірғаным Әйтімова, Дулат Қосдәулетов, Рашит Түсіпбеков секілді «зейнеткер» сенаторларды қызметінен алғанда, «Әп, бәрекелді! Сең қозғалды» деп ек. Сонымен тоқтады.

Бұрынғылар

Қазіргі парламентте кімдер отыр? Бұрынғылар! Бұрынғы депутаттар, бұрынғы әкімдер, бұрынғы министрлер, бұрынғы шенеуніктер, бұрынғы коммунистер, бұрынғы өнерпаздар, бұрынғы спортшылар, бұрынғы зам-министрлер мен зам-әкімдер, бұрынғы ректорлар т.б. Барлығы да бұрынғылар. Бұрынғы отряд! Бұрынғы достар! Сексеннен асқан Косаревтер мен жетпістен асқан Сұлтанов, Сыздықов секілділерді айта-айта ауыз қисаяр болды. Ұялса, кәне?!

Бақытжан Ертаев (Халық Қаһарманы. Ауған соғысының ардагері);

Бақытбек Смағұл (Ауған соғысы ардагері. Ақын-жазушы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі);

Бекболат Тілеухан (Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі);

Ольга Шишигина (Олимпиада чемпионы);

Нұртөре Жүсіп (Бұрынғы журналист);

Артур Платонов (Бұрынғы журналист);

Дана Нұржігіт (Бұрынғы журналист);

Дания Еспаева (Президенттікке үміткер);

Жамбыл Ахметбеков  (Президенттікке 2 мәрте үміткер);

Тұрғын Сыздықов (Президенттікке үміткер);

Владимир Божко (Бұрынғы ТЖМ министрі);

Алберт Рау (Бұрынғы министр (ИжД вице-министрі);

Бақытжан Жұмағұлов (Бұрынғы министр);

Мұхтар Құл-Мұхамед (Бұрынғы министр);

Қайрат Қожамжаров (Бұрынғы Бас прокурор);

Серік Үмбетов  (Бұрынғы әкім);

Бақтықожа Ізмұхамбетов  (Бұрынғы әкім);

Аңсар Мұсаханов (Бұрынғы әкім);

Ерік Сұлтанов (Бұрынғы әкім).

Ең өкініштісі – қазіргі Парламентте бұрынғы Совет одағын ынта-шынтасымен сүйетін, оны бүгінгіге үлгі ететін, тіпті Тәуелсіз мемлекеттің депутаты болса тұра, «Біздің Совет одағы» деп сөйлейтін сазбет сылқымбикелер мен «Ленинге құрмет көрсетпеген елде тұру мүмкін емес» дейтін көсемқұл көкелердің отырғаны! Сенбесеңіздер, қараңыздар, әне:

Комсомол – бұл тағдыр, бұл балалық шақ, жастық шақ, сосын тарих!

Похожее изображение

Жамбыл Ахметбеков

30 қазан. 2018 жыл. (Abai.kz)

 «Қалай болғанда да, комсомол – бұл тағдыр, бұл балалық шақ, жастық шақ, сосын тарих. Ал әлгі ұлтшыл патриоттар мен өзгеріп шыға келген үлкен буын өкілдері және тарихи мәліметтерден жұрдай жастар өзінің өткен тарихына және ата-бабасы – атасы, әкесі, анасы жасаған тарихқа тас атып жатыр. Біздің комсомол тойын тойлауымыз қазақша айтқанда «өз қотырыңды өзің қасу». Ал, анау Алаштың жүз жылдығы тойланбай қалды деп жүр ғой, тойламай ма енді олар да, өз мерейтойлары ғой. Мүмкін біз де қосылып кетер едік қой оларға».

22 қазан. 2018 жыл. (Азаттық сайты)

«Не только комсомольцы, даже мы, члены Компартии, не несем ответственности за действия советской Коммунистической партии. Среди комсомола никто не вмешивался в политические репрессии. Особенно начиная с 1960-годов не было чрезмерно красных кампаний. В рядах комсомола было много тех, кто честно служил Родине. Это встреча честных людей, собравшихся вспомнить свою молодость. В нынешней власти много бывших комсомольцев и коммунистов. Их внутренний мир, сердцем они коммунисты. Однако из-за течения времени называются по-другому».

Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуына комсомолдардың қосқан үлесі көп!

