Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Әдебиет 8381 3 пікір 5 Қыркүйек, 2019 сағат 11:07

«Құштарлық құмарлығы» яки Құмалақ саудасы 

(қазіргі әңгіме)

Жексен метроның соңғы аялдамасынан түсе сала, Новосібірдің батыс шетіндегі үлкендеу базарға асыға ұмтылды. Бір-екі қадам жүре бере етігі шаңғыдай тайғанап барып қалың қарға көміле құлады. Көз оты жарқ етіп, құлағы шыңылдады. Қар құм секілді  сусып жайылғанда астындағы құп-құрғақ асфальтқа денесінің тигенін сезді.

Екі жылдан бері Новосібірдің Ғылым Академиясының әдебиет аспирантын оқыған болып жүргенде мұны неғып аңдамаған деші? Көшедегі сусыма қар өз ауылындағы Аралдың құмынан аумайды екен ғой. Қысқы демалыстан кеше ғана келген еді, елдің сағынышы әлі суымаған екен. Мынау қардың құмға ұқсастығы сол сәтте ауылын еске салды.

Іргесін үйме құм басқан, ең шеттегі аласа там үйіне қарай, күн қызыл шапақ жайған кезде екі түйесін айдап, төбешіктен еспе құмды сусылдата сырғанай жүгіретін-ді. Сонда құмнан су-су еткен бір ғажап дыбыс шығатын. Міне, мына қардан да дәл соған ұқсас үн естіледі. Бір уыс қарды алақанына салып көрді. Ә, гәп қайда! Новосібірдің қары ұп-ұсақ құм түйіршіктері секілді екен. Өзі қатқыл әрі сұп-суық...

Жексен базардың әр түрлі заттар сататын бұрышына келді. Экзотикалық  гүл сатқан кемпірлермен бірге іс мәшине, ара-балта, сақал қырғыш, ескі радиоқабылдағыш тағы сондай үй-ішілік көр-жерді алдарына қойып, түтінге ысталған саусақтарына папирос қыстырған шалдар... жабырласып отыр.

Жексен анау күнгі салапан қапшықпен көң сатып отырған тұсты іздеді. Әне, әлгі жас жігіт сол орнында екен. Аты есінде – Орқан. Ұлты алтайлық, түрі қазаққа келеді, тілі де ұқсас. Бұл жігітпен елге кетер алдында апасына емдік май іздеп жүріп танысқан-ды. Жарты кіләдай мөлшердегі қоңыр қошқыл ұнтақ затты сауда үстеліне тізіп қойып сатып тұр. Барып қарады. Тауарнамасында «Супер тыңайтқыш» деп жазылған. «Бұ не?» Қазақша сұрады. Ол жәй тұрғанның өзінде жымиып тұрған кісідей, жымиыңқы көздеріне күлкі үйіріп:

«Қошағаштансың ба? Өз қойларыңның құмалағын танымай тұрсың ба?» деді. Жексен беті ашық қапшықтағы қоп-қоңыр майда ұнтаққа саусағын тигізіп иіскеді.  Қой қораның таңсық иісі мүңкіп қоя берді. «Өй, мынауың кәдімгі көң ғой, бұ неге керек?» Жыртық көз жігіт аңқылдақ екен:

«Ей, бауырым, бұл мына қаладағы гүл өсіретіндерге табылмайтын зат. Мен осында студентпін, қошағаштықпын. Демалыста ауылдан бірнеше мөшек әкеп, жексенбі күндері базарға шығып, қажет ақшамды тауып аламын.» Жексен мына қызыққа мәз-мәйрам болды. «Бір дорбаң қанша тұрады?» «25 рубль» «Мәссаған, бізше бұл бір доллар ғой». «Біз деген қай жер?» «Қазақстанды айтамын» «А, сен Қазақстанның қазағысың ба?» Ол таңдана қарап қалды. «Сөйлеуің қошағаштық қазақтардан аумайды ғой?!» «Енді ше, бір қазақ қой. Мен Новосібірдегі академгородкта аспирантпын. Үшінші жылда жүрмін». Орқанмен осылай танысып тұрғанда Жексеннің басына ой да жоқ бір жаңа идея сап ете қалған-ды.

Міне, сондағы тосын идеясын іске асыруға келіп тұрған беті. Жексен жиырма кіләдан кем түспейтін жол қапшығынан грек жаңғақтарындай қоңыр-сарғыш жұмыр сопақша нәрселер  салынған мөп-мөлдір дорбашаларын сауда үстеліне шығарып қаз-қатар тізіп қойды. Мөлдір дорбашаның бүйіріндегі қардай аппақ тауарнамаға қан-қызыл әріптермен «Табиғи супер тыңайтқыш» деп орысша жазылған жазуы кіленттерді отқа үймелеген көбелектей үйірді. Жексен дәл осылай болады деп ойламаған.

Өтіп бара жатқандар бұрылып кеп сұрайды: «Не нәрсе?» «Арал шөліндегі түйелердің құмалағы» «Неге керек бұл?» «Гүлдердің теңдессіз тыңайтқышы. Біреуінің өзі бір түп гүлге бір жыл бойы таусылмайтын шырай береді». Жексен өз тауарын осылайша поэтикалық тілмен әсірелегені кіленттерді арбап алғанға ұқсады. Кез-келгені саудаласа бастайды. «Біреуі қанша тұрады?» «Бір құмалақ бір доллардан» «Неге доллардан?..» «Қазақстанда солай бағаланады» «Ал бізше 25 сом ғой... Түк те емес, кәне маған екеуін бер!» Сәтте, сауда ойламаған жерден осылай басталып, «Кәне маған, үйімде төрт құмыра гүлім бар, төртеуін... бесеуін... алтауын...» деп алушылар жалғаса берді.

