Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6789 0 пікір 30 Тамыз, 2019 сағат 16:11

Қуанышбек Ысқақов: Конституция Тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде бірлігімізді бекемдеді

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театрында Конституция күніне арналған алқа-қотан жиын өтті.  Оған облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов келіп қатысып, құттықтау сөз сөйледі. 

"Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатымен ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңарулар жүргізілді.

Бүгінгі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Тәуелсіз еліміз жаңаша қадамға жол ашып келеді.

Ата Заңның аясында халықтың әл-ауқатын арттыруға қарқынды жұмыстар қолға алынды. Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар мен отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмектер беріліп, тұрғын үйлермен қамтамасыз етілуде. Жоғары және кәсіби орта білім алам деген жастарымыз үшін жол ашылып, гранттардың түрі көбеюде. Ұстаздардың еңбекақысы кезең-кезеңімен төрт жыл ішінде екі есе өседі.

Бір сөзбен айтқанда, Конституция Тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде бірлігімізді бекемдеп, экономикамызды нығайтуда, әлеуметтің әлеуетін арттыруда берік тұтқаға айналды", - деді аймақ басшысы.

Ал аталмыш іс-шара мерекелік концертпен жалғасты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499