Картинки по запросу Владимир Божко

Владимир Божко

29 қазан. 2018 жыл. (Forbes.kz)

 «Наверное, будет правильно на сегодняшний день вспомнить период приобретения независимости Казахстана, становления и 27-летнего развития и при этом отметить тот большой вклад, который внесли в это бывшие комсомольцы, прошедшие школу комсомола, выросшие в его рядах и получившие опыт организационной, хозяйственной и политической работы, который пригодился при строительстве суверенного Казахстана. В зале практически все эту школу прошли, и хотелось бы отметить это и напомнить о хороших делах нашей молодости».

Картинки по запросу Сергей Звольский

Сергей Звольский

29 қазан. 2018 жыл. (Forbes.kz)

«Я хотел бы сегодня всех нас поздравить с праздником, 100-летием комсомола. Это же здорово, мы все были...». (Парламентте сөйлеген сөзі)

Біздің Совет одағында!

Похожее изображение

Гүлжан Қарақұсова

13 қыркүйек. 2018 жыл. (Baq.kz)

«Қазақ тілін үйрене беремін. Бірақ тілді үйреніп жүргенім үшін қолдау керек. Енді ғана (қазақ тілін үйренуді – автор) бастадым. Неге? Себебі, 50 жыл бойы мен орыс тілінде ойлап, оқып, жұмыс істедім».

5 мамыр. 2016 жыл. (Abai.kz)

«Поэтому у нас в Советском союзе порфессия журналиста пять лет, а вообще сначала получает базовую профессию. Он международник или экономист, или юрист и потом только становиться обазревателом».

Ерте ме, кеш пе, орыспен ортақ ақшамыз болады...

Похожее изображение

Айқын Қоңыров

11 қараша. 2015 жыл. (Total.kz)

«Думаю, если у нас – союзное государство в экономическом плане, не политическом, то в любом случае, рано или поздно, у нас будет единая валюта. Потому что на сегодняшний момент иметь в статусе резервной валюты только доллар и иметь с этим очень серьезные проблемы – это неправильно. Если появится новая резервная валюта, то она появится на просторах Евразийского союза при поддержке Китая. Хотя сейчас ведутся разговоры о том, что юань должен выйти в качестве резервной валюты. Но насколько это реально? Пока неизвестно. Китай сильно в последнее время наращивает свои золотые резервы, это все знают. Казахстан и Россия тоже наращивают. Это говорит о том, что готовится план создания такой валюты, которая будет подкреплена не только вооруженными силами США и их экономической мощью. А именно реально золотыми запасами, как это было до введения Бреттон-Вудской системы. Несомненно, тенге является атрибутом независимого государства, но, как показал опыт Европейского союза с введением евро, создавать препоны в виде каких либо СВОП-операций, каких-то межбанковских бирж, на которых будет установлен паритетный курс между союзными государствами –это тяжело. И многие предприниматели с этим сталкиваются, когда российский рубль привязан к доллару, тенге привязан к доллару, кыргызский сом привязан к доллару, и начинается волна девальваций в погоне за экономическим ростом. Я не исключаю того, что будет общая валюта, и не обязательно только в рамках Евразийского союза. Это, возможно, будет одна из резервных валют, которая станет наднациональной, вместо доллара, которая будет обеспечена реальным золотом».

Ленинннің ескерткіші қоқыста жатқан елде өмір сүру мүмкін емес!

Похожее изображение

Владислав Косарев

13 ақпан. 2019 жыл. (Turantimes.kz)

 «Нельзя жить в городе, где памятник Ленину лежит в колхозе на свалке».

24 қаңтар. 2011 жыл. (Tengrinews.kz)

«Безответственное заявление (о предании земле тела Ленина)! (...) Прикормленные западными смотрящими, они (авторы идеи похорон Ленина) облаивают свое же прошлое. Я был во Франции, Германии, Италии - Ленина там помнят и ценят! Один итальянец, увидев у меня значок с изображением Ленина, ходил за мной весь день, просил подарить. Я спросил: «Зачем вам?», на что получил ответ: «Так это же Ленин!» Я, конечно, подарил значок. Ленин - это теоретик нового устройства общества, где нет эксплуатации, гнусной наживы на нуждах других людей».