Жексен бір ай бойы базарға аптасына екі-үш реттен шығып, елден үш үлкен аладорбаға салып әкелген құмалағын түгел сатып үлгерді. Келген кездегі тықыр-тықыр еткен құр әмияны енді ресейлік көкала сомдармен толды. Жексен бәрін санап қуанарын да, таңданарын да білмеді. 250 мың рубль! Яғни, 10 мың доллар деген сөз. Сонда Жексен 10 мыңдай құмалақты базарға әр шыққанда жүзден астам кілентке сатып отырған болып шығады. Сауданың қарбаласы мен қызығы тең түсті. Елге құмалақ әкелу үшін әлденеше барып қайтты. Кеште мұршасыз саудадан ұрынып шаршаса да, таң ата базарға деген құлшыныстан жұлқына ұмтылады. Жексен өзін өзі танымай да қалды.

«Құмалақ саудасы» деген бизнесті бұрын-соңды ешкім жасамапты. Қай нәрсенің де алғашқысы таңсық қой. Жексенге енді санаулы құмалақ сатып алатын жеке кіленттер емес, тонналап сұрайтын Новосібірдің гүл өсіретін парниктерінің иелері келе бастады. Сонымен Жексен бірер айда ұсақ сатушыдан үлкен бизнесменге айналып шыға келді. Қаттап салған доллары бар сөңкемен Қызылордаға тартты. Баяғыдай пойызбен емес, ұшақпен. Бұрын алты күнде азар жететін ауылына күнбе-күн табан тіреді.

Ертеңінде ауыл ішінде «кедей кемпір» деген лақап атпен аталатын Жексеннің туған үйінің шағын ауласына кап-қап түйенің құмалағы үйле бастады. Алғашында ел сенбеді. «Кедей кемпірдің Новосібірдегі оқитын ұлы келіп, бір мөшек түйенің құмалағын 200 теңгеден сатып алып жатыр» деген хабар желден де тез жедел тарап кеткен. Біреулер шын-өтірігін білу үшін маңайда текке шашылып жатқан түйенің құмалағынан бірер мөшек апарып еді, рас-ей, қолма-қол ақшасын Жексеннен санап алды. Сол, сол-ақ екен кедей кемпірдің үйіне қарай қол арба, есек арба, ат арба, тірәктір, мәшинеге тиелген түйенің қап-қап құмалағы  ал, ағылсын.

Жұрт түкке тұрмайтын түйенің құмалағының аяқ астынан қып-қызыл ақшаға айналғанын сан-сақаға жүгірітіп жатты. Соның өзі тегін жарнама болды. Әйтсе де оның гүлге қажет екенін ешкім тап баса алмаған. Құмалақ көрші ауылдан да келе бастады. Сөйтіп Жексен айналасы бір аптада екі «КамАз»  кұмалақты стансаға жеткізіп, контейнер толы тауарды Новосібірге қарай жөнелтті...

Содан кейін де екі жыл сәйгүліктей зулап өтіп кетіпті. Құмалақ саудасына кіргеннен кейін Жексенге күндер минүттей, айлар сағаттай, жылдар айдай ғана болып қалған. Екі жылдай апасына хабарласуға да қолы тимей кетті. Жексен құмалақ саудасының магнатына айналды. Қазақстандағы түйе өсіретін жердің бәрін де Жексеннің ресми өкілдері жұмыс істеп жатты. Ұзын құлаққа қарағанда жұрт енді әр түйенің артын аңдып жүріп құмалақ жиып алатын болған. Өйткені, Новосібір маңындағы базарда Қызылқұм түйесінің құмалағына деген сұраныс тіпті асқынған. Гүл сатушылардың аузынан: «Қызылқұм түйесінің құмалағына өсірілген» деген жарнама естілсе, ол гүл бір сәтте өтіп кететін. Қазақстаннан жететін контейнер-контейнер құмалақтардың алды қазір туү шығыстағы Үркіт қаласына да жетіп қойды, деген сөз бар. Осылайша, «Джексен-кумалак» фирмасының табиғи тауары Ресейді шарлап кетті.

Қазір бас деректір Жексенде есеп шоттарын ғана бақылайтын жұмыс қалған. Тасыған өзеннің көбігіндей көпірген көп ақша, өзінен өзі көбейетін фирманың атқарушы деректірлерінің төл қызметіне айналан. Соларға ауызша жөн сілтеудің өзі бастан асатын бейнет жұмыс. Шырылдаған телефон, шиыршықталып шығып жатқан факстер бір толастамайды...

Сондай қарбалас күндердің бірінде Жексенге телеграмма келіп түсті: «Апаңыз емханада хал үстінде. Тез келіп жетіңіз. Бас дәргер Үркербаев». Жексен түсінен оянғандай селк етті. Анасының қартайғаны, жалғыз ілік екені, бір күн болмаса да бір күні ажалдың да жетуі кәдік екені  есіне неғып келмеген!?

Ескірген жылдар жалт етіп елестегенде көзінен жас парлады. Жас тамшыларымен ілесе жоғалған уақыттар қайта келгендей. Үш жасында Қарақалпақстаннан апасының арқасына мініп, қазіргі ауылына жетіп еді-ау! Шеттегі шағын жұпыны үйде енесі желкесінен тістеген күшіктей ғып, жан анасы тырбанып өзін өсіріп ер жеткізді. Іздеп келген туыстары бұл жақтан табылмапты. Аштық жылдары ауып барған атасының да, оқыстан қаза болған әкесінің де бейті сол жақта қалған...

Жексенде бұл дүниеде шешесінен басқа кімі бар?! Көкірегінің тереңінен шыққан бала шағының бір сағыныш үні шырқырап кеткендей, апасын көруге жанұшыра асықты. Ұшақтан ұшаққа отырып, ауданның емханасына жеткені сол еді.

