Жұма, 29 Наурыз 2024
3515 1 пікір 13 Қыркүйек, 2019 сағат 12:31

Қазалыда тұңғыш рет жүрек қан тамырларына ота жасалды

Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы ауданаралық ауруханада тұңғыш рет «Ангиограф» аппаратының көмегімен жүрек қан тамырларына ота жасалды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Облыстық медицина орталығының рентген-эндоваскулярлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Исмаиловтың жетекшілігімен 4 науқасқа күрделі өтті. Сондай-ақ, операция үстінде білікті маман аудандық аурухана дәрігерлері Кенесары Баспаев, Аян Қазиұлы, фельдшер Қаскырбай Молдабаев, мейіркеш Әлия Сүлейменова, рентген лаборант Ғалымжан Жайылқановтарға бар білгенін үйретті.

Ауруханаға алынған «Ангиограф» медициналық аппараты мемлекеттік жекеменшік әріптестік «Medtronik» ЖШС арқылы іске қосылған. Бұл заманауи құрылғы елімізде аудандық деңгейде алғаш рет Қазалыда орнатылып отыр. Осы аппараттың көмегімен дәрігерлер Арал, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Жеңісбек Советұлы «Дәрігерлер Нұрлан Алмат, Кенесары Баспаев, Аян Қазиұлы А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығынан қайта даярлау курстарынан өтіп, білімдерін жетілдірді. Мұнан соң олар облыстық медицина орталығының жұмыс орны есебінен тәжірибе алмасты» деп атап өтті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590