24 сәуір. 2017 жыл. (Abai.kz)

«Лениннің сүйегін Қазақстанға әкелуді 514 мыңнан астам адам қолдайды».

22 сәуір. 2017 жыл. (Qasym.kz)

«Оларға Ленинді бізге беріңдер дедік. Бұл расымен де мүмкін нәрсе. Менің ойымша, бізге Лениннің сүйегін Қазақстанға әкелуге болар еді. Алайда біздің әлсіздігіміз сол, қоқысқа тасталған көсем ескерткішінің өзіне қалпына келтіре алмай жүрміз».

Біздің бүгін осылай сөйлей алуымыз – комсомолдың арқасы!

Картинки по запросу Ахмет Мұрадов

Ахмет Мұрадов

29 қазан. 2018 жыл. (Forbes.kz)

«Біз бүгін партия позициясы атынан осылай сенімді сөйлей алуымыз бұрынғы комсомолдық «тәжірбиенің» арқасы. Сіздің осылай жасауыңызға мүмкіндік берген де осы комсомолдық өткеніңіз. Сондықтан аман болыңыз».

Советтік білім жүйесі – дұрыс ойлауды үйретті

Похожее изображение

Артур Платонов

9 қыркүйек. 2010 жыл. (Camonitor.kz)

«Да, я благодарен своим наставникам в Москве. Советская система образования все-таки учила мыслить». (Ол кезде депутат емес еді.)

24 қазан. 2013 жыл. (Kstnews.kz)

«Пропаганда – очень специфическая и опасная вещь. По сути, из-за неправильной пропаганды развалился Советский Союз». (Ол кезде депутат емес еді.)

11 қараша. 2016 жыл.

«Можно взять пример из недавней истории - фактически, таким же способом был развален Советский Союз. Военным путем сделать это было нельзя, но в информационном плане были допущены грубые ошибки. Мы, кстати, должны учесть этот опыт при защите наших государственных интересов».

Комсомол адамзаттың ең жоғарғы идеяларына қызмет етті

Картинки по запросу Серік Сейдуманов

Серік Сейдуманов

29 қазан. 2018 жыл. (365info.kz)

«Есть славные страницы истории, комсомол ничем себя не запятнал в своей истории. Он служил своей родине и воспитанию молодых людей. Прошло столетие, и мы решили, что стоит его отметить. Это мероприятие не носит политический характер, это дань встрече поколений», — отметил депутат».

30 қазан. 2018 жыл. (Abai.kz)

«Комсомол адамзаттың ең жоғарғы идеяларына қызмет етті. Құранның, Інжілдің және басқа да киелі кітаптардың  идеяларына, сол қоғамның идеалына қызмет етті. Коммунизм идея түрінде шын мәнінде киелі қасиетті еді. Рас, репрессиямен, дұрыс басқармаумен оны бүлдірді. Оның атына кір келтіргенден – комсомолдар емес коммунистер».

Қазақстан Орыс әлемінен алыстап барады

Картинки по запросу Ирина Смирнова

Ирина Смирнова

12 сәуір. 2017 жыл. (Dalanews.kz)

«Таким образом Казахстан дальше уходит от русского мира. Потому что кириллица уходит и этот алфавит будет потерян для следующее поколение. Мне это печально».

30 қазан. 2018 жыл. (Abai.kz)

«Ол жақта нұкте қойды. Совет өкіметінде комсомол деген ұйымның болғанына нүкте қойды. Совет өкіметі құлағаннан кейін комсомол ұйымының соңғы хатшысының үйінде сақталған комсомол туын мұрағатқа тапсырды».

Комсомол тойы – 100 жылда бір өтетін ғажап жиын!

Похожее изображение

Қуаныш Сұлтанов

22 қазан. 2018 жыл.(Азаттық сайты)

«Комсомол прекратил свою деятельность в качестве политической организации, однако есть тысячи человек, которые когда-то добросовестно выполняли свою работу в этой организации. Эта встреча не имеет отношения к политике, это культура уважительного отношения общества к своей биографии, человеческая встреча. 100-летие комсомола отмечают и в других бывших советских странах».

Фото с форума, посвященного 100-летию ЛКСМ. Алматы, 20 октября 2018 года.