Дәрі иісі кеңсірік жарған кең дәлізден  атын атап та, пәмилесін сұрап та анасын іздеп еді, ешкім біле қоймады. Сонсоң, «Сарықұм» ауылын атаған кезде «Ә, әлгі кедей кемпір ме?» деп бір қартаң адам жөн сілтеді.

Жексен осы сәтте, бір жыл бұрын ауылдағылардың қиялына да кірмейтін ақша жіберсе де, апасының әлі күнге сол баяғыдай «кедей кемпір» атанатынына таңырқап қалды.

Палатаға кіргенде ақ төсектің ортан белінде ет пен теріге ғана ілініп жатқандай әбден арықтаған анасын, бүтін бойында жалғыз ғана өзгермеген жанарындағы баяғы етене ұшқыннан әзер таныды.

Анасының сөйлеуге әлі қалмаған екен. Кім біледі, бұған дейін іштей мың қайталап, айтсам деген соңғы сөзін, көмекейінен жеткен әлсіз үнмен, икемсіздене кепкен еріндерін болымсыз қыбырлатып  жатып айтты да естен танды. «Жексенім, қарашығым келдің бе... Әкеңнің шаңырағына бір келін түсір...айналайын келін...»

Сол күні кешке анасы алыстан арып жеткен баласының қолынан бақи дүниеге озды. Жексен анасын жерлес дос жарандарымен бірге, барлық жоралғыларын жасап, ауданның жанындағы қабірге ақтық сапарға аттандырды. Ертеңінде туған ауылына жол тартты.

Сап-сары құмның ішіндегі сағымға малынған өз ауылына табан тіреген мезетте көзімен еңселі жаңа үй іздестіре бастады. Жоқ, сол бұрынғы іргесін құм көмген, жұпыны үйлерден өзге ештеңе де байқалмады.

Жексен осыдан жыл жарым бұрын апасына «мынау қаражатқа жақсы бір үй салғызып, күтуші алып тұра бер, апа!» деп хат жазып, жерлес жігіттен бір сөңке қатталған доллар жіберіп еді ғой. Еңселі үйді қойып өзінің кішкене тамы да көзге шалына қоймады. Жобалап барған кезде көшпелі құмға көміліп, мұржасы ғана қылтиып қалған, үйінің орнын көрді.

Сол жағынан естілген аяқ тықырына жалт бұрылғанда, өзі ес білгенде көрген со қалпынан еш өзгермеген, тісі жоқ ауызынан тілі жылтыңдап сөйлейтін қызыл иек, қылтанақ жоқ қазандай жалтыр басының жарымына баланың былғары кепкісін қондырған, кәрі атандай арса-арса сүйектері көзге ыстық көрші Түменбай шал келе жатыр екен.

Жексенге қарап, ол баяғы бала кезіндей, күнде көріп жүрген кісі секілі барқылдақ зор дауысымен сөйлеп келеді: «Әй, Жексен қайда қаңғырып кеттің! Үй бар, күй бар дейтін мый жоқ па, сенде? Шешең екі ай болды бәлініске түскен. Тамақ жүрмейтін дерт-ау, шамасы... әне, үйің! Үш күн бұрынғы  құмды дауылдың істеп кеткені... Менде шама жоқ, өз үйімді әрең аршып алдым... Әйтеу, екі түйеңе ие болып отырмын.»

Жексен қаусаған қартпен төс  түйістіріп амандасқан кезде, қарияның  өн-бойына мына өтіп жатқан уақыттардың түк әсер етпегені, заманның мүлде өзгергені оның санасына еш жетпегені, алуан оқиғалардың қарттың жандүниесін титтей де өзгертпейтіні таңқалдырды. Бес жасынан бері әбден үйір болған сол мейірімді қоңыр көзден қарияның жап-жарық іші көрініп тұрғандай еді, апасы да осындай сыртынан іші көрінетін ашық еді-ау!..

Көз демекші, қарияның көзі жарқырап тұрғанымен ештеңе көрмейтін секілді көкжиекке бағытталып қимылсыз қатып қалғанын байқады. Сонда ғана, қарияның қолынан ұстап, атасының артына қалқаланып тұрған ақ жұмыртқадай бүлдіршін қызға назары түсті. Күн күйдірген құмды жерде де осындай аппақ қыз болады екен ау!?

Қыздың сұлу күрең жанарлары сағынышқа сағыныш қосқандай телміріп өзіне қарап тұр... Сөйтсе, жасырын тұрған атасының екінші көзі осы әдемі бәйкүнә көздер екен... Ол көрші Жексен ағасын танып атасына сыбырлап сөйлеп тұрғанына ұялғандай жымия күлгенде маржан тістері де қуанышын қоса білдіргендей жарқырады...

Жексен үйін құмнан аршып болып, есігінен кірген кезде көктемнің қысқа адым, қызыл күні құм төбеге қонып, тамның төрт көз шағын терезесінен түскен қызғылт шұғыла ұядай бөлменің ішін толтырыпты. Үй ішіндегі өзіне ес кірген кезден бері көзі әбден үйір болған бұйымдар еш өзгермепті. Айнадай жылтыр басты өзінің көк темір кереуеті баяғы орнында. Тұсындағы қабырғада алты айлық кезінде анасы мен әкесінің ортасында түскен сүйкімді, ескі сурет. Күрең бояулы көне мебіл төсекте қаталып жиналған көрпе-жастықтар да кеше көргеніндей. Терезе тұсындағы өзінің сарғыш  пәнер үстелі де  он жыл бойы сабаққа дайындалған күндерін ешқайда жібермей сақтап қалғанға ұқсайды. Жексенге бір сәт өткен жылдар түп-түгел оралып кеп, осы кеңістікте өзін қарсы алып тұрғандай күй кешті, көзінен аққан жасы ап-ащы боп ерініне  келіп тамды.

