Дүйсенбі, 9 Желтоқсан 2019
1326 1 пікір 6 Қыркүйек, 2019 сағат 11:57

Путин Украинамен тұтқындар алмасу жайында пікір білдірді

Ресей президенті Владимир Путин Владивостокта Шығыс экономикалық форумында Мәскеу мен Киевтің тұтқындар алмасу туралы келіссөзіне байланысты пікір білдірді.

Путин тұтқындар алмасуды "көлемді жоба" екенін айтып, бұл екі елдің қарым-қатынасының жақсаруына "жақсы қадам" болады деп атап өтті.

Бірақ тұтқындар алмасатын уақытты нақты айтпады. "Интерфакс" агенттігі мәліметіне қарағанда, алмасу 7 қыркүйекте өтуі мүмкін.

Украина президенті Владимир Зеленский жақын арада келіссөздердің алғашқы нәтижесі болатынына үміт артты.

30 тамызда Ресей мен Украина тұтқындарды алмастыру бойынша бір-біріне кереғар ақпараттар тарай бастаған. Кейін бұл мәліметтер терістелді.

Өткен айдан бастап екі ел тұтқындар алмастыру бойынша жиі келіссөздер өткізе бастады.

Abai.kz

1 пікір