1 қараша. 2018 жыл. (Abai.kz)

«Комсомол саяси ұйым ретінде жұмысын тоқтатқанымен, кезінде сол ұйымның жұмысын адал атқарған мыңдаған адам бармыз. 15 жылға жуық уақытым тікелей комсомолмен байланысты. Сондықтан мен комсомолдағы қызметім үшін ұялатын, қысылатын, қызаратын еш нәрсем жоқ, керісінше, өстім өз қаталарымды, адамдарды жетелей жүріп, өзім үйрендім. Кеңес одағының тұсында ашаршылық болды. Оған комсомол кінәлі емес. Олар жас балалар сіздер сияқты. Әке шешелеріңіздей адамдар тапсырма берді, заман солай болды. Сондықтан тарихты беталды күстаналай беруге болмайды».

Картинки по запросу Тұрғын Сыздықов

Тұрғын Сыздықов

30 қазан. 2018 жыл. (Abai.kz)

«Жастармен жұмыс істеуде комсомолда көп пайдалы тәсілдер болды. Сол методтарды қалдырып, Үкіметтің саясатына сәйкес келмейтіндерін ала берсін. Оны ешкім даулап жатқан жоқ».

Владислав Косарев Тұрғын Сыздықов туралы:

«А он никогда не выходил из Коммунистической партии. У нас можно использовать старые партбилеты.​ У меня капээсэсовский билет. А он встал на учет — и все дела. Он — твердый коммунист. Он никогда не вступал в другие партии, как Партия патриотов, «Ак жол», и не подался даже в «Нур Отан». Это человек с несгибаемой коммунистической идеологией. Он хороший партийный организатор: работал секретарем райкома партии еще в советское время».

17 сәуір. 2015 жыл. (Казахстанская правда)

«Сегодня перед нами открыты большие перспективы для работы в массах. Негативное отношение к недостаткам советской системы, которое в 90-х годах было довольно распространено в обществе, постепенно сменяется интересом к фундаментальным основам. Коммунистическая идея, по нашему мнению, – одна из таких основ».

«Мне доводилось в последние дни часто отвечать на этот вопрос. Я – потомственный коммунист. Мой отец вступил в ряды партии большевиков в 32 году прошлого века. Все мои 7 братьев – также коммунисты».


Біздің түсінігімізде Парламент – Қазақстанның негізгі Заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілетті орган! Алайда, Қазақстан Парламентінің бүгінгі күйі – «кімнің тарысы піссе – соның тауығына айналған». Қазақстан Парламентiнiң депутаттары туралы том-том қағытпалар жазуға болатын шығар, сiрә. Халықтың әлеуметтiк проблемалары туралы ұсыныстар айтуға келгенде үндерi әрең-әрең шығатын депутаттар Ақорда жақтан бұйрық түссе, танаурап жүріп тау қопарып тастауға дайын-ақ! Ертең, екісінде қайта жиналатын депутаттар, сол әдетінше бір жазылған заңды жүз өргертіп, ақыр аяғында «біз 100 заңды қарадық, енді тарамасақ болмайын деп тұр» дейді де...

Мейлі ғой, онысына да ет үйренді, құлақ тұнды. Ең, сорақысы жаңағы советсүйгіш қызылдар қайта келеді. Келеді де, ескі әуеніне қайта басады. «Комсомолдың бергені, коммунизмнің берері көп» дейді. «Жастарға соны дәріптейік» дейді. Солай болады, көресіз! Өйткені, «Ленинннің ескерткіші қоқыста жатқан елде өмір сүру мүмкін емес» деген сексеннен асқан Косаревтер біздің ең «мықты» депутаттарымыз, ғой. Әйтпесе, не дейсіз?!

Түйін. Түйін сөзде айтарымыз жалғыз. Тәуелсіз Қазақстан мен Совет одағының парқын ажырата алмайтын, саналарын әлі күнге ескі одақтың елесі кезіп жүрген көсемшіл, көне депутаттармен өзгеріс жасалмайды! Бұл ақиқат!

«Аурудың ең жақсысы – қотыр. Қасысаң – қаси бергің келеді. Ал ең жаманы – геморрой. Не өзің көре алмайсың, не өзгеге көрсете алмайсың» дейтін зілді әзіл бар. Енді, жаңағы советсүйгіш депутаттар – Тәуелсіз Қазақстан Парламентінің көтеуіне айналғанын мойындау ғана қалды.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

49 пікір