Тек, үстел үстінде жатқан жып-жылтыр қара сөңке ғана болашақтан жеткен елеске ұқсайды. Иә, бұл бұрнағы жылы өзінің апасына ақша салып жіберген сөңкесі емес пе?!  Көне дүниелердің ортасындағы өзіне таныс, жалғыз жаңа бұйымға қол созғаны сол еді, сыртан түйенің боздаған зарлы үні құлаққа келді. Жексен көк інгенін жетелеп апасы қайта жетіп келгендей қуанып, сыртқа атып шықты. Салмақтылау қара сөңке сол қолында.

Рас, «бөө... бөө... боо...боо...» есіктің тап көзіне кимелеп келген, көк інгеннің дәл өзі екен. Жексен жануардың момақан үлкен көздерінен ең әуелі өз пішінін көрді, түйенің селтиген екі құлағы мен салбыраңқы ұзын еріндері де өзіне арналған сағынышты білдіргендей. Көк інген артында қалып жете алмай, айналсоқтап қалған тайлағына  мойынын бұрған мезетте құм төбенің ұшар басына күннің дөңгелек қызыл тәжі киіліп,  одан таралған күп-күрең шұғыла пердені жарып, қан-қызыл түйе үйге қарай тайраңдап желіп келе жатты.

Соның ізін ала тіп-тік құм құйыны да ұршықтай зырылдап тайлақты өкшелеп келеді. Жексен қолындағы сөмкесінің ауызын ашқаны сол еді, қатталған жасыл ақшаларды бір көрінбейтін сиқыр қол келіп жұла қашқандай, екіленген құмды желмен ілесіп, күзгі жапырақтай әуеге қарай бытырап, қалықтап  ұшып бара жатты. Жексен бос қалған сөңкені анадайға лақтырып жіберіп, құмды құйыннан ығыстап үйге паналаған екі түйесінің жанына ықтай қалды. Оған апасынан кейін бұ дүниеде қалған ең жақын жан иесі осы екі жануар ғана еді...

***     ***   ***

Одан бері де жылжып аққан дариядай талай күндер өтті... Сарықұм шөлінде түкке тұрмай шашылып жататын түйенің құмалағы қазір Еуразия құрлығынан асып шығыста Жапон, шығыс оңтүстікте Индонезия, батыстағы еуропның кәрі елдерінен де асып, алып мұхиттың арғы жағындағы алпауыт Америка, Оңтүстік Америка елдеріне дейін жетіп қойған-ды.

Гәп құмалақтың құрамында екен, ондай тыңайтқышты ең супертыңайтқыш өндіретін лаборатория да жасап шығара алмайды. Ал, «самопал» жасаудың мәстірі қытайлар да жасай алмайды.

Өйткені, құмалақты сепкен гүлдің өзі жасандылықты әшкерелеп қояды. Себеп, Сарықұм түйесінің құмалағын сепкен бөлме гүлінен «махаббат-құштарлық» деген ерекше ғажап иіс шығаратыны дәлелденіп қойған.

Құмалақ себілген гүлді иіскеген адамның жүрегін ілезде сүйіспеншілік керінейтіні сонша, жаңа ғана керісіп отырған қырсық жігіт келіншегін аялай құшып, аяулы сөздер аузынан ерке самалдай екпіндеп үйлері махаббат мейрамына, құштарлық майданына айналып жүре береді екен. Тіпті, сарықарын апалардың өзі де шалына баяғыдағы еңкілдеп тұратын мейірімі оянып, қабағы түсіп отырған қариясын аялағанда таңданыстан шалы шалқасынан түсетінін новосібірлік  гүл сатушы орыс кемпірлер алғаш жаңалық қып ашқанын Жексен кейін білді.

Құмалағының қалайша алтыннан кем емес бағаға өтіп дүние жүзін шарлап кеткенін түсінген соң, жетім жігіт атақты «Jeksen kumalak» фирмасын үлкейтіп корпорацияға айналдырып, саудаға шығаратын бір киләлық қораптың сыртына «ҚҰШТАРЛЫҚ ҚҰМАЛАҒЫ» деген атауды атақты он тілде жазып, этикеткасына өзінің жалғыз жануар туысы Көк інген мен ботасының суретін салған-ды.

Алайда, Жексен Сарқұмның  айдалада шашылып жататын қу құмалағын адамдардың ақшасын аямай сатып алатындай құнды еткен құпияны біле алған жоқ. Ол апасының өмір бойы тілеп, бәлкім ауырып жатқанда миллион қайтара айтып, ақырғы демінде жалғыз ұлына сыбырлаған әлсіз дауыспен жеткізіп үлгерген «Құлыным, әкеңнің шаңырағына бір келін түсір! Айналайын келінімді!..» деген аманат сөзінің, қазақтың «қара шаңырақты сақтау» дейтін дәстүрінің кереметке айналуы еді.

Күн күйдірген құмды ауылда туды дегенге адам сенбестей аппақ қызды, аты  да сондай Ақсұлуды – Түменбайдың немере қызын Жексен әкесінің шаңырағына келін қып түсірген-ді.

Қазір Сарықұм ауылында тек бір оқиға өткен шақтарды еске түсіреді. Түйенің құмалағынан қыруар ақшаға айналып, соңында желге ұшып құмға қайта шашылып кеткен алғашқы долларды мектеп оқушылары қазір қолы қалт етіп босаса болды іздеп құм кезіп кететін әдет тапқан... Өйтетіні, құм астынан, сексеуіл түбінен тауып алған әлгі долларға қол тисе болды, ол ұсақ күл секілді буға айналып бір ғаламат өткір иістен бір сәтке адамның есі шығып, дүниеге толы қиял қаласының ішіне кіріп кеткендей әсерге бөленеді екен, деген сұмдық сөз ел ішіне тарап кеткен-ді. 2006-05-14.

 

 

«ҚҰШТАРЛЫҚ ҚҰМАЛАҒЫ»  яки  Түйенің құмалағы

(қазіргі әңгіме)

Жексен метроның соңғы аялдамасынан түсе сала, Новосібірдің батыс шетіндегі үлкендеу базарға асыға ұмтылды. Бір-екі қадам жүре бере етігі шаңғыдай тайғанап барып қарға көміле құлады. Көз оты жарқ етіп, құлағы шыңылдады. Қалың қар құм секілді  сусып жайылғанда астындағы құп-құрғақ асфальтқа денесінің тигенін сезді.

Екі жылдан бері Новосібірдің Ғылым Академиясының әдебиет аспирантын оқыған болып жүргенде мұны неғып аңдамаған деші? Көшедегі сусыма қар өз ауылындағы Аралдың құмынан аумайды екен ғой. Қысқы демалыстан кеше ғана келген еді, елдің сағынышы әлі суымаған екен. Мынау қардың құмға ұқсастығы сол сәтте ауылын еске салды.  Іргесін үйме құм басқан, ең шеттегі аласа там үйіне қарай, күн қызыл шапақ жайған кезде екі түйесін айдап, төбешіктен еспе құмды сусылдата сырғанай жүгіретін-ді. Сонда құмнан су-су еткен бір ғажап дыбыс шығатын. Міне, мына қардан да дәл соған ұқсас үн естіледі. Бір уыс қарды алақанына салып көрді. Ә, гәп қайда! Новосібірдің қары ұп-ұсақ құм түйіршіктері секілді екен. Өзі қатқыл әрі сұп-суық...

Жексен базардың әр түрлі заттар сататын бұрышына келді. Экзотикалық  гүл сатқан кемпірлер, іс мәшине, ара-балта, сақал қырғыш, ескі радиоқабылдағыш тағы сондай үй-ішілік көр-жерді алдарына қойып, түтінге ысталған саусақтарына папирос қыстырған шалдар... жабырласып отыр.

Жексен анау күнгі салапан қапшықпен көң сатып отырған тұсты іздеді. Әне, әлгі жас жігіт сол орнында екен. Аты есінде – Орқан. Ұлты алтайлық, түрі қазаққа келеді, тілі де ұқсас. Бұл жігітпен елге кетер алдында апасына емдік май іздеп жүріп танысқан-ды. Жарты кіләдай мөлшердегі қоңыр қошқыл ұнтақ затты сауда үстеліне тізіп қойып сатып тұр. Барып қарады. Тауарнамасында «Супер тыңайтқыш» деп жазылған. «Бұ не?» Қазақша сұрады. Ол жәй тұрғанның өзінде жымиып тұрған кісідей, жымиыңқы көздеріне күлкі үйіріп:

«Қошағаштансың ба? Өз қойларыңның құмалағын танымай тұрсың ба?» деді. Жексен беті ашық қапшықтағы қоп-қоңыр майда ұнтаққа саусағын тигізіп иіскеді.  Қой қораның таңсық иісі мүңкіп қоя берді. «Өй, мынауың кәдімгі көң ғой, бұ неге керек?» Жыртық көз жігіт аңқылдақ екен:

«Ей, бауырым, бұл мына қаладағы гүл өсіретіндерге табылмайтын зат. Мен осында студентпін, қошағаштықпын. Демалыста ауылдан бірнеше мөшек әкеп, жексенбі күндері базарға шығып, қажет ақшамды тауып аламын.» Жексен мына қызыққа мәз-мәйрам болды. «Бір дорбаң қанша тұрады?» «25 рубль» «Мәссаған, бізше бұл бір доллар ғой». «Біз деген қай жер?» «Қазақстанды айтамын» «А, сен қазақстанның қазағысың ба?» Ол таңдана қарап қалды. «Сөйлеуің қошағаштық қазақтардан аумайды ғой?!» «Енді ше, бір қазақ қой. Мен Новосібірдегі академгородкта аспирантпын. Үшінші жылда жүрмін». Орқанмен осылай танысып тұрғанда Жекесеннің басына ой да жоқ бір жаңа идея да ұя сап қойған еді.

Міне, сондағы тосын идеясын іске асыруға келіп тұрған беті. Жексен жиырма кіләдан кем түспейтін жол қапшығынан грек жаңғақтарындай қоңыр-сарғыш жұмыр сопақша нәрселер  салынған мөп-мөлдір дорбашаларын сауда үстеліне шығарып қаз-қатар тізіп қойды. Мөлдір дорбашаның бүйіріндегі қардай аппақ тауарнамаға қан-қызыл әріптермен «Гиперсупер табиғи тыңайтқыш» деп жазылған жазуы кіленттерді отқа үймелеген көбелектей үйірді. Жексен дәл осылай болады деп ойламаған. Өтіп бара жатқандар бұрылып кеп сұрайды: «Не нәрсе?» «Қызылқұм шөліндегі түйелердің құмалағы» «Неге керек бұл?» «Гүлдердің теңдессіз тыңайтқышы. Біреуінің өзі бір түп гүлге бір жыл бойы таусылмайтын шырай береді». Жексен өз тауарын осылайша поэтикалық тілмен әсірелегені кіленттерді арбап алғанға ұқсады. Кез-келгені саудаласа бастайды. «Біреуі қанша тұрады?» «Бір құмалақ бір доллардан» «Неге доллардан?..» «Қазақстанда солай бағаланады» «Ал бізше 25 сом ғой... Түк те емес, кәне маған екеуін бер!» Сәтте, сауда ойламаған жерден осылай басталып, «Кәне маған, үйімде төрт құмыра гүлім бар, төртеуін... бесеуін... алтауын...» деп алушылар жалғаса берді.

Жексен бір ай бойы базарға аптасына екі-үш реттен шығып, елден әкелген жиырмадай кілә шамасындағы құмалағын түгел сатып үлгерді. Келген кездегі құмалақ толы жол қапшығы енді, ресейлік көкала сомдармен толды. Жексен бәрін санап қуанарын да, таңданарын да білмеді. 250 мың рубль! Яғни, 10 мың доллар деген сөз. Сонда Жексен 10 мыңдай құмалақты базарға әр шыққанда жүзден астам кілентке сатып отырған болып шығады. Сауданың қарбаласы мен қызығы тең түсті. Елге құмалақ әкелу үшін әлденеше барып қайтты. Кеште мұршасыз саудадан ұрынып шаршаса да, таң ата базарға деген құлшыныстан жұлқына ұмтылады. Жексен өзін өзі танымай да қалды.

«Құмалақ саудасы» деген бизнесті бұрын-соңды ешкім жасамапты. Қай нәрсенің де алғашқысы таңсық қой. Жексенге енді санаулы құмалақ сатып алатын жеке кіленттер емес, тонналап сұрайтын Новосібірдің гүл өсіретін парниктерінің иелері келе бастады. Сонымен Жексен бірер айда ұсақ сатушыдан үлкен саудагерге айналып шыға келді. Қаттап салған доллары бар сөңкемен Қызылордаға тартты. Баяғыдай пойызбен емес, ұшақпен. Бұрын алты күнде азар жететін ауылына күнбе-күн табан тіреді.

Ертеңінде ауыл ішінде «кедей кемпір» деген лақап атпен аталатын Жексеннің туған үйінің шағын ауласына кап-қап түйенің құмалағы үйле бастады. Алғашында ел сенбеді. «Кедей кемпірдің Новосібірдегі оқитын ұлы келіп, бір мөшек түйенің құмалағын 200 теңгеден сатып алып жатыр» деген хабар желден де тез жедел тарап кеткен. Біреулер шын-өтірігін білу үшін маңайда текке шашылып жатқан түйенің құмалағынан бірер мөшек апарып еді, рас-ей, қолма-қол ақшасын Жексеннен санап алды. Сол, сол-ақ екен кедей кемпірдің үйіне қарай қол арба, есек арба, ат арба, тірәктір, мәшинеге тиелген түйенің қап-қап құмалағы  ал, ағылсын.

Жұрт түкке тұрмайтын түйенің құмалағының аяқ астынан қып-қызыл ақшаға айналғанын сан-сақаға жүгірітіп жатты. Соның өзі тегін жарнама болды. Әйтсе де оның гүлге қажет екенін ешкім тап баса алмаған. Құмалақ көрші ауылдан да келе бастады. Сөйтіп Жексен айналасы бір аптада екі «КамАз»  кұмалақты стансаға жеткізіп, контейнер толы тауарды Новосібірге қарай жөнелтті...

Содан кейін де екі жыл сәйгүліктей зулап өтіп кетіпті. Құмалақ саудасына кіргеннен кейін Жексенге күндер минүттей, айлар сағаттай, жылдар айдай ғана болып қалған. Екі жылдай апасына хабарласуға да қолы тимей кетті. Жексен құмалақ саудасының магнатына айналды. Қазақстандағы түйе өсіретін жердің бәрін де Жексеннің ресми өкілдері жұмыс істеп жатты. Ұзын құлаққа қарағанда жұрт енді әр түйенің артын аңдып жүріп құмалақ жиып алатын болған. Өйткені, Новосібір маңындағы базарда Қызылқұм түйесінің құмалағына деген сұраныс тіпті асқынған. Гүл сатушылардың аузынан: «Қызылқұм түйесінің құмалағына өсірілген» деген жарнама естілсе, ол гүл бір сәтте өтіп кететін. Қазақстаннан жететін көнтейнір-көнтейнір құмалақтардың алды қазір туү шығыстағы Үркіт қаласына да жетіп қойды, деген сөз бар. Осылайша, «Джексен-кумалак» фирмасының табиғи тауары Ресейді шарлап кетті.

Қазір бас деректір Жексенде есеп шоттарын ғана бақылайтын жұмыс қалған. Тасыған өзеннің көбігіндей көпірген көп ақша, өзінен өзі көбейетін фирманың атқарушы деректірлерінің төл қызметіне айналан. Соларға ауызша жөн сілтеудің өзі бастан асатын бейнет жұмыс. Шырылдаған телефон, шиыршықталып шығып жатқан факстер бір толастамайды...

Сондай қарбалас күндердің бірінде Жексенге тілгірәм келіп түсті: «Апаңыз емханада хәл үстінде. Тез келіп жетіңіз. Бас дәргер Үркербаев». Жексен түсінен оянғандай селк етті. Анасының қартайғаны, жалғыз ілік екені, бір күн болмаса да бір күні ажалдың да жетуі кәдік екені  есіне неғып келмеген!?

Ескірген жылдар жалт етіп елестегенде көзінен жас парлады. Жас тамшыларымен ілесе жоғалған уақыттар қайта келгендей. Үш жасында Қарақалпақстаннан апасының арқасына мініп, қазіргі ауылына жетіп еді-ау! Шеттегі шағын жұпыны үйде енесі желкесінен тістеген күшіктей ғып, жан анасы тырбанып өсіріп ер жеткізді. Іздеп келген туыстары бұл жақтан табылмапты. Аштық жылдары ауып барған атасының да, оқыстан қаза болған әкесінің де бейті сол жақта қалған...

Жексенде бұл дүниеде шешесінен басқа кімі бар?! Көкірегінің тереңінен шыққан бала шағының бір сағыныш үні шырқырап кеткендей, апасын көруге жанұшыра асықты. Ұшақтан ұшаққа отырып, ауданның емханасына жеткені сол еді.

Дәрі иісі кеңсірік жарған кең дәлізден  атын атап та, пәмилесін сұрап та анасын іздеп еді, ешкім біле қоймады. Сонсоң, «Сарықұм» ауылын атаған кезде «Ә, әлгі кедей кемпір ме?» деп бір қартаң адам жөн сілтеді.

Жексен осы сәтте, бір жыл бұрын ауылдағылардың қиялына да кірмейтін ақша жіберсе де, апасының әлі күнге сол баяғыдай «кедей кемпір» атанатынына таңырқап қалды. Палатаға кіргенде ақ төсектің ортан белінде ет пен теріге ғана ілініп жатқандай әбден арықтаған анасын, бүтін бойында жалғыз ғана өзгермеген жанарындағы баяғы етене ұшқыннан әзер таныды.

Анасының сөйлеуге әлі қалмаған екен. Кім біледі, бұған дейін іштей мың қайталап, айтсам деген соңғы сөзін, көмекейінен жеткен әлсіз үнмен, икемсіздене кепкен еріндерін болымсыз қыбырлатып  жатып айтты да естен танды. «Жексенім, қарашығым келдің бе... Әкеңнің шаңырағына бір келін түсір...айналайын келін...»

Сол күні кешке анасы алыстан арып жеткен баласының қолынан бақи дүниеге озды. Жексен анасын жерлес дос жарандарымен бірге, барлық жоралғыларын жасап, ауданның жанындағы қабірге ақтық сапарға аттандырды. Ертеңінде туған ауылына жол тартты.

Сап-сары құмның ішіндегі сағымға малынған өз ауылына табан тіреген мезетте көзімен еңселі жаңа үй іздестіре бастады. Жоқ, сол бұрынғы іргесін құм көмген, жұпыны үйлерден өзге ештеңе де байқалмады. Жексен осыдан жыл жарым бұрын апасына «мынау қаражатқа жақсы бір үй салғызып, күтуші алып тұра бер, апа!» деп хат жазып, жерлес жігіттен бір сөңке қатталған доллар жіберіп еді ғой. Еңселі үйді қойып өзінің кішкене тамы да көзге шалына қоймады. Жобалап барған кезде көшпелі құмға көміліп, мұржасы ғана қылтиып қалған, үйінің орнын көрді.

Сол жағынан естілген аяқ тықырына жалт бұрылғанда, өзі ес білгенде көрген со қалпынан еш өзгермеген, тісі жоқ ауызынан тілі жылтыңдап сөйлейтін қызыл иек, қылтанақ жоқ қазандай жалтыр басының жарымына баланың былғары кепкісін қондырған, кәрі атандай арса-арса сүйекті көрші Түменбай шал келе жатыр екен.

Жексенге қарап, ол баяғы бала кезіндей, күнде көріп жүрген кісі секілі барқылдақ зор дауысымен сөйлеп келеді: «Әй, Жексен қайда қаңғырып кеттің! Үй бар, күй бар дейтін мый жоқ па, сенде? Шешең екі ай болды бәлініске түскен. Тамақ жүрмейтін дерт-ау, шамасы... әне, үйің, үш күн бұрынғы  құм дауылдың істеп кеткені... Менде шама жоқ, өз үйімді әрең аршып алдым... Әйтеу, екі түйеңе ие болып отырмын.»

Жексен қаусаған қартпен төс  түйістіріп амандасқан кезде, қарияның  өн-бойына мына өтіп жатқан уақыттардың түк әсер етпегені, заманның мүлде өзгергені оның санасына еш жетпегені, алуан оқиғалардың қарттың жандүниесін титтей де өзгертпейтіні таңқалдырды. Бес жасынан бері әбден үйір болған сол мейірімді қоңыр көзден қарияның жап-жарық іші көрініп тұрғандай еді, апасы да осындай сыртынан іші көрінетін әдемі еді-ау!..

Көз демекші, қарияның көзі жарқырап тұрғанымен ештеңе көрмейтін секілді көкжиекке бағытталып қимылсыз қатып қалғанын байқады. Сонда ғана, қарияның қолынан ұстап, атасының артына қалқаланып тұрған ақ жұмыртқадай бүлдіршін қызға назары түсті. Күн күйдірген құмды жерде де осындай аппақ қыз болады екен ау!? Қыздың сұлу күрең жанарлары сағынышқа сағыныш қосқандай телміріп өзіне қарап тұр... Сөйтсе, жасырын тұрған атасының екінші көзі осы әдемі бәйкүнә көздер екен... Ол көрші Жексен ағасын танып атасына сыбырлап сөйлеп тұрғанына ұялғандай жымия күлгенде маржан тістері де қуанышын қоса білдіргендей жарқырады...

Жексен үйін құмнан аршып болып, есігінен кірген кезде көктемнің қысқа адым, қызыл күні құм төбеге қонып, тамның төрт көз шағын терезесінен түскен қызғылт шұғыла ұядай бөлменің ішін толтырыпты. Үй ішіндегі өзі ес кірген кезден бері көзі әбден үйір болған бұйымдар еш өзгермепті. Айнадай жылтыр басты өзінің көк темір кереуеті баяғы орнында. Тұсындағы қабырғада өзі алты айлық кезінде анасы мен әкесінің ортасында түскен сүйкімді, ескі сурет. Күрең бояулы көне мебіл төсекте қаталып жиналған көрпе-жастықтар да кеше көргеніндей. Терезе тұсындағы өзінің сарғыш  пәнер үстелі де  он жыл бойы сабаққа дайындалған күндерін ешқайда жібермей сақтап қалғанға ұқсайды. Жексенге бір сәт өткен жылдар түп-түгел оралып кеп, осы кеңістікте өзін қарсы алып тұрғандай күй кешті, көзінен аққан жас ерініне  келіп тамды.

Тек, үстел үстінде жатқан жып-жылтыр қара сөңке ғана болашақтан жеткен елеске ұқсайды. Иә, бұл бұрнағы жылы өзінің апасына ақша салып жіберген сөңкесі емес пе?!  Көне дүниелердің ортасындағы өзіне таныс, жалғыз жаңа бұйымға қол созғаны сол еді, сыртан түйенің боздаған зарлы үні құлаққа келді. Жексен көк інгенін жетелеп апасы қайта жетіп келгендей қуанып, сыртқа атып шықты. Салмақтылау қара сөңке сол қолында.

Рас, «бөө... бөө... боо...боо...» есіктің тап көзіне кимелеп келген, көк інгеннің дәл өзі екен. Жексен жануардың момақан үлкен көздерінен ең әуелі өз пішінін көрді, түйенің селтиген екі құлағы мен салбыраңқы ұзын еріндері де өзіне арналған сағынышты білдіргендей. Көк інген артында қалып жете алмай, айналсоқтап қалған тайлағына  мойынынын бұрған мезетте құм төбенің ұшар басына күннің дөңгелек қызыл тәжі киіліп,  одан таралған күп-күрең шұғыла пердені жарып, қан-қызыл түйе үйге қарай тайраңдап желіп келе жатты.

Соның ізін ала тіп-тік құм құйыны да ұршықтай зырылдап тайлақты өкшелеп келеді. Жексен қолындағы сөмкесінің ауызын ашқаны сол еді, қатталған жасыл ақшаларды бір көрінбейтін сиқыр қол келіп жұла қашқандай, екіленген құмды желмен ілесіп, күзгі жапырақтай әуеге қарай бытырап, қалықтап  ұшып бара жатты. Жексен бос қалған сөңкені анадайға ылақтырып жіберіп, құмды желден ығыстап үйге паналаған екі түйесінің жанына ықтай қалды. Оған апасынан кейін бұ дүниеде қалған ең жақын жан иесі осы екі жануар ғана еді...

***     ***   ***

Одан бері де жылжып аққан дариядай талай күндер өтті... Сарықұм шөлінде түкке тұрмай шашылып жататын түйенің құмалағы қазір Еуразия құрлығынан асып шығыста Жапон, шығыс оңтүстікте Индонезия, батыстағы еуропның кәрі елдерінен де асып, алып мұхиттың арғы жағындағы алпауыт Америка, Оңтүстік Америка елдеріне дейін жетіп қойған-ды.

Гәп құмалақтың құрамында екен, ондай тыңайтқышты ең супертыңайтқыш өндіретін лаборатория да жасап шығара алмайды. Ал, «самопал» жасаудың мастрі қытайлар да жасай алмайды.

Өйткені, құмалақты сепкен гүлдің өзі жасандылықты әшкерелеп қояды. Себеп, Сарықұм түйесінің құмалағын сепкен бөлме гүлінен «махаббат-құштарлық» деген ерекше ғажап иіс шығаратыны дәлелденіп қойған.

Құмалақ себілген гүлді иіскеген адамның жүрегін ілезде сүйіспеншілік керінейтіні сонша, жаңа ғана керісіп отырған қырсық жігіт келіншегін аялай құшып, аяулы сөздер аузынан ерке самалдай екпіндеп үйлері махаббат мейрамына, құштарлық майданына айналып жүре береді екен. Тіпті, сарықарын апалардың өзі шалына баяғыдағы еңкілдеп тұратын мейірімі оянып, қабағы түсіп отырған шалын аялағанда таңданыстан шалы шалқасынан түсетінін новосібірлік гүл сатушы орыс кемпірлер алғаш жаңалық қып ашқанын Жексен кейін білді.

Құмалағының қалайша алтыннан кем емес бағаға өтіп дүние жүзін шарлап кеткенін түсінген соң, жетім жігіт атақты «Jeksen kumalak» фирмасын ашып, саудаға шығаратын бір киләлық қораптың сыртына «Құштарлық құмалағы» деген атауды атақты он тілде жазып, этикеткасына өзінің жалғыз жануар туысы Көк інген мен ботасының суретін салған-ды.

Алайда, Жексен Сарқұмның айдалада шашылып жататын қу құмалағын адамдардың ақшасын аямай алатындай құнды еткен құпияны біле алған жоқ. Ол апасының өмір бойы тілеп, бәлкім ауырып жатқанда миллион қайтара айтып, ақырғы демінде жалғыз ұлына сыбырлаған әлсіз дауыспен жеткізіп үлгерген «құлыным, әкеңнің шаңырағына бір келін түсір!» деген аманат сөзінің, қазақтың «қара шаңырақты сақтау» дейтін дәстүрнің кереметке айналуы еді.

Күн күйдірген құмды ауылда туды дегенге адам сенбестей аппақ қызды, аты  да сондай Ақсұлуды – Түменбайдың немере қызын Жексен әкесінің шаңырағына келін қып түсірген-ді.

Қазір Сарықұм ауылында тек бір оқиға өткен шақтарды еске түсіреді. Түйенің құмалағынан қыруар ақшаға айналып, соңында желге ұшып құмға қайта шашылып кеткен алғашқы долларды мектеп оқушылары қазір қолы қалт етіп босаса болды іздеп құм кезіп кететін әдет тапқан... Өйтетіні, құм астынан, сексеуіл түбінен тауып алған әлгі долларға қол тисе болды, ұсақ күл секілді буға айналып бір ғаламат өткір иістен бір сәтке адамның есі шығып, дүниеге толы қиял қаласының ішіне кіріп кеткендей әсерге бөленеді екен, деген сұмдық сөз ел ішіне тарап кеткен-ді.

Абай Мауқараұлы 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511